..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ұлу сұлу

NG_seashell

Сырттай қарағанда, денеңіз симметриялы секілді: екі аяқ, екі қол. Екі жағы да шамамен бірдей. Есесіне, ішкі құрылысыңыз негізінен ассиметриялық түрде бейберекет орналасқан. Ал эволюция генетигі Ангус Дэвисонның айтуынша, ұлуларда бәрі керісінше. Олардың сыртқы түрі ассиметриялық сипатқа ие. Дэвисон мен оның тобы тоған ұлуларының қабыршақтарын сағат тілінің бағытымен шиыршықтайтын генді тапты. Ол – адамдар мен омыртқалы жануарлардың жасуша құрылысындағы маңызды ген. Егер ол мутацияға ұшыраса, не болады? Ұлу қабыршақтары солға қарай өседі. Ал адамдарда бұл ген мутациясы қайғылы жағдайға әкеп соғады. – Рейчел Хартиган Ши

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля