..."/>
ЗЕРТТЕУ

Еуропаның жаңа бейнесі

MM8472_160312_046937

MM8472_151213_008094

Өткен жылы кәрі құрлыққа Сирия, Ауғанстан мен Ирактан қашқан миллионнан астам босқын келді.

Биыл тағы жүздеген мың адам жөңкіліп келмек, сөйтіп құрлықты саяси тұрғыдан сілкіндіріп, мәдени бірегейлігіне қатер төндіріп жатыр.

Алжирліктер Францияға оның колониясы болып тұрған тұста ауған. 1990 жылдардан бері азаматтық соғыстан қашқан 40 мыңға тарта сомалилік Швецияға көшті. Британияның бұрынғы колонияларынан келген үш миллионға жуық оңтүстіказиялық азаматтың арасында үнділер де бар. Германияда да сонымен шамалас түріктер тұрады. 1960-70 жылдары уақытша жұмыс істеуге барған олар үйлібаранды болып, сонда қалып қойған.

«Мұнда жағдайымыз тәуір, бізді жақсы қарсы алды, бірақ сонда да кері қайтуымыз керек», – дейді осыдан екі жыл бұрын Сириядан қашып келген 16 жанды әулеттің отағасы, 88 жастағы Абед Мұхаммед әл-Хадер мырза. Биыл ақпанда басқа 1500 босқынмен бірге Берлинге келген оларға Олимпиада стадионының маңындағы гимназиядан уақытша баспана берілді.

«Мұнда жағдайымыз тәуір, бізді жақсы қарсы алды, бірақ сонда да кері қайтуымыз керек», – дейді осыдан екі жыл бұрын Сириядан қашып келген 16 жанды әулеттің отағасы, 88 жастағы Абед Мұхаммед әл-Хадер мырза. Биыл ақпанда басқа 1500 босқынмен бірге Берлинге келген оларға Олимпиада стадионының маңындағы гимназиядан уақытша баспана берілді.


Германиядағы сириялықтар

«Олар нацистер сияқты арабтарды жек көреді», – дейді 11 жасар Обада (сол жақта). Мұнда оның сегіз жасар қарындасы Байласан мен 10-дағы інісі Амер де бар. Байласан Берлиндегі мектебін жақсы көреді, мұғалімі оны «ақылды қызсың» деп мақтайды. Бірақ оның әкесі әлі Сирияда, бұл оны сағынып жүр.

«Олар нацистер сияқты арабтарды жек көреді», – дейді 11 жасар Обада (сол жақта). Мұнда оның сегіз жасар қарындасы Байласан мен 10-дағы інісі Амер де бар. Байласан Берлиндегі мектебін жақсы көреді, мұғалімі оны «ақылды қызсың» деп мақтайды. Бірақ оның әкесі әлі Сирияда, бұл оны сағынып жүр.

«Сапар кезінде қызымды осылай көтердім», – дейді 10 жасар қызы Фараны көтерген дамаскілік көше сыпырушы Мұхаммад Жумма. Бұл фотоны түсіріп жатқанда оның әйелі мен баласы Грекияда қалып қойған еді. Жумма қазіргі аласапыранның тезірек аяқталғанын қалайды.

«Сапар кезінде қызымды осылай көтердім», – дейді 10 жасар қызы Фараны көтерген дамаскілік көше сыпырушы Мұхаммад Жумма. Бұл фотоны түсіріп жатқанда оның әйелі мен баласы Грекияда қалып қойған еді. Жумма қазіргі аласапыранның тезірек аяқталғанын қалайды.

«Мұндағы жұрт нағыз еркіндікте өмір сүреді, ризамын», – дейді 53 жастағы Акрам Коужер Германия туралы. Ұлты күрд Коужер Сириядағы үйін және джинсы фабрикасын тастап қашуға мәжбүр болған, себебі оның отбасына қауіп төнді.

«Мұндағы жұрт нағыз еркіндікте өмір сүреді, ризамын», – дейді 53 жастағы Акрам Коужер Германия туралы. Ұлты күрд Коужер Сириядағы үйін және джинсы фабрикасын тастап қашуға мәжбүр болған, себебі оның отбасына қауіп төнді.

«Ресей әскери күштері түсте, ал коалиция түнде бомбалайды», – дейді 36 жастағы Яссер. Оның Берлиннен пана тапқан туыстары камерадан жасқанады, себебі жақындары Раққа қаласында ДАИШ-тың құрамына кіріпті.

«Ресей әскери күштері түсте, ал коалиция түнде бомбалайды», – дейді 36 жастағы Яссер. Оның Берлиннен пана тапқан туыстары камерадан жасқанады, себебі жақындары Раққа қаласында ДАИШ-тың құрамына кіріпті.


Франциядағы алжирліктер

«Алты-жеті жаста едім, кемсіту мектепте басталды», – дейді 66 жастағы жазушы Патрисия Фатма Хойч. Оның анасы француз, ал әкесі (фотода) Алжирдің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткер болған. Ол өмірінің біраз бөлігін Францияда өткізді. Балалары да осында өсті. Бірақ ол Алжирде жерленгісі келеді.

«Алты-жеті жаста едім, кемсіту мектепте басталды», – дейді 66 жастағы жазушы Патрисия Фатма Хойч. Оның анасы француз, ал әкесі (фотода) Алжирдің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткер болған. Ол өмірінің біраз бөлігін Францияда өткізді. Балалары да осында өсті. Бірақ ол Алжирде жерленгісі келеді.

«Орамалды үнемі тақпаймын. Университеттен шығып, мешітке бара жатқанда ғана жабам», – дейді 23 жастағы Икрам Чахми-Гейдене. Терроризмнен қашқан отбасы оның сегіз жасында Парижге бас сауғалапты. Ол өзін үйінде жүргендей қауіпсіз сезінеді.

«Орамалды үнемі тақпаймын. Университеттен шығып, мешітке бара жатқанда ғана жабам», – дейді 23 жастағы Икрам Чахми-Гейдене. Терроризмнен қашқан отбасы оның сегіз жасында Парижге бас сауғалапты. Ол өзін үйінде жүргендей қауіпсіз сезінеді.

«Жүз пайыз француз, жүз пайыз алжирлік бола алатын сияқтымын», – дейді 10 жасар Массил Мозаоуи (оң жақта). Сегіздегі інісі Ілияс та мұнымен келіседі. Анасы француз, әкесі Франция азаматтығын алған алжирлік отбасы Парижде өмір сүреді.

«Жүз пайыз француз, жүз пайыз алжирлік бола алатын сияқтымын», – дейді 10 жасар Массил Мозаоуи (оң жақта). Сегіздегі інісі Ілияс та мұнымен келіседі. Анасы француз, әкесі Франция азаматтығын алған алжирлік отбасы Парижде өмір сүреді.

«Бұл ел қонақжайлығымен ұнайды. Олар босқындарды құшақ жая қарсы алады», – дейді 32 жастағы Мұхаммед Әли Осман. Ол 2012 жылы Швецияда жүрген әйеліне келіп қосылған. «Бұл елде жұмыссыз жүру өте қиын, ал жұмыс табуға тілді білмеу кедергі болады», – дейді ол.

«Бұл ел қонақжайлығымен ұнайды. Олар босқындарды құшақ жая қарсы алады», – дейді 32 жастағы Мұхаммед Әли Осман. Ол 2012 жылы Швецияда жүрген әйеліне келіп қосылған. «Бұл елде жұмыссыз жүру өте қиын, ал жұмыс табуға тілді білмеу кедергі болады», – дейді ол.

«Өзімді сомалилік сезінемін, өмір бойы осылай қалатын шығармын. Швецияға бейбіт өмір іздеп келдім. Керемет ел», – дейді 16 жастағы Асад Әбдіәзиз Дахир. Могадишуда оған «Шабааб» қысым көрсеткендіктен, кетіп қалған. Отбасы әлі Сомалиде тұрады.

«Өзімді сомалилік сезінемін, өмір бойы осылай қалатын шығармын. Швецияға бейбіт өмір іздеп келдім. Керемет ел», – дейді 16 жастағы Асад Әбдіәзиз Дахир. Могадишуда оған «Шабааб» қысым көрсеткендіктен, кетіп қалған. Отбасы әлі Сомалиде тұрады.

10 жасар Исра Әли Саалад 2015 жылдың мамыр айында туыстарымен Мальмеге келеді. Бұл қауіпсіз ел», – дейді оның әпкесі, 19 жастағы Самсам. Самсамға Швециядағы тұрмыс ұнап жатыр, «тек тіл үйренуден қиналып жүрмін», – дейді ол.

10 жасар Исра Әли Саалад 2015 жылдың мамыр айында туыстарымен Мальмеге келеді. Бұл қауіпсіз ел», – дейді оның әпкесі, 19 жастағы Самсам. Самсамға Швециядағы тұрмыс ұнап жатыр, «тек тіл үйренуден қиналып жүрмін», – дейді ол.


Ұлыбританиядағы үнділер

«Мәдени ерекшелігімнің арқасында көбірек қадірлі болған сияқтымын», – дейді 26 жастағы Шаранжит Падда. «Иммигранттар тек өз мәдениетін әкеліп қоймай, британ мәдениетін де қабылдаса дейді ол. – Бұл – әрдайым «сен – маған, мен – саған» деген принцип».

«Мәдени ерекшелігімнің арқасында көбірек қадірлі болған сияқтымын», – дейді 26 жастағы Шаранжит Падда. «Иммигранттар тек өз мәдениетін әкеліп қоймай, британ мәдениетін де қабылдаса дейді ол. – Бұл – әрдайым «сен – маған, мен – саған» деген принцип».

«Отағасы екеуміз Үндістаннан балаларға жақсы білім беру үшін келдік. Мұнда мен бақыттымын, шексіз бақыттымын», – дейді 92 жастағы Ничаттар Пал. 1970 жылы көшіп келгелі олардың Лондондағы әулеті көбейе түсті, қазір оның Падда есімді шөбересі бар (қарсы бетте).

«Отағасы екеуміз Үндістаннан балаларға жақсы білім беру үшін келдік. Мұнда мен бақыттымын, шексіз бақыттымын», – дейді 92 жастағы Ничаттар Пал. 1970 жылы көшіп келгелі олардың Лондондағы әулеті көбейе түсті, қазір оның Падда есімді шөбересі бар.


Германиядағы түріктер

«Мен өзімді әрі түрік, әрі неміс, әрі адам сезінемін. Менің бойымда түрлі мәдениет бар», – дейді Берлинде өсіп, қазір осында тұрып жатқан DJ Ипек Ипекчиоғлы. «Германия түрік жастарын қабылдағысы жоқ, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – дейді ол.

«Мен өзімді әрі түрік, әрі неміс, әрі адам сезінемін. Менің бойымда түрлі мәдениет бар», – дейді Берлинде өсіп, қазір осында тұрып жатқан DJ Ипек Ипекчиоғлы. «Германия түрік жастарын қабылдағысы жоқ, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – дейді ол.

«Түрікпін және түрік болып өмір сүріп жатырмын. Менің Отаным – Түркия. Маған салса, ертең-ақ елге қайтып барар едім», – дейді Берлиннің Кройцберг ауданындағы «шағын Стамбұлда» кішкене дүкені бар 72 жастағы Әли Риза Дурмуш. Ол осында 1970 жылдан бері тұрып келеді.

«Түрікпін және түрік болып өмір сүріп жатырмын. Менің Отаным – Түркия. Маған салса, ертең-ақ елге қайтып барар едім», – дейді Берлиннің Кройцберг ауданындағы «шағын Стамбұлда» кішкене дүкені бар 72 жастағы Әли Риза Дурмуш. Ол осында 1970 жылдан бері тұрып келеді.

Еуропада ең көп босқын қабылдаған да, ең көп қарсыласқан да – Германия.

Авторы: Роберт Кунциг

Фото: Робин Хаммонд

Егер сіз еуропалық, әсіресе, Германия азаматы болсаңыз, онда сіз өткен жылдан бері германиялық бірегейлік пен шетелде туғандардың оған қатысы төңірегіндегі қоғамдық пікірталастың куәсі болып келесіз. 2015 жылғы тамыздың соңында Таяу Шығыстан ағылған босқындарға байланысты шиеленіс тіпті өршіп кетті. Аустрияда заңсыз кісі тасымалдаушылар тастап кеткен жүк көлігінде қамалған 71 адамның денесі табылды. Неонацист бұзақылар Дрезден түбінде, Хайденаудағы босқындар қосынында полицейге шабуыл жасады. Германия канцлері Ангела Меркель босқындарды қолдау мақсатында лагерьге барғанда ашулы демонстранттар оны «Біз адамбыз!» деп айғайлап қарсы алды. Жұрт оны «сайқал», «ақымақ әйел» және «Volksverräter» (бір заманда «сатқын» деген мағынада қолданылған эпитет) деп мұқатты.

Бес күннен соң, тамыздың 31-інде Меркель Берлинде әр жазда өткізетін баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Меркель әдеттегідей байсалдылық танытты. Сол сәтте Будапештте сириялық босқындар Германияға баратын пойыздарды басып қалып жатқан еді. Канцлердің айтуынша, оның үкіметі 2015 жылы 800 мың босқын келеді деп болжаған. (Шын мәнісінде олардың саны миллионнан асып кетті). Ол Германия конституциясының саяси баспана құқығына кепілдік беретінін айтты, әрі негізгі заңның бірінші бабында «Адамның ар-ожданына ешкім қол сұға алмайды» деп жазылғанын еске салды. Әрине, германиялықтардың көбі босқындарға тас лақтырып, кемсітпей заң талабына сай құрмет көрсетті. «Германия – қуатты мемлекет. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Бұл да қолдан келеді!», – деді ол.

«Wir schaffen das!» деген бұл сөзі күндердің күнінде канцлердің мазарында тұратын шығар. Әзірге белгілісі – бұл мәлімдеме Германияны бүкіләлемдік драманың қайнаған қазанына тастап жіберді. Ондаған жылдар бойы халықтың табиғи өсімінен гөрі ғаламдық миграция қарқын алып келеді. БҰҰ-ның дерегі бойынша, 2015 жылы әлемде 244 миллион иммигрант (туған елінен басқа елде өмір сүріп жатқандар) болған. Өз елінен күшпен көшірілгендер саны ІІ дүниежүзілік соғыстан бергі ең жоғары көрсеткішке миллион адамға жетті. Ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруінен бұл сан тіпті арта түседі, шөлді дала мен топан су басқан аймақтардан жұрт көшеді. Кейбіреулердің айтуынша, бұл Сириядағы азаматтық соғысқа әсерін тигізіп, Еуропаға жөңкілген ұлы көшке серпін берген.

Босқындар ІІ дүниежүзілік соғыстан бері иммигранттардың үштен бірі паналаған құрлыққа ағылды. Бір кездері азаматтары топ-тобымен АҚШ-қа кеткен Еуропаның ірі елдеріндегі иммигранттар саны Америкадағы шетелдіктер санымен теңесіп қалды. Алайда еуропалықтардың арасында мұны мойындай қоятындары сирек. Тіпті президент Джон Кеннедидің өзі «иммигранттар елі» деп атаған АҚШ-та иммигранттар – тым даулы мәселе, о бастан даулы болған. 1750-жылдары Бенджамин Франклин Пенсильванияға «қараторы» немістердің тым көп келіп жатқанына алаңдайтынын айтқан.

Франклин қауіп еткен бұл құбылысты немістер бір-ақ сөзбен Überfremdung («тым шетелдену») деп сипаттайды. Бұл – өз еліңде басқа тілде сөйлейтін, ділі бөтен адамдардың көбеюінен, еліңнің танымастай өзгеруінен қорқу деген сөз. Жүрек түкпіріне үңіліп көрсек, көбіміз олардың басындағы жағдайды көз алдымызға елестете аламыз. Германияда өткен жылы бұл айқын көрінді. Онда Дрезден мен Эрфуртта жарым түнде шерулер өтіп, оңшыл шешендер жалынды сөз сөйледі. Онда көбісі әлі бос тұрған босқын қосындарына сан рет шабуыл жасады, тіпті Меркельдің баспасөз мәслихатынан бірнеше күн бұрын масаң басбұзарлар Ганновер маңындағы Зальцхеммендорфта орналасқан босқындар қосынында балалар бөлмесіне Молотов коктейлін лақтырып кеткен.

Мәдениеттер кейде Кройцбергтегі Kottbusser Tor-да тоғысады. 1960 жылдардан бері Берлиннің айналасы түрік иммигранттардың қонысына айналды. «Иммиграцияның екінші толқыны басталғанда біз өткеннен сабақ алдық», – дейді Германияның Еуропа бойынша мемлекеттік министрі Михаэль Рот.

Мәдениеттер кейде Кройцбергтегі Kottbusser Tor-да тоғысады. 1960 жылдардан бері Берлиннің айналасы түрік иммигранттардың қонысына айналды. «Иммиграцияның екінші толқыны басталғанда біз өткеннен сабақ алдық», – дейді Германияның Еуропа бойынша мемлекеттік министрі Михаэль Рот.

Десе де, Германияның тарихымен салыстыра қарасақ, көңіл қуантарлық ерекше оқиғаларды байқаймыз. Бұдан 75 жыл бұрын немістер еврейлерге лық толы вагондарды шығыстағы концентрациялық лагерьлерге жөнелтіп жатқан еді, ал енді Мюнхендегі теміржол бекетінде ас-суын қамдап, жұмсақ ойыншықтарын ұстаған немістер мұсылман босқындар толы вагондарды жымия қарсы алып тұр. Былтырғы күзден бері мен тыңдай бастаған подкастардың бірінде Die Zeit газетінің журналисі мұндай оң өзгеріске «мастанудың» еш сөкеттігі жоқ деген еді. Басқа бір журналист оған «масаюдың соңынан бас ауырады» деп қағыта жауап берген.


Өткен жылы Гамбург 35 мың босқын қабылдады. Бұл – АҚШ бүкіл әлемнен қабылдайтын адамдардың жартысы.


Германияның Еуропа жөніндегі мемлекеттік министрі Михаэль Рот сәуір айында маған: «Еуроодақтың (ЕО) халі мүшкіл, халық бұдан хабардар деп үміттенемін», – деген еді. Босқындардың ағылуы, Германияның басқаларды өзі сияқты қонақжайлыққа көндіре алмауы одақтың әлсіздігінің басты себептері – осылар. 23 маусымда жалпыұлттық референдумда Британия ЕО-ның құрамынан шығуды қолдап дауыс бергенде бұл әлсіздік күллі әлемге әшкере болды. Мұнда босқындардан үлкен мәселе туындаған жоқ, Британия оларды там-тұмдап қана кіргізді. Британияның ЕО-дан тыс та, ЕО-ның ішінде де иммиграцияны бәсеңдетуге деген ұмтылысы – «Брекситті» қолдаушылардың көптігіне негізгі себеп.

Британияда болған оқиғалар, басқа елдердегі популист оппозицияның иммиграцияға қарсы өре түрегелуі Германиядағы жағдайды одан сайын ушықтыра түсті. Немістер өткеннің ауыр жарасын жазып, өзгелерге құшақ жаятын мәдениет – Willkommenskultur-ға айнала ала ма? Олай болса, иммигранттар мен ксенофобтар көбейген қазіргі заманда бәрімізге де үміт бар деген сөз.

1970-жылдардың ортасында Бельгиядағы Брюссель неміс мектебінде оқып жүргенімде Волкер Дамм есімді кісі маған әлеуметтік ғылымдардан дәріс берді. (Өзім америкалық болсам да, әкем Еуропаға қызметке жиі жіберілетін, сондықтан мен колледжге дейін неміс мектебінде оқыдым). Ұзын бойлы, жирен бұйра шашы самайына түсіп тұратын, биязы әрі кішіпейіл Дамм – мектептегі ең керемет ұстаздардың бірі болды. Оның сабағында Холокост туралы алғаш естідім, ол кісінің бірде концентрациялық лагерь куәгерінің жан тебірентер әңгімесін дауыстап оқып бергені бар. 1939 жылы туған Дамм соғыс аяқталғанда бар-жоғы алтыда болыпты. Мұғалім болып жұмыс істейтін әкесі Германияның Гессен аймағындағы шағын ауылда нацистік партияның көсемі болған, бірақ содан бері ол туралы ештеңе естімедім.

40 жылға жуық бір-бірімізбен араласпай кеттік. Бірақ Дамды табу қиын болған жоқ, жергілікті газетте оның қылмыс құрбандарына ерікті ретінде көмектесіп жүргені туралы жазды. Біз хат жазыса бастадық, ол кісі зейнетке шықса да, Германияға көшіп келген ондаған мың босқынның арасында жастарға дәріс беріп жүр екен. Дамм мені елдің орталығына жақын Эссен аймағының 13 мыңдай тұрғыны бар Фульдадағы Ротенбург қаласына қонаққа шақырды. Ол мұғалімдік қызметінің көп бөлігін осында өткізген. Дамның айтуынша, қалашық босқындар мәселесін жақсы шешіп отыр екен.

Өткен қыстың жаңбырлы таңында Дамм екеуміз XVI ғасырда салынған қала әкімшілігі ғимаратының мүжілген ағаш баспалдақтарымен шәкірті – Кристиан Грунвальдтың кеңсесіне көтерілдік. Ротенбург – базар алаңын айнала, Фульда өзенін бойлай, сарай мен бақшаны қоршай жартылай бөренеден салынған үйлер қоныс тепкен көрікті көне қала. Грунвальдтың кеңсесіндегі биік терезеден көрінген протестант шіркеуі қоңырауының үні біздің діттеген уақыт – 9-да келгенімізді дәлелдеп тұр. Қалашықтан оңтүстік-шығыстағы қырда тұрған Альгеймер әскери базасының казармасында Сириядан, Ауғанстаннан, Ирактан және басқа да елдерден келген 719 босқын жаңа күнді қарсы алып жатты.

Грунвальд – қысқа сары шашты, қара көзілдірікті, жылдам сөйлейтін, ойшыл, бірақ жиі жымиятын 39 жастағы жұқалтаң жігіт. Бес жыл бұрын қызметке сайланғалы бері қаланың кем-кетігін жамау үшін бар күшін салып жатыр. Бірақ ол босқындар келеді деп күтпегенін бірден мойындады. Эссен аймағының басшылығы 2015 жылғы шілденің басында бірінші тамыз күні жүздеген адам келеді деп ескерткенде бұл жаңалық «төбеден жай түскендей» әсер етіпті.

Колледждің залында өткен қалалық жиналысқа 700-дей адам қатысты. Сол жерде оларға аймақ басшылығы әскерилер 40 миллион еуро жұмсап, жөндеуден өткізген Альгеймер казармасы босқындардың Erstaufnahmeeinrichtung, яғни саяси баспанаға, тұрақты үй-жайға өтініш беріп жатқан кезде бірнеше ай тұратын қоныстары болатынын түсіндірді. «Эссен аймағының Гиссендегі ғимараттарына адам сыймай жатыр», – деді басшылар. Жұрт сырттағы шатырларда ұйықтайды екен.

Ротенбург қалалық жиналысында жағдай шиеленісіп тұрды. Біреу: «Мұны кім қаржыландырады?» – деп сұрады. Енді бірі: «Босқындардың базадан сыртқа шығуына рұқсат беріле ме?» – деді. «Олар ауру емес пе?» дегендер де болды. «Жұртты үрей билеп тұрды. Бірақ ешкім де орнынан тұрып «Мен қорқамын, олардың келгенін қаламаймын» деген жоқ», – деп еске алады Грунвальд. «Ешкім де нацистік бұрышқа тұрғысы келмеді» деген ол немістердің ескі сөз тіркесін қолданды.

Эссен аймақтық әкімшілігінде дәрігерлік қызмет және көмек көрсету менеджері болып істейтін Томас Баадерге Эссеннің Әлеуметтік мәселелер министрлігінен телефон шалып, жаңа босқындар қосынына басшылық етуді ұсынады. Ол мұнда 29 шілдеде, сәрсенбі күні келді, оған кеңсенің орнына ұялы телефон берді. Алғашқы босқындар дүйсенбі күні келуі тиіс болған. Баадер Грунвальдқа телефон шалды, ол алдымен екі жұмысшысын жіберіп, артынан өзі де келді. Екеуі кафетерийдегі үстел-орындықтарды реттеп, шаңдарын сүртіп шықты. «Екі күннен соң сыртта 600 адам келіп тұрды», – дейді Баадер.

Сапырылыс, жанталас болғанымен, бәрі айтарлықтай жақсы ұйымдасты. Басқа жерлерде жағдай нашарлау болды. «Бүкіл Германияда ешкім дайын емес еді», – деді Гамбургтің босқындар жөніндегі үйлестірушісі Анселм Шпрандел. Өткен жылы бұл қала тұтас АҚШ бүкіл әлемнен жинайтын адамдардың жартысын – 35 мың босқынды қабылдағалы отырған. «Бізде адамдар топ-тобымен көшеде ұйықтайтындай үйсіздер көп болған емес. Бұл жолы соған жақындап қалдық», – деді ол. Шпрандельдің мекемесі адамдарды иесіз қалған дүкендерге, теңіз контейнерлерінен жасалған жиналмалы модульдерге және жылытылатын шатырларға қоныстандырған. Берлинде босқындардың көбі мектеп аудиторияларына, немесе Темпелхоф әуежайының ангарына орналастырылды. Бір отбасын екіншісінен пластик қабырғалар бөліп тұрды.

Ротенбургте Баадер мені бір кездері әскерилер тұрған, қазір әр бөлмеде бір отбасыдан тұрып жатқан үш қабатты барақтың ұзын, таза дәлізімен алып жүрді. Босқындар белгілі бір қосынға тіркеліп, сол жерге көлікпен жіберіледі. Дегенмен шығындарды бөлісу жөніндегі федералдық формулаға сәйкес, Гессен олардың 7,35890 пайызын қабылдайды. Мен барардан бір күн бұрын ғана Ирактан келген алты үйлі отбасы Ротенбург базасын өздері тауып келіпті. «Қай жерде жағдайдың жақсы екені басқаларға әйгілі бола бастады», – дейді Баадер.

Өткен қыста екі мыңдай босқын Берлиндегі ескі ангарды паналады. Олардың арасында ұлымен келген 55 жастағы сириялық күрд Зайнаб та бар. Босқындар саяси баспанаға өтініш берердің алдында осындай шатырларда айлар бойы тұрған.

Өткен қыста екі мыңдай босқын Берлиндегі ескі ангарды паналады. Олардың арасында ұлымен келген 55 жастағы сириялық күрд Зайнаб та бар. Босқындар саяси баспанаға өтініш берердің алдында осындай шатырларда айлар бойы тұрған.

Босқындар Ротенбург көшелерінің басты атрибутына айналды. Бала арбалары мен ескі велосипедтерін сүйретіп, целлофан дорба ұстап, биіктегі әскери базаға қарай кетіп бара жатқан оларды жиі ұшырастырасыз. Тұрғынжай мен тамақ, қайырымдылық қорлары жинаған киім-кешекке қоса айына ересектер 112 еуро, балалар 63 еуро жәрдемақы алып отырады. (Соңғы кездері еуроның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 1,10 $ шамасында құбылып тұр). «Алған ақшаларын олар осында жаратады, болмаса Ротенбургте түнек жасаған болар едік», – деп асыра сөйледі Landhaus Silbertanne деп аталатын жергілікті қонақүйдің қожайыны Фрэнк Зигейнбейн. Босқындар экономикалық тұрғыдан оң өзгеріс әкелгенін Грунвальд та мойындайды.

Дегенмен Ротенбургтың кей тұрғындары, әсіресе, Фейсбукте наразылық білдіріп жатыр. Грунвальд босқындардың немістерде қалыптасқан тәртіпті бұзып жатқанынан көп мысал келтірді. Олар саябақтың ішіне қоқыс тастап кетеді, тротуарда велосипед айдайды.

Мұнда әжетхана әдебінің де мәселесі бар. Жерден тесілген шұңқыр әжетханаға жүрелей отырып үйренген босқындар унитазға отырғанды қаламайды. Орындыққа шығып, жүресінен отырған Грунвальд мәселені көрнекі түсіндіруге тырысты. Гамбургтегі босқындар орталығында унитаз орындықтарын алып бара жатқан жұмысшыларды көрдім, олардың айтуынша, орындықтар жиі сынады. Ротенбург базасында жол жиегін өз еркімен сыпырып жүрген босқынды көрдім. Баадердің айтуынша, барлығы ойдағыдай жасалғанына сенімді болу үшін әжетханаларды неміс жұмысшылары тазалайды. Балабақшаны тазалау үшін үстіне күляпарасы мен бетпердесі бар арнайы киім киіп жатқан жұмысшыларды да көзім шалды.

Әжетхана болсын, басқа мәселелер жөнінен болсын, немістер мен босқындар ортақ тіл болмағандықтан, бір мәмілеге келе алмай жүр. «Өзгелердің ойлары мен эмоцияларын түсіну қиын, біз енді ғана бастап жатырмыз», – деді Грунвальд. «Егер біз бұл жағынан жақсырақ пікір алмасатын жағдайға жетсек, онда бір тарихи жетістікке жететінімізге сенемін», – дейді ол. Ол бұрын Меркельді онша қолдамапты, бұл проблемаға онша мән де бермепті. Қазір ол бұл мәселеге басымен кіріп кеткен.

Бірнеше ерекше оқиғаны қоспағанда, Германияның азаматтық қызметі бұл дағдарыстан ойдағыдай шықты. Ең таңғаларлығы – немістердің босқындарға өз бетінше көмектесуге ұмтылғандары болды.

Төменгі Саксониядағы Дюдерштадт қалашығында графикалық суретші әрі диджей болып кәсіп қылатын Олаф Кнауфты кездестірдім. Ол эритреялық екі жасөспірімді өз қамқорлығына алыпты. Бір күні жергілікті жастар ұйымында жұмыс істейтін келіншек ата-анасыз келген балалардың қамқорлыққа аса мұқтаж екенін айтады. 51 жастағы Кнауфтың жасөспірім кезінен өзі өсірген екі баласы есейіп, бөлек шығып кетіпті. «Шетелдікпен тұрған қалай болады?», «жалғызбасты еркектің жас баланы асырауы дұрыс па?» деп көп ойланған ол ақыр соңында эритреялық копт христиан Десбеле есімді 18 жасар босқынды қолына алады.

Екеуі жақсы тіл табысып кетті. Тіл табысқандары сондай, мамырда келген Десбеле арада үш апта өткенде Кнауфқа 16 жасар інісі Иойсефтің Ливияда қалып қойғанын айтады. Десбеле ол жақтан адам тасушылармен байланыста болады. Иойсефті Германияға жеткізуге 2 500 еуро қажет. Кнауф – Десбелеге қажет ақшасын береді. Шілдеде олар екеуі Мюнхеннің маңындағы тас жолдың бойынан Иойсефті тауып алады, адам тасушылар оны сол жерге тастап кетіпті.

Қазір Кнауфтың екі жасөспірім «баласы» бар. Арасында шамды өшіру, ыдыс жуу, үй шаруасы сияқты жайттарға бас қатыратыны болмаса, ол еш өкінбейді. Ол Десбеле мен Иойсефті «балаларым» дейді. Біз кездесерден бірнеше күн бұрын Иойсефтің егізінің Эритреядағы түрмеде жатқаны анықталады. Кнауф оны түрмеден шығарып, Суданға жіберу үшін 1 500 еуро төлейді. Қазір ол сол жерде Сахараны кесіп өтуге әзірленіп жатыр. «Бұл – ағайындылардың соңғысы екен», – дейді Кнауф.

Ол екеуміз Десбеле мен Иойсефке аптасына үш рет неміс тілін қоғамдық негізде үйретіп жүрген зейнеткер мұғалім Карин Шультпен әңгімелесіп отырмыз. Балалар кәсіптік мектептегі иммигранттардың арнайы сыныбына барып жүр, ал сабақтан кейін олар Шульттің асүйінде дәріс алады. Ұстаз оларға кофе мен тоқаш береді, себебі түс ауа кофе ішу де – неміс болудың бір белгісі. Біраз ойланған ол бір күні балаларға Германияда кофені сораптап ішудің әдепсіздік екенін түсіндірді. Иойсеф мұның Эритреяда да әдепсіздік саналатынын әжесінен естігенін айтты.

Дамм ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Jakob-Grimm-Schule мектебінің зейнеттегі ұстаздары Erstaufnahmeeinrichtung-те неміс тілі курстарын ұйымдастырды. Бір таңда ақ сақалды, жылы жүзді ұстаз Готфред Уокербартпен екі сағаттай бірге болдым. Базадағы адам саны бірекі ай сайын өзгеріп тұратындықтан, ол сол күні кімдерге сабақ беріп жатқанын өзі де білмеді. Жастары 12 мен 35 аралығындағы бес ауған азаматы оған сондай құлшыныспен қарап отырды. Уокербарт оларға әліппені суреттерімен үйретеді. «Б» дегенде бананның, «п» дегенде пілдің суретін көрсетеді.

Менің қасымда ұзын қара костюм киген Сариел есімді 35 жастағы аласа бойлы жігіт отырды. Бөлменің іші салқын. Біраздан соң Сариелдің тіпті дари тілінде де хат танымайтыны белгілі болды. Сыныптағы балалар одан озып, жаттығуларын жылдам жасап жатты. Әріптерді сурет салғандай етіп әр сызығын бөлек салғанына қарап, «мама» және «папа» деген сөздерді айтуына көмектесе отырып, Auf Wiedersehen деген сөздің дариша аудармасын тақтаға ирелеңдете жазған балалардың біріне көз салып, Сариел емес, мен қажып кеттім. Ауғанстаннан қандай азаппен жеткенін ойлап емес, оны алда қандай ұзақ жол күтіп тұрғанын ойлап жүдедім.

Аудиторияда студенттер немісше тіл сындырады. «Қалада ұшыраса қалсаң, олар «Сәлеметсіз бе, апай» деп амандасады, өздерін танысақ, соған қатты қуанады», – дейді Уокербарт. Бірде Ротенбургта Сириядан екі жыл бұрын Германияға келіп, алты айлық неміс тілі курсын тәмамдаған 43 жастағы сириялық жігітпен жолықтым. Өз үйінің қонақ бөлмесінде, әйелі пісірген торттан жеп отырған ол араб аудармашының көмегімен тілдесті. «Бұл жаста жақсы студент болу қиын», – деп мойындады.

Аты-жөні анықталса, елде қалған туыстары жапа шегеді деп қорқатындықтан өзін Ахмад деп таныстырды. Дамаскіде электрик болып жұмыс істеп жүрген ол алдымен отбасымен бірге Мысырға қашыпты, бірақ оларды онда жақсы қарсы алмапты. Германия оларды қамқорлығына алып, жағдайын жасап, Ротенбургтің орталығындағы осы пәтерді беріпті. Ол осыған шексіз ризашылығын білдірді. Дегенмен екі жыл өтсе де, Ахмадтың әлі жұмысы жоқ, ол осыған қиналады.

«Дүкенге барамын, баламды мектепке апарамын, басқа кезде далаға да шықпаймын, – деді ол. – Себебі жұрт «немен айналысасың?» деп сұраса, не деп жауап берем деп қуыстанамын. Әйтеуір бірдеңемен айналысу үшін есіктің алдын қайта-қайта сыпыра беремін. Жақын маңдағы қарттар үйін тегін тазалап беруге бола ма екен?». Ол маған интернеттен алған неміс тілі жаттығуларын көрсетті.

Ахмадтың 16, 14 және 8 жастағы үш ұлы бізді үнсіз тыңдап отырды. Олар бір жарым жылдан бері неміс мектебінде оқиды, үлкен екі бала Jakob-Grimm-Schule мектебіне барады. Немісшелері тәп-тәуір. Шашын әдемілеп тараған үлкені француз және араб тілдерінде «Париж» деп жазылған ақ жейде киіп алыпты, «2015 жылғы қарашадағы жарылыс құрбандарын қолдау үшін», – деп түсіндірді өзі. Оның шаштараз болғысы келеді, қазір қаланың ортасындағы салонда тәжірибеден өтіп жүр. 14 жасар бала: «мектепте ұзағырақ боламын», – дейді, мұғалімі оған: «көп неміске қарағанда жақсырақ жазасың», – депті. Ол – футбол командасындағы орталық шабуылшы.

ІІ дүниежүзілік соғыстан бері Германия, шамамен 50 миллион иммигрантты қабылдаған. Онда тұратын сегіз адамның біреуі басқа елде дүниеге келген. 2015 жылғы 1 маусымда Ангела Меркель Германияны Einwanderungsland, яғни «иммигранттар елі» деп атағанда Frankfurter Allgemeine газеті мұны «тарихи мәлімдеме» деп бағалады. Ондаған жылдар бойы Меркельдің Христиан-Демократиялық одағы (ХДО) бұл сипаттамамен келіспей, өз арманындағы Германияны қолдап келген. «Біз мойындалмаған иммигранттар елі болып келдік», – деді немісше қысқартылуымен BAMF деген атпен белгілі ұйым – Миграция және босқындар жөніндегі федералдық кеңсенің интеграция бағдарламасының басшысы Мартин Лотербах.

Ең алғашқы иммигранттар – 12 миллион этникалық неміс еді. Соғыстың соңында Шығыс Еуропадан қуылған олар тас-талқаны шыққан кедей елге келді. Неміс болса да оларды қуана қарсы алғандар аз болды. Германия ұлттық парламентінде Франкфурт атынан өкілдік ететін ХДО мүшесі Эрика Штайнбах қазіргі Польшадан анасымен және кішкене қарындасымен қашып шығып, Шлезвиг-Гольштейндегі фермаға келгендерін баяндап берді. «Мамам қарындасыма сүт сұрағанда фермер оған «сендер тарақаннан да жамансыңдар» деп жауап берген. Бізге жылылық танытқандар аз болды», – дейді Штайнбах.


Германия еңбек агенттігінің есебі бойынша, бес жылдан кейін де босқындар жұмыссыз отырады.


Түріктерге тіпті ауыр болған. 1950-60 жылдары экономика қарыштап дамып, Батыс Германияға жұмыс күші қажет болды. Олар алдымен Италиядан, содан соң Грекия мен Испаниядан, кейіннен Түркиядан топ-тобымен адам ала бастады. Көбіне жалғызбасты еркектер келіп, зауыттарда, құрылыста жұмыс істеді. Олар барақтарда, жатақханаларда бөлме жалдап тұрды. Екі жақтың ешқайсысы олар қалып қояды деп ойлаған жоқ, олар иммигранттар емес, гастарбайтерлер, яғни уақытша жұмысшылар еді. Бір-екі жыл жұмыс істеп тапқан нәпақаларын жинап, елдеріне қайтады, олардың орындарын келесі «жұмысшылар» басады деген ой болған.

Жалпы жоспар осындай еді, бірақ шынайы өмірде жағдай басқаша болды. Жұмыс берушілер өздері мамандандырған жұмысшыларынан айырылғысы келмеді. Жалғыз жүрген жігіттер отбасыларын әкеле бастады. Фатих Эвреннің әкесі әйелі мен үш баласын Германияға әкеледі, одан соң Фатих дүниеге келеді. «Біраз уақыттан соң ол орнығып қалды. Германияда жақсы ақша тапқан жанына жақты», – дейді Эврен. Ротенбургке баратын жолдан сегіз шақырымда орналасқан Бебра атты жұмысшылар қалашығында Эврен Түрік-ислам орталығының және 1983 жылы әкесі негізін қаласқан мешіттің хатшысы қызметін атқарады.

Араб мұнайына салынған эмбарго рецессия туғызған соң, 1973 жылы шетелдік жұмысшылар бағдарламасы жабылды. Бірақ осы күні Германияда үш миллионға жуық түрік өмір сүріп жатыр. Олардың тек жартысы – Германия азаматтары. Кейбіреулері біраз биікке көтерілді. Мәселен, Жем Өздемир Жасылдар партиясының тең төрағасы болды. Түріктермен әңгіме кезінде мені бір таңғалдырған нәрсе олардың Германияға қатысты екіұдай сезімі болды.

«Бір елде ондаған жылдар бойы «қонақ» болып жүру деген ақылға сыймайды», – дейді Берлиннің түбіндегі түріктер көп қоныстанған Кройцбергте әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейтін Айше Косе Кучук. Ол Берлинге 11 жасында көшіп келіп, 36 жылдан бері осында тұрып жатыр. Ол әлі де толық сіңістім дей алмайды, балалары да солай. «Балаларыма «сендер түріксіңдер» деп ешқашан айтпасам да, олар төртінші сыныптан бастап «түрікпіз» дей бастады. Себебі, оларды бөліп тастайды. Осыған кейимін», – деді ол. Соған қарамастан, ол Кройцбергті жақсы көреді.

«Біз жұмысшы болып келдік және осы елдің азаматы болып емес, жұмысшы болып қана араласамыз», – деді Берлинде туған 44 жастағы Ахмет Сөзен. Әкесі мүшесі болып саналмаған қоғамға ол да толық кірігіп кете алмайды екен. Бір жағынан жұрттың бәрі бірін-бірі танитын Бебрада интеграция жақсы жұмыс істеген, «түріктер қала алаңында жыл сайын мәдени фестиваль ұйымдастырып тұрады», –дейді Фатих Эврен. Дегенмен Германияда туып-өссе де, неміс достары көп болса да, түрік азаматы Түркияда жерленуі керек деген пікір бар.

Германияға толық сіңісу кей немістердің өздеріне де оңайға соқпаған. Кристиан Грунвальдтың нағашы аталары Сербияның солтүстігінен шыққан этникалық немістер болған, соғыстан соң олар Ротенбург қаласына қоныс аударған. Оның анасы бір күні Альгеймер казармасында болған бір оқиғаны айтып берді. Біз қайырымдылық көмек ретінде жиналған киімдер үйіліп жатқан түрме камераларының ортасындағы ескі гаупвахтада отырдық. Гизела Грунвальд «Қызыл Крест» ұйымында қазіргі босқындарға киім таратуды үйлестіреді.

Оның айтуынша, Гизеланың анасы қазір қарттар үйінде. Оның тегі – неміс, өзі Ротенбургте 65 жылдан бері өмір сүреді, немересі елге белгілі мэр, соған қарамастан, осыдан біраз уақыт бұрын оған бір кісі келіп «Сіз неміс емессіз» депті. Ол Сербиядан алып келген акцентін көп өзгерте қоймаса керек.

Германия түріктерден және басқа иммигранттардан тәжірибе жинады. Соңғы 16 жыл ішінде азаматтық туралы заңын біраз босаңсытты. 2000 жылға дейін Германия азаматы болу үшін ата-анаңның, кем дегенде біреуі неміс болуы керек еді, яғни бойыңда немістің қаны болуы талап етілетін. Қазір егер сіз сегіз жылдан бері елде заңды түрде тұрсаңыз, не сондай ерлі-зайыптылардан дүниеге келсеңіз, онда Германия азаматы бола аласыз, кей жағдайларда өзіңіздің азаматтығыңызды да сақтай аласыз.

Оның үстіне, 2005 жылы қабылданған заң бойынша Германия үкіметі саяси баспана алған немесе алуы мүмкін деген азаматтарға интеграциялық курстар оқытады. Оған кемінде 600 сағаттық тіл курсы мен 60 сағаттық неміс дәстүр-салты сабағы кіреді. BAMF саяси баспана беру туралы жүздеген мың өтініштерді қарастыру үшін қызметке мың-мыңдап жаңа адам алып жатыр, соған қарамастан олар биылғы жылдың бюджетінен интеграция курстарына жарты миллиард еуроға жуық қаржы бөлді. Агенттіктің есептеуіне қарағанда, 2016 жылы бұл дәрістерді 546 мың адам оқиды.

Германияның саясатында қазір «бізге иммигранттар керек» деген консенсус бар. Германияда жылына қайтыс болатындардың саны туғандардың санынан 200 мың адамға көп, бұл сан көбейіп келеді. Иммиграция болмаса, халық саны азая бермек. Берлиндегі Халық саны және даму институтының есептеуі бойынша, еңбек жасындағы халық санын (жас балалар мен зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ететін топ) тұрақты түрде ұстап тұру үшін Германия 2050 жылға дейін жыл сайын жарты миллион иммигрант қабылдап отыруы керек.

Алайда босқындардың көбі елге қажетті кәсіпті игерген мамандар емес, олар тіпті елдің қайта даярлаудан өткізетін әйгілі бағдарламаларына қосылуға да әзір емес. Болжам бойынша, олардың 15 пайыздайы хат танымайды. Қалғандарының көпшілігі Германиядағы стандарттар бойынша білім алмаған.

Ротенбургтің маңында орналасқан Бад-Херсфельдтегі кәсіптік мектептің иммигранттар оқып жатқан төрт сыныбына кіріп шықтым. Екі жылдың ішінде олар тіл үйреніп, 10 сыныптың білімін игеріп, аттестат алып шығады, бұл олардың мамандық алу бағдарламаларына түсуіне мүмкіндік береді. Көбі – 10-сынып деңгейінен асып кеткен ересектер. Сыныптардың бірінен көңілсіз жүретін 17 жасар ауған жігіті – Мұстафаны таныдым. Оны алдыңгүні Дамм сабақ беретін Stiftung Beiserhaus босқын балалар үйінен кезіктірген едім. Сол кезде ол Германияға келгеніне қуанатынын айтқан. Себебі, ол мұнда тек қауіпсіз өмір сүріп қоймай, мектепке де бара алады, ал Ауғанстандағы шағын ауылда қой мен есек бағып жүрген ол тек Құранды ғана үйреніпті.

Директор Дирк Белхаузеннің айтуынша, Бад-Херсфельдтегі иммигранттардың көбі бұл мектепті өздеріне берілген үлкен сыйлық деп есептейді. «Немістердің көбі мұны өз міндеттері санайды, ал міндеттеу – жаман нәрсе», – дейді ол. Алайда қанша құлшыныспен оқыса да, адамның жетістігі шектеулі болуы мүмкін. Мұндағы әлеуметтік қызметкерлердің бірі Джоанна Метцтің болжауына қарағанда, бағдарламамен оқып жатқан иммигранттардың жартысы диплом ала алмауы мүмкін. «Олар игеруге тиіс материал шаш етектен, мәселе сонда. Оларға 48 сағаттан тұратын тәулік керек», – дейді ол.

Аднанның балалары сияқты тез бейімделе алатын жас босқындар Германияға экономикалық игілік әкелуі мүмкін. Алайда әзірге барлық босқындар туралы бұлай айту ертерек. Федералдық Еңбек агенттігінің есептеуіне қарағанда, бес жылдан кейін де босқындардың тең жартысы, ал 12 жылдан соң олардың төрттен бірі жұмыссыз жүреді.

Дегенмен оларды елге кіргізу жөніндегі шешім экономикалық емес, гуманитарлық принциптерге көбірек сүйенген. Халықтың басым бөлігі мұны қолдай қойған жоқ. Босқындар лагеріне Молотов коктейлін лақтырып, канцлерге боқтық сөз айтқандар – көбіне тыныштық сақтап, үнсіз жүрген, бірақ Германияға мұнша көп иммигранттың, әсіресе мұсылмандардың келгенін қаламайтын немістердің азғантай бөлігі ғана.

«Немістердің басым көпшілігі иммиграция мен Исламды интеллектуалдық тұрғыдан қабылдайды, бірақ эмоционалдық тұрғыда қабылдайтындар өте аз», – дейді Берлиндегі Интеграция және миграция мәселелерін зерттеу институтының саяси сарапшысы Найка Фороутан. Фороутанның тобы Париж бен Брюссельдегі шабуылдардан, босқындар дағдарысынан бұрын, 2014 жылы Германияның 8 270 тұрғынына сауалнама жүргізген. Олардың 40 пайызы басына орамал тартып жүрген әйелдер неміс бола алмайды деген пікір айтқан. 40 пайызы мешіттердің салынуына ашық қарсылық білдірген. 60 пайыздан астамы мұсылмандар мен еврейлердің ең маңызды ғұрыптарының бірі – сүндеттеу салтына тыйым салуды құптаған. Және 40 пайызы «таза германиялық болу дегеніміз – неміс тілінде акцентсіз сөйлеу» деген пікір білдірген. (Гизела Грунвальдтың анасы солардың бірін кездестірсе керек).

Тіпті террорлық шабуылдардан, Кельн теміржол бекетіндегі көпшілігі Солтүсік Африкадан келген иммигранттардың жаңа жыл түнінде жүздеген қыз-келіншекке қысым жасап, келемеждеген оқиғасынан бұрын-ақ немістердің көбі мұсылмандардан қауіп еткен. Бұл саясатта оңшыл ағымның күшеюіне ықпал етті. Наурыздағы сайлаудан соң Германиядағы аймақтық өкілдік органдардың жартысын иеленген Alternative für Deutschland (AfD) популистік партиясының өкілі Бьорн Хоке осыған орай: «Мұншама көп адамның интеграцияланатынына сенбеймін», – деген. Хоке шығыстағы Тюрингия аймағында AfD-ның филиалын басқарады. Оның айтуынша, иммиграция Германияда бұрын болған өзара сенім ахуалын бұзды. «AfD – еліміз үшін ең соңғы бейбіт мүмкіндік», – деді ол үрей шақырып.

Берлинде Серкан Чаванға тұрмысқа шығардың алдында қалыңдық Гөзде Сакаллы дәстүрлі «қына кешін» өткізеді, онда қыздың құрбылары қоштасу әндерін шырқап, би билейді, ал болашақ енесі оның пәктігін жоғалтуының белгісі ретінде қалыңдықтың алақанын қынамен бояйды. Германиядағы түріктердің 93 пайызы түріктермен шаңырақ құрады.

Берлинде Серкан Чаванға тұрмысқа шығардың алдында қалыңдық Гөзде Сакаллы дәстүрлі «қына кешін» өткізеді, онда қыздың құрбылары қоштасу әндерін шырқап, би билейді, ал болашақ енесі оның пәктігін жоғалтуының белгісі ретінде қалыңдықтың алақанын қынамен бояйды. Германиядағы түріктердің 93 пайызы түріктермен шаңырақ құрады.

Хоке немістердің көбін қорқытып әрі шамдандырып жүр. Онымен кездесетінімді айтқанымда, Дамм «Ойбай!» деп шошып кетті. Өмірде Хоке сабырлы әрі жұмсақ адам екен, ол осыдан бірнеше жыл бұрын ғана тарих пәнінің оқытушысы болып жүріпті. Бірақ Эрфурттың кафедралдық алаңында болған AfD-ның шеруі кезінде топты бастап, «Wir sind das Volk – Біз адамбыз!» деп ұрандағанда (Меркель иммиграцияны қолдау кезінде «немісті» «алып тастайды» деген пікірлер болған) ол немістердің көбінің есіне нацистерді түсіреді. Кристиан Грунвальд Геббельстің атышулы сөзін еске алып: «Sportpalast, 1943», –деді.

Дегенмен Хокенің бойындағы үрейдің біршамасы немістерде де бар, өткен жаздағы босқындар жасаған шабуылдардан соң бұл үрей үдей түсті. Өткен наурыздағы Эссенде болған аймақтық сайлауда Ротенбург сайлаушыларының сегізден бірі AfD-ны таңдады, келесі аптадағы Саксония-Ангальтта болған жергілікті өкілді орган сайлауында халықтың төрттен бірі соған дауыс берді. Жұрттың бәрі нацистік ойдың бұғауында дегенге сену қиын. Олар сонда неден қорқады?

Бір сөзбен айтсақ: Parallelgesellschaften, яғни «параллель қоғамнан» қорқады. «Қаланың кейбір бөліктеріне барсаңыз, сіз Германияда жүрмегендей боласыз», – деп сипаттады Хоке. Бұл термин тіпті бейтарап немістердің өздерін бей-жай қалдырмайды. Америкалықтардың көз алдына Chinatown, «Шағын Италия», тіпті кезінде АҚШ-тың аумағында болған жүздеген «Шағын Германия» сияқты жағымды көріністер келеді. Немістер неге сондай құлшыныспен иммигранттарды қабылдай алмайды? Бұл сұрақты өзі бір кездері босқын болған, қазірде CDU-дің оң жақ қанатында Меркельдің саясатын сынап жүрген Эрика Штайнбахқа қойдым.

«Мен мұны қаламаймын. Біз бірегейлігімізді сақтауымыз керек», – деді ол жай ғана. Ол бұл қауіпті түрлі мысалдармен дәлелдеді. Оның хатшысын Берлиндегі теміржол бекетінде «босқын деуге болатын» біреу сипалап кетіпті. Оның шаштаразының ұлы оқитын Франкфурттың бастауыш мектебіндегі бір сыныпта екі-ақ жергілікті неміс бар екен. ХДО қызметкерінің айтуынша, иммигранттар тобы орталықтағы басты сауда көшесімен жүріп, жұрттың бетіне түкірген. «Құдайым-ай, бұл қайда апарады?» – деді Штайнбах.

Онымен сөйлесерден бұрын Германияның жаңа келбетін қалыптастырған жандарды кездестірдім. Ротенбургтегі үйінің алдын сыпырып жүрген Ахмадты көрдім. Берлиндегі босқындар қосынында жылап тұрған екі баланы көрдім, әкелері Мұхамадтың айтуынша, олар Дамаскіде қалған аналарына жете алмай қиналып жүр. Содан соң Алепподан келген мейрамхана қожайыны Шарифпен таныстым, ол үшін Германия – соңғы мүмкіндік болды, оның балалары 2011 жылы соғыс басталғалы мектепке бармаған.

Сосын Берлиндегі гимназиядан ақ орамал тартқан, дөңгелек жүзді 20 жастағы аяғы ауыр әйелді кезіктірдім. Ол еңкілдеп жылап Сириядағы отбасын сағынғанын, мұндағы немістердің қандай сыпайы екенін, бір күні түнде келе жатқанда көшеде тұрған ашулы топтан қалай қорыққанын айтып берді. Сол немістерге «мұнда ештеңе алуға келген жоқпын» деп айтқым келді», – дейді ол.

Өшпенділік сұмдық болды, бірақ мен көп немістің қауіп ететінін түсінемін. Тіпті Ахмад та түсінеді. «Немістердің өз елі үшін үрейленуге қақысы бар. Германия қауіпсіздік пен тәртіпке үйренген. Халық осының бәрі өзгереді деп қорқады», – дейді. Бірақ онымен және басқалармен кездесуім маған қатты әсер етті. Штайнбахтан «Босқындармен жеке кездестіңіз бе?» – деп сұрадым. «Жоқ», – деді ол.

Иммигранттар аз тұратын бұрынғы Шығыс Германия аймақтарында оларға қарсы өшпенділік әлі де жоғары. Бұл аймақтар Батыспен салыстырғанда әлі де кедей. Байлар мен жарлылар арасындағы ұлғайып бара жатқан айырмашылық та иммигранттарға қарсы пікірді өршітіп жіберуі мүмкін. Алайда әзірге босқындардан шоши қоятындай материалдық негіз жоқ екенін айтады Найка Фороутан. Германия экономикасы бабында, жұмыссыздық деңгейі төмен, өткен жылды үкімет 19,4 миллиард еуро профицитпен аяқтады. Германия әлі де барлық германиялықтардың игілігі үшін инфрақұрылымға инвестиция салып, босқындардың интеграциялануын қаржыландыра алады. «Бұл нағыз үрей емес, мәдени үрей», – деді Фороутан.

Анасы неміс, әкесі Ираннан келген босқын, 44 жастағы Фороутан білімге көп үміт артады. Онша көп жетістікке жетпесе де, Германияның антисемитизммен күрескені сияқты «Интеграцияны дәлел ретінде көрсету үшін халықты оқыту керек», – деді ол. ІІ дүниежүзілік соғыстан соң қызуқанды антисемиттер буыны өмірден озды, жаңа буын телевизия мен нацистер «тәрбиелеген» Дамм сияқты оқытушылар дәріс беретін мектептерден тәлім алды. Фороутанның сауалнамасынан иммигранттарға қатысты дәл сондай өзгерістердің бар екенін байқаймыз. Жас немістер сүндеттеу мен мешітке анағұрлым жақсы қарайтын тәрізді.

Бірақ босқындар әлі де жаңа бірегейлікке, 2014 жылы сөйлеген сөзінде Президент Йоахим Гаук айтқан жаңа «германиялық «бізге» ұмтылып жатқан елге келіп отыр. Фороутанның айтуынша, бұл инклюзивті «біз» – Германияны заманауи ете түсетін бірегейлік, яғни бұл – қоршаған ортаға және жалпы өзгерістерге ашық болу деген сөз. Алайда бұл ұстанымға тек неміс консерваторлары қарсы болып отырған жоқ. Мұсылман иммигранттардың біразы замауани да, ашық та емес. 2013 жылғы сауалнама нәтижесіне қарасақ, олардың 30 пайызы – фундаменталистер. Олар «Ислам діні VII ғасырдағы тамырына қайта оралуы керек, әрі шариғат заңдары зайырлы мемлекет заңдарынан жоғары тұруы керек» деп санайды. Кройцбергтегі Мевлана мешітінен сақалды жас мұғалім Серкан Өзалпайды жолықтырдым. Ол да басқа мұсылмандар сияқты немістерден көріп жатқан теперіш туралы айтты. Сосын Өзалпай AfD стилінде сөйлеп, мені таңғалдырды. «Босқындар бұл жердікі емес. Мұсылмандар бұл елдікі емес», – деді ол. Ол өз жамағатына мүмкіндік болса, Түркияға кетіңдер, себебі Германияда Құранмен өмір сүру мүмкін емес деп айтады екен.

Дәстүрді сақтанатын мұсылман еркекті конституциясы әйел мен ердің теңдігіне кепілдік беретін немістерге қарсы қоятын тағыбір жайт – олардың әйелдің қолын алып амандасуды құптамауы. Екіншісі – олардың гомосексуализмге қарсылығы. Өзалпаймен кездескен күннің ертеңінде мен Ньюкелндегі студияда басқа типті мұсылманмен жолықтым, ол – мойны ашық, өзінің лесбиан екенін жасырмайтын DJ Ипек Ипекчиоглу. Ол Өзалпай «Құдайсыз» деп атаған Берлинде дүниеге келіпті, Берлинді жақсы көреді.

Ол бұл қаланы бұрын жақсы көрмеген-ді. Мектепті бітіргенде оның неміс тілі нашар еді, оның үстіне бұл елге қатысты сезімі де болмапты. Ол Лондонда бала күтушілік жұмысқа орналасыпты, еліне қайту жайын ойламапты да. Бір күні ол күтпеген жерден сөреден Гетенің кітабын тауып алады.

Бұл Weltoffenheit-пен әйгілі ақынның Исламды дәріптеген «Батыс-Шығыс диуаны» еді. Ипекчиоглу бұл өлеңдерге ғашық болды. «Бұл – шынымен ғажап тіл», – деп еске алады ол. Содан соң Берлинге қайтады. Қазір ол әлемнің түрлі клубтарында өнер көрсетумен қатар арасында жаңа Германияның өкілі ретінде шетелдердегі Гете институттарында сөз сөйлеп жүр.

Ипекчиоглуның айтуынша, ескі Германияның артықшылығы көп еді. Осыдан біраз уақыт бұрын ол Лейпцигтегі сахнада анатолиялық музыканы ойнап, концертке дайындалып отырыпты. Сонда оның қасына бір жігіт келіп, «неміс» музыкасын ойнауды талап етіпті. Ерегіскен ол этникалық музыканы одан сайын үдете ойнапты.

Ипекчиоглу әлгі жігітке және бүкіл Германияға: «Біз осындамыз. Біз кері қайтпаймыз. Біз қаланы өз өмір салтымызға қарай өзгертеміз», – дегенді жеткізгісі келеді.

«Басқа болып өзгеруден біз бәріміз қорқамыз, бұл тек немістерге тән нәрсе емес», – дейді Ипекчиоглу. Алайда немістер осыдан біраз уақыт бұрын бұл үрейді шарықтау шегіне жеткізген. Олар әлі соның зардабын тартып келеді: олар өздерінен қорқады.

«Егер ол кезде ересек болсам, мен SS-тің құрамында болар едім. Лагерьдің сақшысы болмас едім деп үміттенемін», – деді Дамм бір күні көлікте кетіп бара жатып.

«Мұз әлі де жұқа, – деді Германиядағы оңшыл саяси көзқарас туралы пікір білдірген берлиндік саяси сарапшы Герд Розенкранц. – Біз оны әлі де жарып кетуіміз мүмкін. Ал оның астында бұрынғы күндер жатыр».

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля