..."/>
ЗЕРТТЕУ

Азғын сауда

MM8443_160520_019766

Браконьерлер ОАР-дың Люлюуе-Имфолози саябағында қара мүйізтұмсықты мүйізі үшін суатта тұрған жерінен жоғары калибрлі оқпен атып өлтірді. Олар саябаққа жақын жердегі ауылдан заңсыз кіріп, дыбыссыз аңшы мылтығын пайдалануы ықтимал. Бүгінде тек 5 000-ға жуық қара мүйізтұмсық қалды.

Арнайы зерттеу

Мүйізтұмсық мүйізін саудалаудың көлеңкелі жақтары немесе екі оңтүстік африкалық қалай жануарлар болашағына балта шаба жаздады?

АВТОРЫ: БРАЙАН КРИСТИ ФОТО: БРЕНТ СТИРТОН

Мозамбик құзыретті органдары бұлардың ОАР-дағы Крюгер Ұлттық саябағында мүйізтұмсық ауламақ болғандарын мойындағанын айтады. Олар тұмса табиғатты қорғау жөніндегі жаңа заңға сәйкес айыпталады. Егер сотталса, 12 жылға дейін түрмеге қамалмақ.

Мозамбик құзыретті органдары бұлардың ОАР-дағы Крюгер Ұлттық саябағында мүйізтұмсық ауламақ болғандарын мойындағанын айтады. Олар тұмса табиғатты қорғау жөніндегі жаңа заңға сәйкес айыпталады. Егер сотталса, 12 жылға дейін түрмеге қамалмақ.

Бұл – ОАР-дағы Крюгер Ұлттық саябағынан Полокуейнге дейін бес сағаттық жерде болған оқиға. Саябақты жабайы мүйізтұмсықтардың әлемдегі ең үлкен популяциясы мекендейді. Заңсыз саудалау ісіндегі ең қатты қудаланып жүрген адам сафари гид-операторы, миллионер және Деви Греневальд атты экс-полицей тұрады.

"Браконьерлікке қарсы бірлестік" татуировкасы бар қауіпсіздік топ мүшесі әлемдегі ең ірі саналатын Джон Хьюм мүйізтұмсық фермасында. Хьюм бағып отырған 1300 жануардың мүйізі әр 20 ай сайын кесіледі. Экологтар қарсы шығып отырған әдіс арқылы шаруа бұл кәсіпті заңдастырмақ үмітте.

“Браконьерлікке қарсы бірлестік” татуировкасы бар қауіпсіздік топ мүшесі әлемдегі ең ірі саналатын Джон Хьюм мүйізтұмсық фермасында. Хьюм бағып отырған 1300 жануардың мүйізі әр 20 ай сайын кесіледі. Экологтар қарсы шығып отырған әдіс арқылы шаруа бұл кәсіпті заңдастырмақ үмітте.

Греневальдпен кездесу үшін фотограф Брент Стиртон екеуміз екі автокөлікпен керемет көріністі тау тізбектері арасымен ызғытып отырдық. Бірақ түнде біреу қала маңынан өтетін шоссе ортасына қарамай төгіп, от қойып жіберіпті. Бұл апартеид режимінің аяқталғанына 20 жылдан астам уақыт өтсе де, ОАР-да әлі тұтанып жатқан нәсілшілдік және экономикалық шиеленіске негізделген қарсылықтың тағы бір көрінісі еді. Біз отты айналып жүргенде бір шақырымнан кейін жол кептелісі мен қасақана жасалған «бақылау өткізу бекетіне» тап болдық. Жол ортасында от жалыны үш метрдей жоғары лаулап жатты. Жолдың төрт жағын үлкен-үлкен тастармен бөгеп тастапты. Брент көліктен шығып, автомобиль үстін басып өте алмайды-ау деген дәу тастарды шетке ысырды. Сосын адамдар лақтырған тастардың арасымен жолымызды жалғастырдық.

Жол жөнекей сыз басқан қонақүйге түнеп шықтық. Греневальдтың нұсқауы бойынша, жанармай бекетінің маңында бізді алып кететін Леон ван дер Мерве деген адамды күттік. Мұқият қоршалған меншіктің бойымен 20 минуттай жүріп отырып, екі тас бағанның ортасындағы сырғып ашылатын электронды қақпаға келдік. Кіре берісте, бүйірін таянып тұрған Деви Греневальдтың өзі екен.

Өзінің Прахтиг (голланд тілінен аударғанда – «сұлу») атты аңшылық жер аумағында мүйізтұмсықтарға қорлық көрсетті деген айыппен «Прахтиг қасапшысы» атанып кеткен Греневальд және онымен сыбайлас 10 жауапкер бүгін ОАР-дың айыптау актісінің 1872 бабымен жауапқа тартылады. ОАР баспасөзі «Греневальдтың бандасы» деп атаған топ мүйізтұмсықтарды заңсыз өлтіру, олардың мүйізін кесу, саудалау, бопсалау, ақшаның ізін жасыру және тағы сондай қылмыстары үшін айыпталды. Құрама Штаттарда Греневальд және оның інісі Дженнеменді он екідей америкалық аңшы «клиентті алдап соқты, мүйізтұмсықтарды өлтірді» деп айыптап, оларды ұстап беруді талап етті. Чех Республикасында тергеушілер Вьетнамға жіберілген мүйіздер чех аңшылары Прахтигте атқан мүйізтұмсықтардікі екенін анықтап, мүйізтұмсық мүйізін саудалайтын синдикатты Греневальдтың атымен байланыстырды. Греневальд олардың қандай мақсатта ауланғанын білетінін мойындамайды. Бір кездері оған Зимбабведе аң аулауға тыйым салынған екен және ол ОАР-дың Кәсіби Аңшылар Ассоциациясынан шығарылып жіберіліпті.

Оңтүстікафрикалық Деви Греневальд заңсыз аңшылығы үшін 1739 рет айыпталды. АҚШ оны інісімен бірге экстрадициялауға дайындалуда.

Оңтүстікафрикалық Деви Греневальд заңсыз аңшылығы үшін 1739 рет айыпталды. АҚШ оны інісімен бірге экстрадициялауға дайындалуда.

Бұл – әлемдегі ең ірі мүйізтұмсық фермасының қожайындары, мүйізтұмсық мүйізін сатушы-айыпталушы Дэви Греневальд пен Йохан Хьюмнің тарихы. Ол екеуі бір-бірін жақсы таниды және мақсаттары да бір: ОАР мен бүкіл дүние жүзінде мүйізтұмсық мүйізін саудалауға және сатуға деген тыйымды алып тастату. Греневальд бізбен оны ондаған жылдарға түрмеге отырғызып қоюы мүмкін не ОАР-да мүйізтұмсық мүйізін сатуды заңдастыру үшін тайталасып жүрген кезде кездесуге келісті. Мүйіз сату заңдастырылса, халықаралық саудаға жол ашуға септігін тигізуі мүмкін, ал ол, Греневальдтың қарсыластарының айтуынша, мүйізтұмсықтарды жойып жіберуі мүмкін.

кртаа

ЛОРЕН Е. ДЖЕЙМС, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ; ШЕЛЛИ СПЕРРИ. ДЕРЕККӨЗДЕР: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЗЕРТТЕУ АГЕНТТІГІ; ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮЙІЗТҰМСЫҚ ҚОРЫ; IUCN ТҮРЛЕРІН АМАН САҚТАУ КОМИССИЯСЫ, АФРИКА ЖӘНЕ AЗИЯ МҮЙІЗТҰМСЫҚ МАМАНДАРЫ ТОБЫ; МҮЙІЗТҰМСЫҚТЫ САҚТА; ҚОЗҒАЛЫС; АҚШ ЖАБАЙЫ АҢДАР ЖӘНЕ БАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

МҮЙІЗТҰМСЫҚ ДАҒДАРЫСЫ

ОАР – қазір жер бетінде қалған 29 500 мүйізтұмсықтың 70 пайыздайының мекені; салыстырмалы түрде көрсетсек, қара континентте еуропалықтардың ізі жиілеген 1800-жылдардың алдында осы жануардың бірнеше жүз мың басы болған. Олар екі құрлыққа тараған, бес түрі бар: ақ мүйізтұмсық – 20 400 бас; қара мүйізтұмсық – 5 250 бас; сыңар мүйізді ірі мүйізтұмсық, Суматра және Ява мүйізтұмсықтары. ОАР Мүйізтұмсықты жеке асыраушылар ассоциациясының дерегі бойынша, бұл елде 6 200 бас мүйізтұмсық жеке қолда өседі. Олар фотосафари, заңды аулау, мүйіз өндірісі тәрізді коммерциялық мақсаттағы іс-әрекеттерде және жануар басын көбейту үшін қолданылады.

Мүйіз – піл сүйегі, еркек жолбарыстың жыныс мүшесі, жирафтың құйрығы тәрізді табиғат ғажайыптарын сататын экзотикалық заттар базарында ең бағалы зат. Ол ірі қара мал мен басқа да жануарлардың мүйізіндей сүйектен жаралмаған. Адам шашы мен тырнақтары құрамындағыдай кератин деген протеиннен түзілген, оны кесіп тастасаң, қайта өсіп шығады.

ноябрь-мастер-73

ОАР-да мүйізтұмсық мүйізін сату заңсыз, бірақ рұқсатыңыз болса, мүйізді кесіп алуға болады. Жыл сайын немесе екі жылда бір ОАР-лық фермерлер мүйізтұмсықтарды най­заның көмегімен тыныштандырып, әр жа­нуардан екі келі мүйіз кесіп алады; бір күні сатуға рұқсат берілер деп үміттеніп, оны банк қоймасында немесе өзге қауіпсіз жер­де сақтайды.

Заңсыз сауда көбінесе Вьетнам мен Қы­тайды қамтамасыз етеді, ол жерде мүйізтұм­сық мүйізін ұнтақтап, қатерлі ісіктен бастап, теңіз жыландарының шағуы және алкоголь ішкеннен кейін ертесіне болатын күйге дей­інгі түрлі ауруларға ем ретінде қабылдайды. Батыс БАҚ-тары жылдар бойы айтып келген қате хабарларға шабыттанған жұрт мүйізді афродозиак ретінде де ішіп жүр. Греневальд­тың айтуынша, ОАР-дың қара базарында ақ мүйізтұмсық мүйізінің бір келісін 6 500$-ға дейін сатады; Азияның қара базарында кө­терме бағасының өзі бұдан 5-10 есе қымбат, ал бөлшек бағасы одан да жоғары, аспандап тұр. 10 кг тартатын бір бұқаның мүйізінің өзі мозамбиктік браконьердің тұрмыс-жағдай­ын өте жақсартып жіберер еді. Бірақ ол үшін браконьер AK-47-мен Крюгер Ұлттық саябағы­ның шекарасына жасырын кіруі керек. Бірақ оған қару берген адамдар браконьердің өзін тонауы мүмкін. Немесе күзетшілердің оғына ұшырауы кәдік, 2010-2015 жылдар аралығын­да Крюгерде 500 мозамбиктік мерт болған.

Өткен он жылда мүйізтұмсық аулаудың тепе-теңдігі шектен тыс бұзылып кетті. 2007 жылы ОАР 13 мүйізтұмсық жоғалттық деп ха­барлап еді. 2008 жылы 83 деді. Былтыр 1 175 бас жоғалды деген хабар жетті. 9 000-дай мүйізтұмсыққа мекен Крюгерде браконьер­лер, орта есеппен, күніне 2-3 мүйізтұмсық өл­тіреді. Африкада өлтіруге шектеу қойылмаған. Сәуірде Кембридж герцогы мен герцогинясы жануарларды сақтап қалуға септігін тигізу үшін саябаққа келіп кеткеннен кейін, бра­коньерлер Үндістанның Казиранга Ұлттық саябағында сыңар мүйізді ірі мүйізтұмсықты AK-47-мен атып өлтірді.

Мүйізтұмсықтар жараланған кезде ақыр­майды, ыңырайды. Оқ тиген ұрғашысы ауыр­сынып жылап, әдейі шақырмаса да, кейде үріккен баласының қайтадан өзіне қайтып келуіне себеп болады. Браконьерлер оқ үнем­деу үшін төлдің жотасына мачете сұғып, оның да мүйізін кесіп алады. Алғы шепте жүргендер үшін мүйізтұм­сықтарды қорғау консервация мәселесі болудан қалды. «Бұл – соғыс», – дейді жер жүзіндегі браконьерліктің көбісі орын ала­тын Крюгердің аға рейнджері Ксолани Ни­колас Фунда.

«Көңілімізді су сепкендей басады. Мүй­ізтұмсық соғысы — есірткі тәрізді. Көп ақша мен парақорлық жүрген жер. Оған байланысты бүкіл сот жүйесі де қатты түңілтеді. Сотта үнемі жеңіліс табамыз. Айналамыздағы по­лиция бөлімдерін – полиция бөлімдері деп те есептемейміз, өйткені олар браконьерлермен ауыз жаласқан.

ЙОХАНЕСБУРГТЕГІ ШАЙҚАС

1977 жылы Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флораны сату туралы халықара­лық конвенция (CITES) – әлемдегі тұмса та­биғатқа байланысты сауданы реттеп отыра­тын келісім – мүйізтұмсық мүйізін саудалауға тыйым салды. Бірақ бұл тыйым тек елдер арасындағы саудаға қатысты, онда мүйіз та­сымалдаушылар өз пайдасына қолданған бір «бірақ» бар еді: рұқсатпен атылған немесе спорттық аңшылық кезінде атылған ақ мүй­ізтұмсықтың мүйізін немесе олжаны экспорт­тау заңға қайшы емес.

2003 жылдан бастап Вьетнам мүйіз тасы малдаушылары ОАР-лық аңшылықты рет­теушілермен мүйізтұмсықтарды мүйізі үшін өлтіруге келісті. Лаоста орналасқан синдикат, тіпті лақап-аңшы ретінде жезөкшелерді жал­дады. Бұл синдикаттар мүйізді өз елдеріндегі қара базарда сатты.

ОАР ашкөз аңшыларға жауап ретінде жылы­на бір ғана мүйізтұмсық аулауға рұқсат деп аңшылық заңдарды қатайтты, енді аң аулау­ды үкімет адамына куәландыру керек, вьет­намдық аңшыларға аң аулауға рұқсат беріл­меді. Әрбір ауланған мүйізтұмсықтың мүйізіне микрочип қойылуға тиіс болды, оның ДНҚ-сы Претория университетінің ветеринарлық ге­нетика зертханасында ДНҚ индексі жүйесіне тіркеу керек деген талап қойды.

Бұған қарамастан, мүйізтұмсық мүйізін саудалау жалғаса берді. Бұл істе CITES-тің сөзі жүрмейтін тағы бір осал тұс болды: ОАР елінің ішінде мүйізтұмсық мүйізін сату заңға қайшы емес-тұғын.Бірақ 2008 жылы Экология және туризм министрі Мартинус ван Шалквик «мүйізтұмсық мүйізі контрабандасын ауыз­дықтау және браконьерлікке жол бермеу» үшін ол саясатқа мораторий жариялады. 2009 жылдың ақпанында мүйізтұмсық мүйізін ел ішінде сатуға тыйым салу туралы заң күшіне енді. ОАР-дың мүйізтұмсық мүйізін сатуды заңдастырғысы келмеуін Греневальд маған қарапайым тілмен түсіндіріп берді: «Үкіметте осымен шатысы бар біреу отыр».

Греневальд та, Йохан Хьюм да мүйізтұм­сықтарды қолда бағып, мүйіздерін жинап алу керек, сосын оларды заң аясында сатсақ, браконьерлік азаяды дегенді айтады. Бірақ легализацияны қолдамайтын жетекші меке­ме – «Оңтүстік африкалық ренжіген азамат­тардың браконьерлікке қарсы ұйымының» директоры Әлисон Томсон бұл идеяға қар­сы.«Біздің құқық қорғаушы органдарымызға қысым жасалғандықтан 2015 жылы ұсталған бір мыңдай браконьердің, бар болғаны 61-і ғана жауапқа тартылды. Заңды саудаға рұқ­сат берілсе, заңсыздықты қадағалау мүмкін болмай қалады. Қылмыскер синдикаттардың халықаралық қара нарыққа мүйізді көбірек шығаруына жол ашады», – дейді.

Қыркүйекте ОАР-дың Йоханнесбург қа­ласында CITES-тің үш жылда бір болатын мәжілісі өтпек. 1997 жылы ОАР «қара ба­зардың бағасы мен әрекетін» әлсіретіп тастайды» деп насихаттап, CITES-тің ха­лықаралық мүйізтұмсық мүйізі саудасына тыйым салу туралы ережесін көтерді. Бірақ бұл нәтиже бермеді.

Қылмыс пен жемқорлықты құрықтамай жа­тып мүйіз сатуға рұқсат беру апатты жағдайға апарып соғуы мүмкін екенін тарих көрсетті. 2007 CITES конвенциясы піл сүйегін халықаралық нарықта сатуға рұқсат етіп, Ботсвана, Намибия, ОАР және Зимбабве мемлекетіне Қытай мен Жапонияға 100 тонна піл сүйегін шығаруға уәкілеттік берді. Келесі жылғы сауда Азия нарығын піл сүйегімен толтырып тастап, заңсыз саудагерлерді ығыстырып шығаруға бағытталған болатын. Бірақ бәрі керісін­ше болды, піл сүйегі базары қайта ашылып, Африкадағы піл браконьерлігі өрши түсті; тек 2010 – 2012 жылдар аралығының өзінде жылына 30 000 бас піл жойылды және бұл әлі күнге жалғасуда.

«Мүйізтұмсық мүйізі мен піл сүйегі бағасы­ның CITES сауданы заңдастыру туралы айта бастаған кезде өсуі кездейсоқ емес», – дейді Америка жабайы табиғатты қорғаудағы заң­дылықты сақтау ұйымының жетекші қызмет­кері, Жабайы аңдар мен балықтарды қорғау қызметінің (ЖАБҚҚ/FWS ) директоры Уильям Вуди ойлана.

ОАР өз малшыларының түрткілеуімен, CITES-тің мүйіз сатуға тыйым салу конвенциясын жоюға тағы ұсыныс жасайтын шығар де­ген болжам болған.

CITES-тің 2013 жылы Бангкокта өткен жина­лысында ОАР Қоршаған ортаны қорғау мини­стрі Эдна Молева Mail & Guardian газетіне «Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бір нәрсені күнде қайталай бергеннен еш пайда жоқ», – деп мәлімдеді.

Керісінше, мамырда ОАР еркіндікте жай­ылып жүрген мүйізтұмсықтарға ранчоларды ұлғайтуға көмектесіп, ранчолы өзге штат­тардағы жемқорлық пен проблемаларға бет бұрғызатынын дәлелдеу керек екенін айтып, тыйымды алып тастауға ұсыныс жасамайтынын хабарлады. Бірақ басы 100-ден аз мүйізтұмсық мекендейтін, олардың өзі түгелдей ОАР-да қамалған Свезиланд деген шағын ел тыйым салу мәселесін қозғау жөнінде ұсыныс жасады.

MM8443_160409_004580

Мозамбикте, Крюгер Ұлттық саябағы маңында Халықаралық браконьерлерге қарсы күрес қорының қолдауымен жергілікті полицияның коалициялық күштері, экологтар, күзетшілер және рейнджерлер ұзақ уақыт браконьерлік жолмен мүйізтұмсық аулауға қару-жарақ пен көлік дайындаған деген күдіктіні ұстады.

ПРАХТИГТЕГІ ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН

Дэви Греневальд бізді экзотикалық ранчосы­ның отау үйіндегі ұзын ас үстеліне қарай ертіп келді. Матака деп аталатын бұл жер оның екі меншігінің кішілеуі екен, Прахтигтен оңтүстік­ке қарай 200 шақырым қашықта, аумағы 750 гектар. Сыртта жарқыраған екі тікұшақ, бір қора араб жылқысы мен қымбат аңшылық құстар мекендейтін бірнеше гектар жері бар. Дэви оны да, мүйізтұмсықтарды да маған кей­інірек көрсететін болды.

Греневальд Мaтaкaдағы бизнесін 2012 жылы, тұтқындалғаннан екі жылдан кейін бастады, бірақ ол Прахтигтегі аңшылық жұ­мыстарын бітірмеген еді. Ол бастапқы «Out of Africa Adventurous Safaris» деген бұрынғы бизнесінің орнына «Африканың жабайы та­биғатына сафариге шығу» деген жаңа кәсіп ашты. «Екі жыл бұрын осында бір америка­лық саясатшы келген. Ол мына жердің менің меншігім екенін білмейді де екен», – дейді Греневальд мақтанышын жасыра алмай. Ол өзінің ОАР сотында да, АҚШ сотында да жеңетініне сенімді. Мұның себебі де бар: ОАР-да қозғалған қылмыстық іс аңшылық құс фермері, жақын маңайда тұратын Йохан Крюгер азаматтық қуыным бергеннен кейін тоқтатылды. Сот процесі ОАР-дың мүйізтұм­сық мүйізін сатуға тыйым салуы және Грене­вальдты мүйізге қатысты басқа да қылмыстар жасады деп айыптау конституцияға қарсы деп келіспей отыр.

«Крюгердің мен айыпталған қылмыстар­дың ешбіріне қатысы жоқ, ол арызданушы да, сот қызметі үшін шоттарды төлеуші де емес, бәрін істеп жүрген – мен» дейді Греневальд батыл сөйлеп. Крюгер National Geographic-тің сұхбатқа шақыруына жауап бермеді. Бірақ Греневальдқа сенуге негіз бар. Ол Крюгермен енеке бизнесімен бірге айналысып жүр, аңға бірге шығады. Крюгердің фотосы Греневальдтың аңшылық кітапшаларында тұр, Крюгердің адвокаты – Греневальдтың да адвокаты.

Ветеринар Йохан Maрaйс 2015 жылы мамыр айында жасалған жаңа емдеу әдісін, яғни адамға ота жасауда қолданылатын резеңке жолақта¬рын ұрғашы мүйізтұмсықтың бетіндегі браконьерлер жарақаттаған жараға жапсыруға дайындалуда. «Хоуп сауығып кетеді. Ол мұнда өзін жақсы сезінеді. Оның бойында қажымас қуат бар», – дейді Марайс бір жылдан кейін осы жерден кездестірген Хоуп туралы.

Ветеринар Йохан Maрaйс 2015 жылы мамыр айында жасалған жаңа емдеу әдісін, яғни адамға ота жасауда қолданылатын резеңке жолақтарын ұрғашы мүйізтұмсықтың бетіндегі браконьерлер жарақаттаған жараға жапсыруға дайындалуда. «Хоуп сауығып кетеді. Ол мұнда өзін жақсы сезінеді. Оның бойында қажымас қуат бар», – дейді Марайс бір жылдан кейін осы жерден кездестірген Хоуп туралы.

Дэви Греневальдты айыптау 2011 жылғы Прахтигтегі «Қаршығалар» деген атпен белгілі ОАР элиталы полиция бөлімшесі – Ірі қылмыстарды тергеу мекемесінің рейді нәтижесіне негізделген. Крюгер Ұлттық саябағына жауап­ты ОАР Ұлттық саябақтары ветеринарлық қыз­метінің менеджері Маркус Хофмейр сол күні сот мамандары тобымен бірге Греневальдтың мүйізтұмсықтарына наркоз егіп, тін және қан үлгілерін алған. Ол топ 29 мүйізтұмсықтың мекенін анықтап, олардың 26-сын наркозбен тыныштандырған.

Прахтигте көргеніне Хофмейр ант етіп, бы­лай деп түсінік берген: «Біз тыныштандырған мүйізтұмсықтардың бәрінің мүйіздері бұрын алынған, кейбірінікі тура түбінен кесілген. Кей мүйізтұмсықтың мүйізін шынжырлы арамен аралағаны білінеді. Мүйізді түбіне тым тақап кессе, қан ағуы және ветеринарлардың ай­туынша, ауыруы мүмкін. Хофмейр кей мүйізді пышақ сұғып, мүйіздің пайда болу аумағын бас сүйектен бар күшімен ажыратып алған болуы мүмкін деген болжам айтты. Грене­вальдтың айтуынша, «қытайлықтарға мүйізі алынған бөліктер ұнамайды», сондықтан ол бас сүйектен сегіз см төмен кеседі».

Тергеушілер Прахтигте мүйізтұмсық сүйек­тері жатқан бірнеше жер кездестірді. Мүйізі кесілген 19 бас сүйек табылды, бәрінің бас сүйегі кесіп алынған. Одан бері алты жыл өтсе де, Хофмейрдің көз алдынан бір көрініс кет­пейді. Мүйізтұмсық өліктеріне толы шұңқыр сезімін қатты жаралады. Бәлкім, Греневальд­тың құрықтан құтылып кеткісі келетін шығар. Бұл – жүйенің әлсіздігінің айғағы.

Хофмейр – Греневальдтың меншігіндегі мүйізтұмсықтарды Крюгер Ұлттық саябағын­да өзі ұстауға көмектескен жануарлар деп таныған. Греневальд жақсы баға ұсынды және онда тұрған қылмыстық ештеңе жоқ еді. Заңның жұмсақтығына сәйкес, бізге оған сатпасқа болмас еді. Жануарларды жеке меншікке сату – табиғат қорғау жоба­ларына қаржы табудың бір жолы. Кейбір мүйізтұмсықтар сафари ұйымдастырушы­ларға аңшылық үшін сатылса да, олардың санының көбею мүмкіндігі бар. Расында да, аңшылық үшін өсіру XX ғасырдың аяғында ақ мүйізтұмсықтарды құрып кетуден сақтап қалуға септігін тигізді.

Луланың енесі Крюгер Ұлттық саябағында браконьерлердің қолынан қаза тапты. Африка Жабайы түрлерге қамқорлық жасау орталығының қызметкері Дорота Ладос күні-түні оның қасынан кетпейді; шибөрілердің шабуылынан кейін жасалған отадан сауығып кету үшін көңілін аулап, бар жағдайды жасауда.

Луланың енесі Крюгер Ұлттық саябағында браконьерлердің қолынан қаза тапты. Африка Жабайы түрлерге қамқорлық жасау орталығының қызметкері Дорота Ладос күні-түні оның қасынан кетпейді; шибөрілердің шабуылынан кейін жасалған отадан сауығып кету үшін көңілін аулап, бар жағдайды жасауда.

«Адамдарға деген сенімді қайта қалпы­на келтіру үшін ұзақ уақыт керек. Сіз мені оған қатысы бар деп ойлайсыз ба? Мына жануарды ұстап алдым да, торға сап қой­дым», – дейді Хофмейр өзге жерге өзі қоныс аудартқан жануарлар бейнеленген суретке қадала қарап. – Бұлардың 75 пайыздайы әлі тірі, өсіп-өнуде. Маған күш-қайрат беретін де осы».

Греневальд Крюгерден отыздан астам мүйізтұмсық сатып алған, саябақ оны әр ересек бұқаның мүйізінің ұзындығына бай­ланысты айыптады.

«Олар адамдардың аң аулағанына мүд­делі», – дейді ол.

«CRASH» ОПЕРАЦИЯСЫ

2011 жылдың маусымында ЖАБҚҚ (FWS) «ОАР Қаршығаларындағы» полковник Йохан Джустан электронды хат алды; ол ОАР-да Греневальдпен бірге мүйізтұмсық аулаған бірнеше америкалықтан сұхбат алуға көмектесуді өтініпті. Тапсырма Техас, Сан-Антонио қаласындағы ЖАБҚҚ агенті Дэ­вид Хаббардқа берілді.

Хаббард Греневальдты танитын. Хаббард оны ОАР-да рұқсатсыз қабылан атып, оның тұлыбын АҚШ-қа жөнелткені үшін тұтқындаған. Греневальдтың клиенті Техастық сан­техник Гленн Дэйви ол қабыланды 2006 жылы өлтірген. Греневальдтың сол жылы қабылан атуға рұқсаты болмаған-ды, есесіне, кінәсін мойындаған мәлімдемеге сәйкес, оның есімі 2008 жылғы рұқсат сұрап өтініштер жазған­дар тізіміне енді. ЖАБҚҚ агенттері Грене­вальдты 2010 жылдың қаңтарында інісі Джен­неменге қонаққа барған жерінен тұтқындады. Дженнемен компанияның АҚШ-тағы сатылу жұмысын Алабама штатының Отогэвилл қа­ласында отырып басқаратын (Дженнемен ол кезде ОАР-ға оралған). Греневальд сегіз күнге қамалып, клиентіне 7 500$ өтемақы және 30 000$ айыппұл төледі.

«Өз жерімде атып алған қабылан үшін жа­уапқа тартуға қандай қақысы бар олардың! Ұрлаған жоқпын, өзгенің фермасынан атқан жоқпын», – дейді ол ашуын баса алмай.

Греневальд маған ол қабыланның 2008 жылы заңды ауланғанын айтады, ал компа­ниясының 2006-2007 жылғы кітапшасында техастық сантехниктің өлтірілген сол қабы­ланды ұстап түскен фотосы бар.

Хаббардтың ойынша, Греневальд бес жыл өткен соң, 2011-де тұмса табиғатты тағы са­удаға салды. Греневальд компаниясынан аңға шыққан он екіге жуық америкалық та Хаббардқа осы ойды растайтын әңгіме айтып берді. Олар мүйізтұмсық аулауды жоспарла­маған, бірақ Прахтигке келгенде Греневальд оларға көзін жою керек бір «қиын» мүйізтұм­сық бар екенін айтқан. Греневальд олардан орта есеппен 10 000$ алған, бұл заңды аулау үшін төленетін мөлшерлеменің кішкене ғана бөлігі. Америкалықтарға олжаның қасында суретке түсуге рұқсат етіліпті. Үйге алып ке­туге тек сол суретті ғана беріп, мүйізін Грене­вальд өзіне қалдырыпты.

Хаббардтың өзі де қылмыстық іс қозғады, «Preposterous» деп аталатын ол операция «Crash-пен» бірігіп жұмыс жасады ( «Crash» – бір топ мүйізтұмсық деген мағына береді). Әлі де белсенді «Crash» мүйізтұмсық мүй­ізін елдер арасында тасымалдауды тексе­румен айналысады, оны 2011 жылы ЖАБҚҚ бастады. Crash операциясы – агенттіктің ең табысты тексерушілерінің бірі. 2016 жылдың шілдесіндегі мәлімет бойынша, ол 30 адамға айып тағып, оларды 405 айлық мерзімге түр­меге қаматқан, құны 75 миллион АҚШ дол­лары тұратын мүлік тәркілеген.

Crash операциясы тұтқындаған айыпты­лардың көбі бұрынғы немесе антиквар мүй­іздерді сатқан, ал ағайынды Греневальдтар мүйізтұмсықтарды өлтірген деп айыптала­ды. АҚШ-тың Әділет министрлігі оларды ОАР заңына қарсы мүйізтұмсық аулауға 11 рет шыққан, АҚШ-тың Лейси заңын бұзған деп айыптады. Лейси заңын бұзушы – АҚШ- тың немесе шетелдің консервация жөнінде­гі кез келген заңын бұзған қылмыскер боп саналады. 2015 жылдың 4 сәуірінде Депар­тамент ОАР құқық қорғау органдарынан ағайынды Греневальдтарды экстрадиция­лауды талап етті.

Бірақ Греневальд та америкалықтардың қарсы әрекетіне тосқауыл қойған тәрізді. «Ба­сында ОАР бізбен жақсы қатынаста болды», – дейді Хаббард оңтүстік африкалық прокурор­лармен экстрадицияға дайындалған алғашқы байланыстарды есіне алып. Сосын, белгісіз себептерден, ОАР билігі мен АҚШ Әділет министрлігі арасындағы ресми қатынас сұй­ылып кетті. Хаббард оның себебінің бірі – Крюгер сот процесі болу керек деген ойға келеді. (ОАР-дың Мемлекеттік Бас Прокуро­ры «сот шешімін күтіп тұрған іс» деп National Geographic-ке сұхбат беруден бас тартқан).

ЕНЕКЕ – МЕНІҢ ЖАНУАРЫМ

Греневальдтың пикапына отырдық та, оның шаруашылығын аралауға шықтық.

Греневальд араб жылқыларымен қатар, енеке, импала, мүйізтұмсық, бұлғын-бөкен, көгілдір құну асырайды екен. Бөкендерінің ірі, иректелген мүйізіне ақ түсті труба ки­гізіп қойыпты, сатылымға зақымдалмай шықсын дегені.

Греневальд, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие алтын құну, ертоқымды импала, қара импала тәрізді дизайнерлік жануарлар да асырайды. Бұл жануарлардың бойындағы гендер ба­сылыңқы (рецессивті), түр-түстерінің әдеттен тыс болуы да сондықтан. Бұл – жануарлар популяциясына қауіп төндіретін іс, Африка кәсіби аңшылар ассоциациясы «түрлі-түсті нұсқаларды аулауды» этикаға жат санайды.

Енеке – Африканың ең қауіпті сүтқорек­тілерінің бірі, бірақ Греневальд олардың ара­сында пикапын оңай жүргізіп келеді. «Енеке – менің жануарым», – дейді ол сүйініп.

Түймені басып қалып еді, тағы бір шар­бақтың қақпасы сырғып ашылды. Бір топ ірі бұқаларға жақындадық. Мына біреуі алты миллиондай рэнд (400 000$) тұрады. Ал ана біреуінің бағасы 675 000$. Ірі еркеккіндік­тілер сүзісудің орнына ойнақтап шауып жүр.

Мен ұзақ уақыт бойы түсіне алмаған жайт Греневальд жануарлардың бағасын айтқанда айқындалды: Греневальдтың және басқа да көптеген оңтүстік африкалықтардың ойынша, егер сіз өз жеріңіздегі жануарды өлтірсеңіз, онда браконьер емессіз. «Менің браконьер емес екенімді бәрі біледі. Мүйізтұмсық си­яқты жануар менікі болуы тиіс. Құду, енекеге не істесем, оған да соны істей аламын. Ол жануарды сатып алсам, ол менің меншігім болғаны. Егер сіз мүйізтұмсық атқыңыз кел­се, ол – менің фермамдағы мүйізтұмсығым. Егер мен сізге оны атуға рұқсат берсем, сіз оны ата аласыз».

Греневальд «заңды» деген сөзді былай түсінеді екен: мүйізтұмсық менікі ғой.

МҮЙІЗТҰМСЫҚ ПАТШАCЫ

Йохан Хьюм – дүние жүзіндегі мүйізтұмсығы ең көп адам. Ол мүйізтұмсық өсірумен 1995 жылдан айналысып келеді, қазір 1300 бас мүйізтұмсығы бар. Ранчосы Йоханнесбург­тің оңтүстік-батысына қарай 150 шақырым Клерксдорп деген жерде екен. «13 – сәтсіз сан» деді ол маған жаңадан төлдеген мүй­ізтұмсық бар ма екен деген үмітпен компью­теріндегі мәліметтерді тексеріп жатып.

Мен оны былай әңгімеге тарттым: «Құтқару керек болса, мүйізтұмсықтарды ібілістен де сатып алар едім дейді екенсіз ғой».

«Менің мүйізтұмсықтарымның тізімдерін қарасаңыз, «ДГ» дегенді жиі кездестіресіз» деп жауап берді ол. «Ол жүзден астам мүй­ізтұмсық Дэви Греневальдтан алынуы мүмкін дегенді білдіреді. Мен оны жоққа шығармай­мын. Жасыратын ештеңе жоқ, ол мүйізтұм­сықтардың көбісі қазір өліп қалған да болар». (Греневальд айыпталған қылмыстарға Хьюм­ның еш қатысы жоқ).

ОАР-дағы жеке меншік мүйізтұмсықтар­дың бестен бір бөлігін Хьюм асырайды. Хьюм мүйізтұмсық асыраудың оңай екенін айтады. Әр апта сайын жұмысшылары 10-15 мүйізтұм­сыққа наркоз салады, олар тәлтіректегенде көмек көрсетеді, сосын мүйіздерін кесіп алып, қайта оңалдыратын дәрі егеді, одан кейін мүйіздер қарулы күзетпен қауіпсіз жер­ге апарылады. Жылына әр мүйізтұмсықтан екі келіге дейін мүйіз алынады, мүйіз әр 20 айға жуық уақытта бір рет кесіліп тұрады. Хьюм мұндай жұмыспен жылдар бойы ай­налысып келеді, содан бері бес тонна мүйіз жиналғаны есептелді. Хьюм оны күндердің күнінде заңды түрде келісін 10 000 доллар­дан сатам деп үміттенеді, ал ол дегеніңіз 45 миллион доллардай ақша.


Bryanpic-bw-2

Brentbw

Алайда мүйізтұмсық мүйізін сату – заңсыз, ал тірі мүйізтұмсықтан ақша жасауға бола­ды. Соған орай, Хьюм тірі мүйізтұмсықтарды Вьетнамға экспортқа шығарумен айналысып келеді. Өткен жылдың күзінде Хьюм Вьет­намның ең бай адамы Фам Нат Вионгтың Vinpearl деп аталатын компаниясына жүз мүйізтұмсық сату жөнінде келісті.

ОАР-да тірі мүйізтұмсықты экспортқа шығару – заңды, үкімет келісім берген. Хьюмның ферма менеджерінің айтуынша, жабайы мүйізтұмсықтың әрқайсысына 400 гектар жер қажет. Бірақ Хьюмның оларды қорада өсіру рұқсаты бар, жануарларға қо­сымша жем береді, бір мүйізтұмсыққа үш гектар ғана жер бөле алады. Vinpearl сафа­ри-саябағы бір бөлігін түгел мүйізтұмсық өсіруге арнаған.

2015 жылы 7 желтоқсанда Vinpearl ком­паниясының өкілі ОАР-дағы Вьетнам ел­шісімен бірге Хьюмның мүйізтұмсықтарды экспортқа шығару өтінішіне келісім сұрап, ОАР билік басшыларымен кездесті.

Браконьерлерден қорғауға көп ақша жұмсай алмайтын Порт Элизабет маңайындағы ранчер мына мүйізтұмсықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алатын операторға сатты. Жаңа мекеніне апаратын 20-сағаттық жолда сабыр сақтауы үшін оның көзін байлап, құлақтарын тығындай¬ды, тыныштандырғыш дәрі егеді және ветеринар бірге еріп барады.

Браконьерлерден қорғауға көп ақша жұмсай алмайтын Порт Элизабет маңайындағы ранчер мына мүйізтұмсықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алатын операторға сатты. Жаңа мекеніне апаратын 20-сағаттық жолда сабыр сақтауы үшін оның көзін байлап, құлақтарын тығындайды, тыныштандырғыш дәрі егеді және ветеринар бірге еріп барады.

Хатта солтүстік батыс провинциясында ауылдық, қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамытудың депар­таменті былай деп мәлімдеме жасады: «Vinpearl компаниясы кемінде 100 мүй­ізтұмсықты алып кетуді және оларды 15 гектар (37 акр) жерде өсіргісі келетіні ай­тылған. Vinepearl әлемдегі мүйізтұмсығы ең көп хайуанаттар бағы не саябаққа ие болғысы келеді делінген. Үкімет Хьюмның өтінішін қабылдамайды. Джоан Крюгердің сот процесінде серіктес айыптаушы ретінде қатысқанда ол елдегі 2009 жылы мүйізтұмсықты сатуға тыйым салуды алып тастауға ұйытқы болды. Хьюм өз ісінің қарапайым техникалық жақтарына сүйенеді. Ол: «Мо­раторий жариялап, тыйым салмас бұрын үкімет халықты хабардар етіп, әлемдегі ең ірі мүйізтұмсық фермасымен, яғни менімен ақылдасуы керек еді», – дейді.

2015 жылы, 22 қыркүйекте Дүниежүзілік мүйізтұмсық күні Хьюмның ісі тыңдалды. Ол сотта жеңіп шықты, бұл Греневальд үшін жақсы жаңалық болды, үкім екі рет қара­лып, қолдау тапты, үкімет ақырғы апелля­ция берді және тыйым салу ісі нәтижені күтіп, күшінде қалды.

Йохан Хьюмның ранчосында жем жеп жатқан мына мүйізтұмсықтар¬дың мүйізі жақында кесілді. Мүйізтұмсық мүйіздерінің піл сүйегінен айырмашылығы, егер дұрыс кесілсе, онда олар қайта өседі. Хьюмның сақтауында бес тонна мүйіз бар және олар шамамен 45 млн. $ пайда әкелуі мүмкін деп күтілуде.

Йохан Хьюмның ранчосында жем жеп жатқан мына мүйізтұмсықтардың мүйізі жақында кесілді. Мүйізтұмсық мүйіздерінің піл сүйегінен айырмашылығы, егер дұрыс кесілсе, онда олар қайта өседі. Хьюмның сақтауында бес тонна мүйіз бар және олар шамамен 45 млн. $ пайда әкелуі мүмкін деп күтілуде.

Греневальд пен Хьюм мүйізтұмсық мүй­ізін сатуға дайындалуда. Өткен жылғы сот­тағы жеңістен кейін, Греневальд Хьюмның мүйіз қорын көрсетуге сегіз азиялықты әкел­генін айтты. «Бес-алты жастағы балаларды ойыншық дүкеніне әкеп қойғандай әсерде болдым», – дейді Греневальд сол күн туралы.

Дегенмен жергілікті тыйым салу ережесін жойдырту мүйізтұмсықпен айналысатын бас­шылар күресінің тек жартысы ғана. Өйткені ОАР-да іс жүзінде мүйізтұмсық мүйізі нарығы жоқ, халықаралық тыйымды жою оларға да қажет. Бірақ Вьетнамда да, Қытайда да мүй­ізтұмсық мүйізін сатуды заңдастыруға ресми қызығушылық көрсетпегендіктен, бұл екіта­лай сияқты.

Қауіпсіздік тобының екі жігіті күн батқанда тікұшақпен Хьюмның ранчосындағы мүйізтұмсықтарды браконьерлер¬ден қорғайды. Хьюм ранчоның жұмысын жүргізу үшін айына 330 000 доллар жұмсайды екен, оның 200 000-ы мүйізтұм¬сықтардың қауіпсіздігін сақтауға кетеді.

Қауіпсіздік тобының екі жігіті күн батқанда тікұшақпен Хьюмның ранчосындағы мүйізтұмсықтарды браконьерлерден қорғайды. Хьюм ранчоның жұмысын жүргізу үшін айына 330 000 доллар жұмсайды екен, оның 200 000-ы мүйізтұмсықтардың қауіпсіздігін сақтауға кетеді.

Мүйізтұмсық мүйізі ауыр сырқаттарды емдейтін панацея боп есептелетіні Хьюмды толғандырмайды. «Қатерлі ісікпен ауыратын адамдар мен сатқан мүйізтұмсық мүйізін қабылдап, сонда да қайтыс болса, оған мен ұялмаймын. Демек, оларға көмектеспегені. Менің артритім бар. Панацея дегендердің, кем дегенде, алты түрін қабылдаймын. Ешқайсысы көмектеспейді». Деви Грене­вальд үшін әзірге жұмыс істейтін ОАР-дың заң жүйесі. Мүйізтұмсық мүйізіне келгенде ол сәл артық кетеді. «Егер мүйіз сату заңдастырылса, онымен айналысатын ең басты адам мен болам», – дейді ол.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля