..."/>
ЗЕРТТЕУ

Әр қыздың өз биігі бар


01

 

Басқа басқа қазақ халқы қыз баланы қонағындай күтіп, аялап өсірген. Анасы мен жеңгелері қызға өнегелі келін, адал жар, аяулы ана болудың қыр-сырын үйретуді алдарына мақсат етіп қойған. «Қыз – жат жұрттық» деп ұққан қазақтар қыз бала дүниеге келе сала жасауын әзірлеп, жабдығын бөлек жинайды. «Барған жеріңе балдай батып, судай сің» деп құлағына құйып отырған. Ал бұл өсиет сөздер қыз баланы өзі келін болып баратын шаңырақтың берекесі мен бірлігін арттырып, ұйытқысы болуға міндеттейтіндей.

Сондықтан да ата-бабамыз қызға қырық үйден тыйым салып, тәрбиеге терең мән берген. Үлкеннің жолын кесуден, жарыса сөйлеп, жағаласудан, дарақы күлкі мен бейәдеп әрекеттерден тыйып, әдептілікке, инабаттылық пен имандылыққа үндеген. Ашық-шашық жүруден тыйып, талтайып отырудан, ерсілі-қарсылы жүрістен, жағымсыз қылықтан бойын аулақ салуды бұйырған.

Кешегі Кеңес үкіметі кезіндегі «құдайсыз қоғамның» кесірінен бүгінде ашық-шашық киінетіндердің көбейгені өкінішті-ақ. Біле білсек, қызға қойылар қырық тыйымның негізгісі де – әурет жерін жабық ұстап, ашық-шашық жүрмеу емес пе еді?!

Ал бүгінгідей ақпарат ағыны қарқын алған шақта ашық-шашық жүрмей-ақ та басқаларды мойындатудың жолы көп-ақ. Себебі дәл қазір оған қажетті оқулық та, мәлімет те жеткілікті.

Біздің тілеріміз қазақ қыздары өзінің тәрбиесімен, иманы, ақылымен өз биігінде қала берсе…

Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы арулар!

Фото: Сарсенбек Қызайбекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля