Наташа Дәли
Ересектер қажытқан тіршіліктен серпілу үшін ойнауы мүмкін. Ал балалар үшін өмірдің өзі – ойын, ойыншықтар болса әлем танудың бірден бір құралы.
Бұған гендерлік айырмашылықтарға қатысты тұжырымдамалар кіреді. Әлеуметтанушы Элизабет Суит «Sears» каталогындағы «үйдің шағын үлгісі», «жас өнеркәсіп қызметкері» сияқты 7300ден астам ойыншықты зерттеді. Ал, ғасыр соңында ол ойыншықтар хан шайым мен қаһарманға айналғанын айтады.
Бұл әу бастан келе жатқан үрдіс емес. Суит 1970 жылдары феминизм белең алған қоғамда гендерлік ойыншықтардың қатары азайғанын айтады: «Sears» каталогының 1975 жылғы санында көрсетілген ойыншықтардың екі пайызы ғана белгілі бір жынысқа арналған. Алайда 1980 жылдары елеулі өзгерістер орын алды. Гендерлік ерекшеліктер балаларға арналған тауарларда, әсіресе, киімде көрініс тапты. «Маркетологтар ультра дыбыстық технологияның қолжетімді болуын және ата-аналардың болашақ сәбилерінің жынысын алдын ала анықтау мүмкіндігін өз пайдасына шешті», – дейді Суит.
Ойыншықтарды баланың жынысына қарай шығару өз нәтижесін берді. 2015 жылғы зерттеу бойынша, ұлдардың қыздарға қарағанда K’nex, Lego, Puzzle сияқты ойөрісті дамытатын ойыншықтармен жиі ойнайтыны анықталды. Зерттеу авторы, психолог Джейми Джиро маркетингтің маңызды рөл атқаруы мүмкін екенін айтады. Қыздарға арналған «Lego Friends» өнімдер желісі құрастыруға емес, рөлдік ойынға негізделген. Кейбір дүкендер қыздарға арналған ойыншықтарды бөліп көрсетеді. «Ғылым мен технология саласындағы әйелдердің аздығы да осыдан», – дейді Джиро.
Гендер туралы зерттеу
Жыныстар қақтығысы: Ғылым не дейді?
Климат өзгерісіне ерлерден гөрі әйелдер көбірек алаңдайды.
2010 жылы «Gallup» жүргізген экологиялық зерттеу нәтижесі әйелдердің 64 пайызы, ал ерлердің небәрі 56 пайызы ғаламдық жылыну адамның араласуымен орын алғанына сенетінін көрсетті.
Аналық кесірткелер гендерді қалай реттейді?
Аналық қоңыр анолистер аман қалу үшін бірнеше аталықпен шағылысады. Сосын ірі аталықтардың шәуеті арқылы – аталық кесірткелерді, ал ұсақтарының шәуеті арқылы аналық кесірткелерді дүниеге әкеледі.
Ерлер ұрыс-керіс тен кейін достасуға бейім келеді.
Әдетте, ер адамдар ойыннан кейін қарсыласымен қол алысады немесе арқа қағысады. Ал әйелдер Гарвард зерттеушілері анықтағандай, сирек татуласады.