..."/>
ЗЕРТТЕУ

Түстер коды

Jeeyoo

Қызының жастайынан ал қызыл түске қызығатынын байқаған фотограф ерекше екі түсті зерттеп жүр.

Авторы: Кэтрин Цукерман Фото: Джонгми Юн

Джонгми Юнның қызы бес жасында бірыңғай алқызыл түсті киімдерге әуес болыпты. Юн есімді оңтүстіккореялық фотограф баласының қалауы көптеген жас қыздарға тән екенін білді. Оның еліткені сонша, күллі әлем бойынша қыздар мен ұлдарға тән қос түстің фото топтамаларынан құралған «Қызыл мен көк» жобасын бастады.

«Мен бұнымен балалар мен ата­ана лар дың саналы немесе бейсаналы түрде жарнамаға және бұқаралық мәдениетке қаншалықты тәуелді екенін көрсеткім келді, – дейді Юн. – Көк түс мықтылық пен батырлықтың , ал алқызыл түс сүйкімділік пен нәзіктіктің белгісіне айналды».

Мэриленд университетінің профессоры Джо Паолеттидің айтуынша, жынысты бұл түстермен байланыстыру үрдісі жақында пайда болған. ХІХ ғасырда пастелді түстер Еуропа пен АҚШ­тың көп бөлігінде сән болды және жыныс белгісі ретінде емес, бетке әр беру үшін киілгенін айтады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында киімдердің түсінде гендерлік өзгешеліктер пайда бола бастағанын атап өтті. Ал 1940 жылға қарай ал қызыл және көк түс гендерлік белгі ретінде түпкілікті қалыптасты және бүгін де солай жалғасып келеді.

«АҚШ «алқызыл түс – қыздарға, көк түс – ұлдарға» құбылысына айтарлықтай үлес қосты», – дейді Паолетти. Оның айқын көрінісі – Барбидің түстер палитрасы, қаһармандар туралы фильмдер және америкалықтардың балалық шағының өзге де маңызды элементтері екенін айтады. Сондай­ақ, ол жыныс туралы дәстүрлі идеялар ретінде мәдени ықпалға ие.

Оңтүстік Корея. Сеул. 2007/2008 жыл. Басынан бақайшағына дейін алқызыл киім киген төрт жасар Джио өз үйінде тұрған сәті. Ал алты жасар Донгху ойыншық, киім, кітап және өзге де заттарының көк түсті болғанын қалайды.

Оңтүстік Корея. Сеул. 2007/2008 жыл. Басынан бақайшағына дейін алқызыл киім киген төрт жасар Джио өз үйінде тұрған сәті. Ал алты жасар Донгху ойыншық, киім, кітап және өзге де заттарының көк түсті болғанын қалайды.

Юн 2005 жылы «Алқызыл мен көк» жобасын бастағалы бері, балалардың түске деген талғамы жасына қарай (үшінші немесе төртінші сыныпта) өзгеретінін байқады. Мәселен, Юн Нью-­Йоркта тұратын сегіз жастағы Майя (оң жақта) есімді қызды суретке түсірген сәтте оның алқызыл түстен алшақтап, күлгін сияқты басқа да түстерге ойыса бастағанын аңғарды.

Maia-02-raw
«Мен балалардың бұқаралық мәдениетке қаншалықты тәуелді екенін көрсеткім келді»

Джонг Ми Юн, фотограф

Jiwon

Кішкентай Дживон (2008 жылы ол төрт жаста болатын) Оңтүстік Кореяның Коян қаласындағы алқызыл түсті заттарға толы үйінде. Ал бес жасар Итан 2006 жылы Нью­Йорк тың Куинс ауданындағы үйінің кілең көк түске толы бөлмесінде Суперменнің жамылғысын киіп суретке түсті.

Кішкентай Дживон (2008 жылы ол төрт жаста болатын) Оңтүстік Кореяның Коян қаласындағы алқызыл түсті заттарға толы үйінде. Ал бес жасар Итан 2006 жылы Нью-­Йорктың Куинс ауданындағы үйінің кілең көк түске толы бөлмесінде Суперменнің жамылғысын киіп суретке түсті.

 

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля