..."/>
ЗЕРТТЕУ

Мақсатты зерттеу

NationalGeographic_1921909

Астробиолог Кевин Хәнд Аляскада мұз қабаты астында жүруге арналған роверді сынап жатыр.

Мұз астын мұқият зерттеу 

Келвин Хәнд 


Өзге ғаламшарлардан тіршілік іздеу ғалымдарды бұрыннан қызықтырып келеді. Астробиолог Келвин Хәндтің өзге ғаламшардағы тіршілік иелері туралы зерттеуі он бес жылға жетпей бітпек.

Хәнд 2011 жылы «National Geographic-тің» аға ғылыми қызметкері атанса, 2014 жылы «Rolex марапатын» ұтып алды.

NASA-ның реактивті қозғалтқыш зертханасындағы жобаның бас ғалымы ретінде Юпитер серігі Еуропаға қонып, экспедиция жасайтын ровердің тұжырым дамасын қадағаламақ. Оның зерттеулері мұхит түбінде, Антарктика мұздықтарында жүргізіледі. Бұл жерлерде ол Еуропадағыға ұқсас экстремалды жағдайлардағы тіршілікті  зерттейді. «Егер бәрі сәтті болса, 2030 жылы Еуропаға жетеміз», — дейді Хәнд.

National Geographic 128 жыл бойы ғылыми зерттеу әдісі арқылы үгіт­насихат жүргізіп, әлемді өзгертуге талпынған тұлғаларды қолдап келеді. 1976 жылдан бері батыл бастамаларға арналған «Rolex марапаттары» да осындай мақсатты көздейді. Яғни, ғаламшарды қорғау және адамзат танымын арттыру бағытында көзге түскен өнертапқыштарды ынталандырып отырады. Біз бүгін әртүрлі жетістіктері үшін «Rolex» пен «National Geographic» марапаттарын қатар алған 16 адам жайлы айтамыз.


NATIONAL GEOGRAPHIC САЛАЛЫҚ ЖАЗБАЛАРДЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН НҰСҚАСЫН БАТЫЛ БАСТАМАЛАРҒА АРНАЛҒАН «РОЛЕКС МАРАПАТТАРЫ» ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСІП ДАЙЫНДАДЫ.

ФОТО: МАРК ТИССЕН, NATIONAL GEOGRAPHIC ҚЫЗМЕТКЕРІ

MQ1106_110125_02889

Нтайя Какения білім орталығында майшам жарығымен оқушы­ларға сабақ оқытуда. Ол Кениядағы мек­теп-­интернатты білім беру арқылы қыздар­дың өмірін жақсарту мақсатында 2009 жылы ашты. Алғашқы 26 қыз оқуын 2017 жылы аяқтайды.

Қараңғылыққа білім шырағын жаққан қыз

Какения Нтайя


Какенияның тағдыры Кенияның қарапайым  қыздары секілді әу бастан-ақ белгілі еді. Яғни, бес жасында атастырылады. Ал 14-ке келгенде жыныс мүшесі кесіліп, ресми білім алуы аяқталады да, күйеуге шығады. Бірақ Какения әке-шешесін әзер көндіріп, алысқа білім қуып кетті. Ол Питтсбург университетінде педагогиканың ғылым докторы дәрежесін алған соң білімін ақтауға кірісті. 2009 жылдың мамыр айында Еноосаенде «Какения білім орталығы» деп аталатын қыздарға арналған мектеп-интернатын ашып, онда 280-дей оқушы қабылдады. Мектепте оқу бағдарламасы 4-8-сыныптарды қамтиды. Жоғарғы сыныптарының алғашқы 26 түлегі оқуды 2017 жылы тәмамдайды. 2010 жылы «National Geographic-тің» кіші  ғылыми қызметкері атанған Нтайя: «Жыл сайын мектебімізде оқығысы келетіндердің саны 200-ден асады. Ал біз тек қырық оқушы қабылдай аламыз. Мені күйзелтетіні де осы», – дейді. Ол 2021 жылға дейін бес миллион доллар қаражат жинап, оқушы санын 600-ге жеткізуді армандайды.

RAE08TA_01-053

АСТАНАҒА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

Талал Акаше


Талал Акаше өмірінің тең жартысын Йорданияның көне астанасы Петраны жермен жексен болып құрып кетуден қорғауға жұмсады. 2500 жылдық тарихы бар көне қала қараусыз қалғандықтан тоқырай бастаған.

Талал – 2008 жылы «Rolex» лауреаты атанған химия саласының маманы. Ол картаға түсіру және талдаулар арқылы қызыл құмтастан ойып жасалған 3000-ға жуық археологиялық бедерлердің ғылыми базасын жасады. Ал 2015 жылы қаланы қорғау жоспарын бітірді.

Ғалымдар, туристер және келер ұрпақ үшін шаһарды сақтап қалуға әлі де уақыт жетерлік. Егер құрылыстардың бір бөлігі құлап қалса, Акашенің деректер базасы түпнұсқа қандай болғанын көрсетіп бере алады.

RAE12EC_01-156

Таңғажайып кеміргіштер

Эрика Куеллар


Биологиялық түрлерді сақтау жөніндегі маман Эрика Куеллар Оңтүстік Америкадағы Гран Чако деп аталатын био алуан түрлілікке бай аймақты қорғап қалуға көп күш салды. Соның құрметіне әріптестері жаңадан табылған кеміргіштер түрін оның есімімен атады: Эрика туко-туко. Ғылыми атауы – Ctenomys erikacuellarae.

Суырға ұқсайтын туко-туко Боливияның жергілікті жануары. 2012 жылы «Rolex марапатын» иеленіп, 2013 жылы National Geographic зерттеушісі атанған Куеллар осы елде жергілікті қауымға аталмыш кеміргіштерді қорғаудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.

DSC_0525

Ойсылқ араны қорғаған ғалым

Илзе Колер-Роллефсон


2002 жылы «Rolex-марапатының» иегері Илзе Колер – Роллефсон. Үндістанның райка халқының түйе бағу дәстүрін сақтап қалуға барын салуда. Жайылымның тарылуы, шаруашылықтың технологияға көшуі және түйеге деген сұраныстың азаюы себепті олардың бұл дәстүрі жоғалып барады. Колер-Роллефсон түйе сүтіне сұранысты арттыру бұл қауіпті сейілтеді деп есептейді. Себебі, шұбат – сусамыр мен балалар аутизміне шипа.

Мал дәрігері қызметін атқаратын Колер-Роллефсон аптасына 150 литр қымыран өндіретін кішігірім зауыттың ашылуына көмектесті. Ол бұл көрсеткішті 300 литрге дейін жеткізбек. Малшылардың ірімшік, жүн, тіпті, сабын жасап нарыққа шығаруын тілейтін Колер – Роллефсон түйе тезегінен қағаз жасауды да көздейді.

Ардагер зерттеуші Лонни Дюпренің Арктиканың қатал да ұзақ түндерін жалғыз өткізуге еті үйреніп кеткен. Десе де, Аляскадағы Денали шыңына шықпас бұрын ол 3413 метр биіктікте алапат дауылдан әрең аман қалды.

Ардагер зерттеуші Лонни Дюпренің Арктиканың қатал да ұзақ түндерін жалғыз өткізуге еті үйреніп кеткен. Десе де, Аляскадағы Денали шыңына шықпас бұрын ол 3413 метр биіктікте алапат дауылдан әрең аман қалды.

«Шықшы тауға , қарашы кең далаға»

Лонни Дюпре


Қолайсыз ауа райының кесірінен үш рет сәтсіздікке ұшыраған Лонни Дюпре ақыры 2015 жылдың қаңтар айында Алясканың Денали шыңына шығып, оны бағындырған алғашқы альпинист атанды.

2004 жылы «Rolex марапатының» иегері атанған Дюпре алдына тағы бір міндет қойды. Ол – қаңтардың аязында Аляс кадағы Хантер шыңына көтерілу. Отыз жылдық тәжірибесі бар Дюпре жаттығуын ғылыми деңгейге көтерген. Дей тұрғанмен, он тоғыз күндік азық пен керек-жарақ салынған 27 келілік сөмкені көтеріп жүрудің өзі оңай емес. «Тамақсыз шыдайсың. Ал қарды ерітуге қалайда газ қажет», — дейді Дюпре.

Мал дәрігері Оливер Нсенгимана шара қолданғанға дейін Руандадағы сұр төбел тырналардың саны 500­ге жетпейтін еді. Оливер Нсенгимана жоғалып кетуге шақ қалған құстарды браконьерлер мен саудагерлерден құтқарып, қайта көбеюіне септігін тигізді.

Мал дәрігері Оливер Нсенгимана шара қолданғанға дейін Руандадағы сұр төбел тырналардың саны 500­ге жетпейтін еді. Оливер Нсенгимана жоғалып кетуге шақ қалған құстарды браконьерлер мен саудагерлерден құтқарып, қайта көбеюіне септігін тигізді.

Күлдіру арқылы құстарды қорғау

Оливер Нсенгимана


Мал дәрігері Оливер Нсенгимана Руанданың жойылуға шақ қалған сұр төбел тырналарын сақтап қалу үшін комикс кітаптарынан бастап жоғары технологиялық дрондар қамтылған барлық әдістерді пайдалануда.

Комикс кітаптары Руанда балаларына табиғатты қорғау және био алуан түрлілік жөнінде білім береді. Руанда секілді мекенде мұндай білімнің маңызы жоғары. Себебі бұл елде сұр төбел тырналар, олардың балапандары мен жұмыртқалары саздағы тіршілік ортасынан жасырын ауланып, байлық пен ұзақ ғұмырдың белгісі ретінде саудалануда.

Соңғы елу жылда бұл құстың саны 80 пайызға азайып, Руандада небәрі 500-ге жуығы қалды. 2014 жылы «Rolex» жүлдегері атанған Оливер Нсенгимана бұл заңсыз сауданы тоқтатуға көмектесті. Құстарды көбейтіп, олардың тұмса табиғаттағы санын қалпына келтіру үшін табиғи тіршілік ету ортасына қайтарды.

NationalGeographic_2274012

21 ғасырға қадам басқан атом энергиясы

Лесли Дюан


1979 жылы Три Майл аралындағы апат салдарынан АҚШ-тағы атом энергиясы саласы тоқырауға ұшырады. Дей тұрғанмен, атом инженері әрі 2015 жылғы «National Geographic-тің» аға ғылыми қызм еткері Лесли Дюан қауіпсіз және жетілдірілген атом реакторының болашағы нұрлы болатынына сенімді. Дюанның Бос тон аумағындағы «Трансатом энергиясы» атты бастамасы аясында жаңа тұрпаттағы балқытылған тұз реакторы жасалуда. Бұл реактор 1960-жылдардағы жобаға негізделген. Коммерциялық қолданыстарда бұл реактор пайдаланылған ядролық отынды өңдеп, қайта қолдана алады. АҚШ-тың қордағы пайдаланылған ядролық отыны – 82 700 тонна. Демек, ол ондаған жылдар бойы бүкіл әлемді энергиямен қамтамасыз етеді.

RAE02AM029

СУДЫ ТАЗА ЛАУДАН, ШУДЫ ТАЗА ЛАУ ҚИЫН

Майкл Андре


2002 жылғы «Rolex марапатының» иегері, франциялық биоакустика зерттеушісі Майкл Андре он жылдан астам уақыт бойы бәсең соқтығысуға қарсы ең алғашқы жүйені жасаумен айналысып келеді. Бұл жүйе кит секілді сүтқоректілердің Канар аралдарындағы кемелермен соқтығысуының алдын алады.

Ол келесі онжылдықта «Терең мұхитқа құлақ түру» атты платформаны жасауға атсалыспақ. Су астындағы 22 обсерваторияны жалғайтын бұл платформа теңіз шуылдарының әлемдік жазбасын тіркейді. «Суды тазалаудан, шуды тазалау қиын», – дейді Андре.

NationalGeographic_1553452

«Болор» — бала…

Болорцецег Минджин


«Болор» деген лақап атпен танымал Болорцецег Минджин палеонтология ғылымының Ph.D. дәрежесін алған алғашқы моңғол әйелі. 2010 жылы «National Geographic» аға ғылыми қызметкері атанған ол жаңа ұрпақтың қазба қалдықтарға деген қызығушылығын оятуда.

Моңғолияның Гоби шөлі бағзы замандардан өзен-көлдерге толы болып, өсімдіктер мен динозаврлардың «жұмағы» саналған. Бірақ Болордың айтуынша, моңғол балалары басқа бүлдіршіндер сияқты динозаврларға қызыға бермейді. «Динозавр біздің балаларымызға мистикалық құбыжық болып елестейді. Себебі олар туралы оқып-үйренетін ақпарат көздері жоқтың қасы», — дейді ол.

Болор автобуста динозаврлар жайлы көрме өткізуден бөлек, жан-жақты ағартушылықты қолға алғысы келеді.

NationalGeographic_1777139_2

Түрмедегі тұрақтылық

Налини Надкарни


Коста-Риканың тропикалық ормандары мен Уашингтон абақтысының арасы ұзақ. Бірақ Налини Надкарни екі жерде де өзін жайлы сезінеді. Биолог еңбек жолының басым бөлігін орман ішінде өсімдіктер тіршілігін зерттеуге арнады. Алайда бірнеше жыл өткенде ол Эвергрин колледжінде ұстаздық етіп жүріп, абақтыдағыларға арналған қоршаған орта бағдарламаларын дамытуға бет бұрды. Содан бері оның «Түрмедегі тұрақтылық» жобасы бірнеше штатқа тарап үлгерді.

«National Geographic» грантының иегері және Юта университетінің профессоры Надкарни бұнымен қоса, азшылық топтар мен діни қауымдарға табиғат жайлы «уағыз» мақалаларды оқытып, дәрістеріме қатыс» дегеннен гөрі адамдарға арнау сөзін тұрғылықты жерлерінде жолдағысы келетінін айтады.

Теңіз биологы және океанограф Сильвия Ерл 7000 сағаттан астам уақытын су астында өткізді. «National Geographic­тің» 81 жастағы зерттеушісі әлі де ширақ. Биыл ол Гавайидың Оаху аралы маңындағы терең су астында маржан рифтерін зерттеді.

Теңіз биологы және океанограф Сильвия Ерл 7000 сағаттан астам уақытын су астында өткізді. «National Geographic­тің» 81 жастағы зерттеушісі әлі де ширақ. Биыл ол Гавайидың Оаху аралы маңындағы терең су астында маржан рифтерін зерттеді.

DSC_5426

Адамзат пен тарих сабақтастығы

Дэвид Лордкипанидзе


Ғалымдар Грузияның Дманиси мекенінде осыдан жиырма бес жыл бұрын 1,8 миллион жылдық тіршілік қалдықтарын тапқан еді. Бүгінде ең ежелгі адамдардың Африкадан асып, шет жақтарға аяқ басқанын дәлелдейтін айғақтар табылуда.

Палеоантрополог және 2004 жылғы «Rolex» лауреаты Дэвид Лордкипанидзе 1991 жылы Дманиси нысанын қазуды басқарды. Бұл «Ертедегі барлық Homo қалдықтары бір түрге» тиесілі деген теорияның шығуына алып келді. Тбилиси маңындағы Грузия Мемлекеттік музейінің басшысы ретінде ол бұл нысанға әлі де аптасына кем дегенде екі рет барып тұрады. «Бұл мекенсіз өмірімді елестете алмаймын. Археологтар 5000 шаршы метр аумақты, яғни зерттеуге тиіс жердің 10 пайызын ғана қазды», – дейді ол.

 

«Rolex» қоры «National Geographic» Йохан Рейн хардқа ертеден қолдау көрсетті. 1999 жылы оның тобы тарихи жаңалық ашты. Олар Аргентинадағы Льюльяйльяко жанартауының ұшар басынан инк құдайларына құрбан ретінде шалынған жасөспірім қыздың мұз боп қатып қалған 500 жылдық қаңқасын тапты.

«Rolex» қоры «National Geographic» Йохан Рейн хардқа ертеден қолдау көрсетті. 1999 жылы оның тобы тарихи жаңалық ашты. Олар Аргентинадағы Льюльяйльяко жанартауының ұшар басынан инк құдайларына құрбан ретінде шалынған жасөспірім қыздың мұз боп қатып қалған 500 жылдық қаңқасын тапты.

RAE12BB_01-029

Акула лар мен балықтардың мекені

Барбара Блок


Теңіз биологы Барбара Блок акулалардың, желкенді балықтардың және тунецтердің қимыл-қозғалысын озық технологияның көмегімен бақылау арқылы мұхит жыртқыштарының құпия тіршіліктері жайлы ақпарат қазынасын жасап шығарды. Блок «Теңіздегі тіршілік иелерінің санағы» жобасы аясындағы «Тынық Мұхит жыртқыштарын зерттеу» бағдарламасының жетекші ғалымы ретінде жыртқыштардың негізгі қоректенетін жерін анықтауға қол ұшын созды. Мұндай жерлер криль, сардин, кальмар, анчоус және албырт балықтарға толы. «Монтерей Бей» Ұлттық Теңіз Қорығы дәл осындай мекен. Ол туралы Блоктың 2016 жылы түсірген «Көк Серенгети» ғылыми-деректі фильмінде көрсетіледі. Блок бұл аймақтарда алуан түрлі тіршілік иелері әрі қарай өсіп-өнуі үшін оларды құрлықтағы саябақтар сияқты сақтап, қорғауға алу керек екенін айтады. Жойылу қаупі төнген теңіздегі тіршілік иелерін аулауға қарсы чип орнату мақсатында қаражат жинап жүрген 2012 жылғы «Rolex» иегері: «Бір байқағанымыз, олар сағат тетігі секілді бір қалыптан танбайды», – дейді. «Басты мәселе – заңсыз балық аулау, – дейді Блок, – ал біз технология арқылы бұл мәселені ретке келтірмекпіз».

IMG_7674

Жарғанаттарға ғашық ғалым

Уиннифред Фрик


Уиннифред Фрик болашақ жары, жарғанат зерттеушісі Пол Хэдиді кездестірген кезде экология мамандығын бітіріп, докторантураға түскелі жүрген болатын. «National Geographic» грантының иегері Фрик: «Оған да, жарғанаттарға да бірден ғашық боп қалдым», – дейді. Содан бері ол жарғанаттар тіршілігін және Солтүстік Америкадағы қысқы ұйқыға кеткен жарғанаттар тобырын қырған саңырауқұлақты ауруды – «ақтұмсық синдромын» зерттеп келеді. Ол елу жарғанатқа GPS таратқыштар орнатылған қарғыбау тағуды көздейді. 2018 жылы жарғанаттар үңгірлеріне қайтып келгенде осы құрылғылардың көмегімен егжей-тегжей ақпарат алмақшы.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля