..."/>
ЗЕРТТЕУ

Шымбұлақтың шыңы

01 (1)

Алатаудың жауһар тәжіне баланған «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайы алпыс жылда (іргетасы 1954 жылы қаланған) Алматының ғана емес, күллі Орталық Азияның брендіне айналып үлгерді.

02 (1)

Соңғы 5-6 жылда Шымбұлаққа барған адамдар санының жыл сайын 10 пайызға артып отыруы халықтар арасында оның танымалдығы арта түскенін көрсетсе керек. Оған дәлел ретінде айта кетейік, өткен жылы бұл шипажайға келген демалушылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, жарты миллионнан асып түскен. Келген қонақтардың 75 пайызын қазақстандықтар құраса, қалған 25 пайызы 64 елден келетін шетелдіктер үлесінде.

03 (1)

«Шымбұлақ» теңіз деңгейінен 2200-2500 метр биіктікте орналасқан ерекше кешен. Оның аумағындағы орташа температура жазды күндері +18°С, қыста – 9 °С аралығында сақталатындықтан демалушылар үшін өте қолайлы, әрі жұмсақ болып табылады. Онда шаңғышыларға арналған халықаралық FIS стандарына сәйкестендірілген жолдардың ұзындығы 30 шақырымнан асса, сноубордшыларға арналған half-pipe, кәсіпқойларға арналған қауіпті оралымдар мен могулға бейімделген арнайы жолдар да бар.

04 (1)

Шымбұлақтың басқа тау шаңғы шипажайларынан басты ерекшелігі ондағы қар қабаты жылдың 300 тәулігінде айрықша – құрғақ, таза әрі жеңіл болатындықтан жылдам сырғанауға мүмкіндік береді.

Фото: Досжан Балабекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля