Авторы Ив Конан
1919 жылғы мына фотоның басты жұлдызы Олд Фейтфул гейзері. Бұл Ұлттық саябақтар қызметінің жүз жылдығына арналған жобамызды әдемі де әсерлі көңіл күймен аяқтауға себеп болып отырған таңғажайып сурет. Йеллоустоун Ұлттық Сая бағында орналасқан гейзер бүгінгі бізді ғана емес, осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын мына әйелдерді де (үлкейтіліп көрсетілген) таң-тамаша еткені құпия емес. Американың ең көрнекі орындарының бірі саналатын жерді тамашалап жүрген қос ару гейзерге тым жақын жүргеніне қарамай, әлде күннен, я болмаса, ыстық минералдан қорғанғысы келді ме, әйтеуір қолдарына қолшатыр ұстап алыпты.
Редакторлардан
Билл Боннер – Қырағы Көз айдары мен өзге де сансыз жобаларды небір тылсым суреттермен қамтамасыз еткен талантты адам. «National Geographic-те» 33 жылдан астам архивариус болып қызмет еткен ол өзінің әдеттегі аппақ қолғабымен қордағы сегіз миллионға жуық суретті көзінің қарашығындай сақтады.
Биыл ол зейнетке шығады. Осы шығарылымнан кейін біз де «Қырағы көз» айдарын «зейнетке» жіберейік деп отырмыз.
Бас фоторедактор Джесси Вендердің айтуынша, Боннер үнемі екінің бірі көре бермейтін егжей-тегжейлерді қалт жібермейтін қырағы болатын. «Өткенге мұншалықты мұқият қарайтын адамдар өте аз», — дейді ол.
Өзінің өмірі жайлы 2014 жылы түсірілген деректі фильмде Боннер фотосуреттерге «тарихтың көлеңкесі» деп баға береді. Біз оның бұдан былайғы ғұмырына тек ақсылық тілейміз.
ФОТО: САМНЕР В.МАТТЕСОН, NATIONAL GEOGRAPHIC CREATIVE