..."/>
ЗЕРТТЕУ

Куба, құшағыңды аш!

Алда қандай өзгерістер болары бәрін алаңдатады. 40 жылдан кейін алғаш рет биылғы мамырда америкалық саяхат кемесі Гавана бұғазына жүзіп келді.

Алда қандай өзгерістер болары бәрін алаңдатады. 40 жылдан кейін алғаш рет биылғы мамырда америкалық саяхат кемесі Гавана бұғазына жүзіп келді.

ӨЗГЕРІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЕЛ

«Қырғи-қабақ соғыста» «ата жауына» айналған АҚШ-пен арадағы қатынасы түзелгелі бері Кубаға туристер ағылуда.

Авторы: Синтия Горни

Фото: Дэвид Гуттенфельдер

Куба елін ең алғаш рет дүйсенбінің таңында, күн ұясынан шыға салысымен тамашаладық. Аралдың бір шетінен екінші шетіне дейін 1300 шақырым. Бір сәт түрлі түске еніп, сан құбылған көкжиекке куә болдық.

Сосын алқызыл аспан астынан төбелердің сұлбалары байқала бастады. Ал содан кейін үйлердің шатырларын көрдік. Сопақша пішінді. Бәлкім, күмбез болар.

Кеменің үстіңгі палубасы түсірілім тобының мүшелеріне лық толы болды. Қалғанымыз астыңғы палубаның жақтауына қарама-қарсы иін тіресіп тұрдық. Әлдекім Куба мен Американың жалаушаларын тарата бастады. Таза ауа жұтып, үйдің қым-қуыт тірлігінен бой жазғысы келетіндерге демалыс орны қызметін атқаратын бөгет және жаяу жүргіншілер жолы – Малеконды көруге мүмкіндік туды. Кубалықтар Малеконға әдетте мамыражай қоңыр кештерде келеді. Ал бұл жолы басқаша болды. Таңғы сағат тоғызда иін тірескен адамдар жалаушаларын желбіретіп, қол бұлғап қарсы алды. Ал, қош келдік!

Келетін кезімізде не күтерімізді білмедік. Жексенбі күні түсте Майамиден шыққанда Кубаға қырық жылға жуық уақыт бойы қатынаған ең бірінші АҚШ саяхат кемесі «Кастроға» қарсы әрекет бастауы мүмкін деген сыбыс тарады. Бірақ кеменің сыртына қызыл бояумен айшықтап жазылған «Democracia» сөзі бейбіт мақсатты білдіретін. Ал Гаванаға келгенімізде тұрғындар бізді сырнайлатып-кернейлетіп қарсы алды. Жолаушы кемелерге арналған айлаққа тоқтаған соң, ақша айырбастау пунктінің қызметкері екеуміз терезеден бар дауыспен айғайлап, испанша біраз тілдестік:

– Мұнда ылғи осылай шулап жата ма?

– Не?

– Бәрі дауылпаздатып, әндетіп, билеп жүр. Олар

кемелерді ылғи осылай қарсы ала ма?

– Не?..

Сосын ол маған қаламсап берді. Түбіртектің артқы бетіне «МҰНЫҢ БӘРІ АМЕРИКАЛЫҚТАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕ?» деп жаздым. Ол басын шұлғып, көңілсіз жымия салды да, көзін бір төңкерді. Бишілер ансамблі аяқтарына биік өкшелі туфли, үстеріне Куба елінің туы бейнеленген шомылу киімін киген, ал шашына күміс түстес жұлдыздар жабыстырған әйелдерден құралған еді. Екеуі кемеден түсіп келе жатқан шолақ шалбар киген ер адамның алдында бір-бірін құшақтап, майысып, керіле бастады. Осы сәтте пункт қызметкерінің түрі бұзылып кетті. Меніңше, ол бұны жақтырмаған сияқты. Сосын ол көзін төмен салып, песоларды санауға кетті. Мемлекеттік тумен омырауларын жапқан жергілікті сылқымдардың ұялы телефонға түсірілген суреттері көз ілеспес жылдамдықпен тарап, жағымсыз жағдай тудыруы мүмкін еді.

Гаванадағы Малекон бөгетінен АҚШ-тың ең жақын нүктесі шамамен 145 шақырымда орналасқан. Айлаққа келіп тоқтаған америкалық кемені тамашалаған кубалықтар таңданысын жасырмайды.

Гаванадағы Малекон бөгетінен АҚШ-тың ең жақын нүктесі шамамен 145 шақырымда орналасқан. Айлаққа келіп тоқтаған америкалық кемені тамашалаған кубалықтар таңданысын жасырмайды.

Хавьер мен Лидия: «ДОСТЫМ! КЕЛ, БІЗДІҢ ОРТАМЫЗҒА ОТЫР», – деп өтінді. Олар айлақ маңындағы тозығы жеткен гаваналық үйдің тұрғындары болатын. Лидия жаңалықтардан өздері тамашалауға келген тарихи кеме жайлы көп естіпті. Олар қармақ бау мен жемге деп біраз асшаян етін әкеліпті. Мені қастарына шақырғанда екеуі адамға лық толы бөгеттің үстінде балық аулап, айлаққа тоқтаған кемеден көз алмай қарап отырды.

Планшеттері мен смартфондарын құшақтаған кубалықтар Adonia кемесінің қасында суретке түсуге жанталасып, бәрімізді қаумалап алды. Бүкіл Гавана жағалауында біздің кемеміз ең үлкен нысан ретінде көзге түсті. Судың үстінен кеменің тоғыз бөліктен тұратынын байқадық. Әрқайсының иллюминаторы және табақ шынылары бар (қателеспесем, фотограф Дэвид Гуттенфельдер екеуіміз апта бойы қапталындағы төртінші бөлікте орналасқан бөлмелерде тұрдық). Осынау аппақ алып кеме кубалықтарға «Америкалықтар келе жатыр! Жан-жақты дайындалыңдар!» деген жазуы бар жарнама тақтасындай болып көрінген шығар деп ойладым.

Майамиден Кубаға жасалған таныстырылым-сапардың ерекшелігін және тарихи маңызын қазіргі көрінісі мен алдағы болашағына қарап бағамдауға болады. Саяхат кемелері Кубаға таңсық емес. Өзге елдердің туларын желбіретіп жүрген теңіздегі «алып қонақүйлер» ондаған жылдар бойы сан мәрте сапарлады. Жалпы, Куба елінде туризм әуелден жақсы дамыған.

АҚШ эмбаргосы бойынша, азаматтарына әлі күнге дейін Кубаға «туристік демалысқа» баруға тыйым салынса да, бес жылдан бері америкалықтар көптеп келе бастаған. Тіпті, 2014 жылдың желтоқсанында дипломатиялық қарым-қатынасты жаңарту туралы жасалған хабарландыруға дейін Обама әкімшілігі кубалықтар үшін маңызы зор, күннен-күнге дамып келе жатқан екі ел арасындағы танымдық сапарларды құптаған болатын. Кубада ром ішіп, күні бойы жағажайда жатқанша, ішімдік жасаушылардың балаларына скрипка тартуды үйрететін музыкалық мектепке баруға болады. Ескі Гавананың қайта жөнделген әдемі көшелері мен жекеменшік мейрамханаларда гидтің соңынан топталып ілесіп жүрген америкалықтарды көру үйреншікті жағдайға айналды.

Ал билік биылғы жылдың наурыз айында «америкалықтар эмбарго ережелерін сақтауға уәде берген жағдайда өз беттерінше саяхаттай алады» деп мәлімдеді. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта АҚШ үкіметінің қолдауымен ашылған «Starwood Hotels and Resorts» желісі кубалық үш бірдей қонақүйді басқаратынын мәлімдеді. Компания өкілі маған: «Бұл – Гаванадағы сән-салтанат нарығының бастамасы», – деді. Кубаға тұрақты кестемен ұшатын алғашқы әуе кемесі тамыздың соңында сапарға шықты. Тіпті, оның алдында Флоридадан ұшатын чартерлік рейстердің жиі болғаны сонша, Майами халықаралық әуежайындағы ұшу кестесінен «Сьенфуэгос, Куба» деген жазуды көруге болатын еді.

Гавананың қираған ғимараттары туристерді өзіне тартып тұрады. Гаридад Гонзалестің 82 жастағы анасы, өзге де отбасы мүшелері осы екі қабатты үйде тұрады. Ғимарат қирап қалған әрі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қала тұрғындарына мұндай жағдай таңсық емес.

Гавананың қираған ғимараттары туристерді өзіне тартып тұрады. Гаридад Гонзалестің 82 жастағы анасы, өзге де отбасы мүшелері осы екі қабатты үйде тұрады. Ғимарат қирап қалған әрі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қала тұрғындарына мұндай жағдай таңсық емес.

Сьенфуэгос Кубаның ірі қалалары қатарына да жатпайды. Бүгінде мұнда халықаралық әуежай мен саяхат кемелеріне арналған айлақ орналасқан және ол жер шарын айнала жүзген Adonia кемесі тоқтайтын үш аялдаманың екіншісі болды. Дэвид екеуіміз апта бойы кеменің іші-сыртында жолаушылардың соңынан ілесіп жүрдік. Олар Adonia-ны қалай зерттесе, біз де кубалықтардың тыныс-тіршілігіне қызығушылық таныттық. Сьенфуэгос сияқты шағын қалаларды түгел аралауға бір мезетте жеті жүз турист аттанды. «Бәрі өзгереді. Тек бірте-бірте, – дейді жергілікті тұрғын Хавьер. – Осыдан көр де тұр. Бұл өзгеріс бүкіл елімізге оң әсерін тигізеді. Бәрі ойдағыдай болады».

ӨНІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ, СЬЕНФУЭГОС: Америкалық туристер сыртта нық басып өтіп бара жатқанда көкөніс сатушы Йанет оларға таңдана қарап тұрды. Кейбірі тоқтай қалып, жайма сөреге ұзақ қарап тұрады немесе суретке түсіреді. Олар кемеде түнейді. Мейрамханаларда тамақтанады. Йанеттен ештеңе сатып алмайды. Гавана. Ірі жер иеленуші Сеньора Марта саяхат кемесіндегі жолаушылардан ешқандай пайда көрмейтінін айтады: «Америкалықтар келе берсін! Тек ешқайсысына су жүйесін жекешелендіруге жол бермеңдер!» Сантьяго-де-Куба. Кезінде инженер-құрылысшы болған Хорхе бүгінде ресейлік ескі «Лада» көлігімен туристерді тасиды. Себебі, мемлекеттік қызметіне қарағанда осы жұмыстан көбірек ақша табады. Адамдардан «туристер нөпірі ақыр соңында есірткі саудасын қыздырып, күштеу мен жезөкшеліктің жайылуына әкеп соғады» деген сөзді көп еститінін айтады. «Мен олай ойламаймын. Үкіметімізге, құндылықтарымызға және америкалықтардың адамгершілік қасиеттерін сақтайтынына кәміл сенемін», – дейді ол.

Кубада resolver сөзінің маңызы ерекше. Жергілікті халықтың түсінігі бойынша, ол «бүгінгі Кубаның күрмеуі қиын мәселелерін ептілікпен шешіп, тапқырлық танытады» дегенді білдіреді. Қарапайым азаматтардың арасында бұл ұстаным ұлттық мақтаныштың белгісі есептеледі. Посткеңестік кеңістіктің жойылғанына, басқару жүйесінің әлсірегеніне, министрліктердің дағдарып қалғанына және АҚШ-тың ұзақ мерзімді эмбаргосына қарамастан көпшілік қиындыққа қарсы тұрып, қайсарлық танытты.

Adonia кемесі Гаванаға келіп тоқтағанда бүкіл айлақта ине шаншар орын болмады. Кубалықтар америкалықтарды рок жұлдыздарын қарсы алғандай күтіп алды. Кемеден түскен жолаушылармен қол алысып жүрген бір ер адам «АҚШ-тан қатынайтын кеменің болғаны бір ғанибет! Жасым 50-де. Мұндайды өмірімде көрмеппін», – деді.

Adonia кемесі Гаванаға келіп тоқтағанда бүкіл айлақта ине шаншар орын болмады. Кубалықтар америкалықтарды рок жұлдыздарын қарсы алғандай күтіп алды. Кемеден түскен жолаушылармен қол алысып жүрген бір ер адам «АҚШ-тан қатынайтын кеменің болғаны бір ғанибет! Жасым 50-де. Мұндайды өмірімде көрмеппін», – деді.

Сонымен қатар кубалықтар туристерді көзайым қылу үшін емес, ескі машинаны оталдыру үшін бөлшектейді. Туристер легі жақындаған сәтте құбылмалы кезең басталады. Кубаның туризм жүйесіндегі кереғар жағдайлар осындай кездері ушығып кетеді. Америка эмбаргосы немесе Куба коммунистік партиясы кінәлі деген ойды бір сәтке ұмытыңыз. МакДональдс атымен жоқ. Ол рас. Социализм мен үлгілі тәртіпті дәріптейтін билбордтардан басқа ешқандай тақта жоқ. Туристер кітапшасында «уақытқа бағынбаған» және «ұзақ уақыт тыйым салынған» деген сөздер жиі кездеседі. Сәулетші Мигель Коюла маған: «Кубаға келуді жоспарлап жүрген америкалықтардың 99 пайызы да осыны айтады. Олар Гавананың қалай өзгеретінін тап қазір көргісі келеді», – дейді.

Коюла бұны әзілдеп «Юр дәуірінің саябағы» деп атайды. Ол туризмге қарсы емес. Америкалық туристерді Кариб теңізіндегі ең үлкен аралдың туриндустриясын дамытушы күш деп есептейді. Туристердің шектен тыс махаббаты ол үшін үйреншікті жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, Adonia Кубаға тұмсық тіреген сәтте бір топ академик пен мемлекеттік қызметкерлер «Turismo Sostenible y Responsable (Тұрақты және жауапты туризм)» атты жиында пікір алысып жатқан болатын. Тұсаукесердің ішінде туристер легінің, дәлірек айтсақ, төрт бірдей кемеден ағылған туристердің Испания қаласын басып алып, жергілікті тұрғындарға қолайсыздық тудырғаны туралы «Қош бол, Барселона!» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Ашуға булыққан тұрғындардың бірі: «Бұл оларға көңіл көтеретін тақырыптық бақ емес», – деп шағымданған көрінеді.

5465454

АҚШ-тан 145 шақырым жерде орналасқан ірі жағажайды бұлай салыстыру қисынға келмейді. Бүгінде Кариб теңізінде қатынап жүрген кемелердің бірқатары Adonia сияқты жолаушыны алты есе көп тасымалдай алады. Кеменің иесі – «Carnival Corporation» компаниясы. Ол Кариб теңізіне қызығатын кез келген америкалық туристік компания сияқты Кубаға саяхат ұйымдастырады (оның ішінде National Geographic туристік экспедициялары да бар). Кеме бортында «Carnival» қызметкерінен Кубадағы туризмнің даму мүмкіндігі қаншалықты жоғары екенін сұрадым. Ол былтыр «Carnival» кемелерінің аумағы 17,4 шаршы шақырымды құрайтын Гранд-терк аралына миллионға жуық турист жеткізгенін айтты. «Ал Куба одан жүздеген есе үлкен. Жауабын осыдан-ақ бағамдай беріңіз», – деді.

Осыған дейін Wi-Fi-дың шектеулігі кубалықтардың наразылығын тудырған. Ал әр қалада бір сағаттық карточкамен ғаламторға кіруге мүмкіндік беретін Гавана Плаза сияқты интернет-кафелер бар. Әрқайсысы 49 песо тұратын карточка жалақыға күнелткендер үшін әлі де қымбат. Десе де, келушілер қатары азаяр емес.

Осыған дейін Wi-Fi-дың шектеулігі кубалықтардың наразылығын тудырған. Ал әр қалада бір сағаттық карточкамен ғаламторға кіруге мүмкіндік беретін Гавана Плаза сияқты интернет-кафелер бар. Әрқайсысы 49 песо тұратын карточка жалақыға күнелткендер үшін әлі де қымбат. Десе де, келушілер қатары азаяр емес.

Қаржыгерлердің пайымдауынша, уақыт өте келе, мұнда жылына, кем дегенде үш миллион америкалық турист келеді. Кубаның 11 млн. халқы бар. Тұрғындар балаларына құрғақ сүттің жеткілікті болуын, дәретханадағы тазалық және балкондардың опырылып кетпеуін қамтамасыз етуді ойластыруда. Кубалықтар тұрмыс жағдайын көтеру үшін америкалықтарды қандай жолмен тартпақ?

«Мен бұл жөнінде көп ойландым, – дейді туризмге қатысты жиынды ұйымдастырған Гавана университетінің профессоры Рафаэль Бетанкур. – Қауіп қашанда бар. Алайда мен оптимистпін. Салт-дәстүріміздің, мәдениетіміздің, өзіндік тарихымыздың барына сенемін».

Сонымен қатар ол Куба мемлекетінің туы бейнеленген шомылу киімі жөнінде ойын білдірді. Жан-жаққа тараған суреттер наразылық тудырмай қоймады. Бұл жағдай Куба елінің ар-намысын жерге таптау және қоғамдық орында әдепсіздік таныту деп бағаланды. Публицистер кез келген мемлекеттің туына құрметпен қарау керектігін жазды. Vergüenza, яғни ар-ұят хақында сөз қозғаған ұлтшыл жазушы – Николас Гильен 1930-жылдары, Куба революциясынан бірталай жыл бұрын ақша табу үшін америкалықтар мінген кемелерге барып, маракас сылдырмағын қағып ақша табатын жағымпаздарды сынайтын поэма жазған екен.

Бетанкурдан әлгі эссе туралы сұрағанымда күрсініп, таныстарының ешқайсысы шомылу киімін киген бишілерге ашуланбағанын айтты. «Олар бұны Куба туын жерге таптау үшін істеген жоқ. Бүкіл елді шулату қонақжай, қызуқан, биге құмар кубалықтардың бірінің идеясы шығар. Мұқият болайық. Біреудің ар-намысына тиюге жол бермейік», – деді ол.


МАРК ТИССЕН, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

МАРК ТИССЕН, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

2012 жылы Синтия Горнидің «Бүгінгі Куба» мақаласы жарық көрді. Бұл оның Кубаға жасаған төртінші сапары болатын. Алайда ол Дэвид Гуттенфельдердің Adonia кемесіндегі жатын бөлмеде терезе жоқ екенін айтты.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля