..."/>
ЗЕРТТЕУ

Бала баққан әкелер

IAM_00072048

АВТОРЫ : ПАТРИСИЯ ЭДМОНДС ФОТО: ЙОХАН БАВМАН

Йохан Бавман ұлы Вигго дүниеге келгенде Швецияның ұзақ мерзімді декреттік демалыс саясатын пайдаланып, балаларымен үйде отырған әкелер өмірін бейнелейтін фотожобасын жасады.

Аналардың ақылы декреттік демалысқа шығуы – бүкіл дүниежүзінде қалыпты жағдай. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамындағы 35 елдің 34­-і осындай саясат ұстанады (АҚШ-­тан басқасы). Бұл елдердің үштен екісі ерлерге де, қысқа мерзімді болса да декреттік демалыс береді. Мұндай тәжірибені ең алғаш 1974 жылы Швеция енгізді.

Швецияның үкіметтік бағдарламасы ата­-аналардың балаларына қарауға берілетін ақылы демалысының 480 күнін өзара бөлісіп, қаншалықты тең бөлгеніне қарай бонус жинауға мүмкіндік береді. «Алайда мұндай ынталандыруға қарамастан, ондай мүмкіндікті швед әкелерінің 14 пайызы ғана пайдаланады», – дейді Бавман.

Каролин Ильстром жаңа туған сәбилерін құшағына басып, емірене емізуді аңсады. Бірақ шала туылған Париса мен Лейя есімді егіздер өздігімен еме алмады. Арада көп өтпей Бавман дүние есігін жаңадан ашқан сәбилерді суретке түсіруге барды. Үйлеріне келсе, әкелері Самад Кохиголтапе оларды тамшуырдың көмегімен жасанды сүт беріп, кеудесіне жатқызып жылытып жатыр екен. Құрылыс инженері Кохиголтапе Ильстроммен бірге сәбилеріне қарау үшін төрт айлық декреттік демалыс алды. Кейін тағы алты айлық демалыс алып, балаларына жалғыз өзі қарады.

Бавман жалпы, декреттік демалыстағы 45 әкенің портретін жасады. Ол ерлерге берілетін декреттік демалыстың пайдасын түсіндіру үшін оларға бір сәт модель болуды ұсына алатынына қуанышты.

Бавман ұзақ уақыт бойы балаларының қасында болу оның жақсы әке атануына себепші болғанын айтады. Ол өзінің фотожобасы арқылы көптеген әкелерді ынталандыруды және өзге де елдердің бұл идеяны жүзеге асыруын көздейді.

Йохан Икенгард пен оның жұбайы декреттік демалысты теңдей бөлісті. Ол Тира Стина және Эбба есімді балаларын жуындырып-шайындырып жатыр.

Йохан Икенгард пен оның жұбайы декреттік демалысты теңдей бөлісті. Ол Тира Стина және Эбба есімді балаларын жуындырып-шайындырып жатыр.

IAM_00072066

IAM_00072049

IAM_00072071

IAM_00072045

Әкелер бала баққанда не істейді?: Фредрик Карлсон балаларын ойнатса, Эрик Линдблад кішкентайымен кітап оқып отыр. Мартин Гагнер қызының тырнағын бояуда. Ола Ларсон еден тазалауда.

«Балаларым анасына қалай сенсе, маған да солай сенеді. Себебі, екеуіміз де декреттік демалыс алдық», — дейді пробация қызметкері Андреас Бергстром. Сэм мен Эллиоттың жуынатын уақыты болды.

«Балаларым анасына қалай сенсе, маған да солай сенеді. Себебі, екеуіміз де декреттік демалыс алдық», — дейді пробация қызметкері Андреас Бергстром. Сэм мен Эллиоттың жуынатын уақыты болды.

«Осыншама ұзақ уақыт бойы декреттік демалыста болғаныма шексіз ризамын», – дейді студент Хуан Карденал. Ол Альма (сол жақта) мен Иво есімді балаларының әрқайсысына тоғыз айлық демалыс алды.

«Осыншама ұзақ уақыт бойы декреттік демалыста болғаныма шексіз ризамын», – дейді студент Хуан Карденал. Ол Альма мен Иво есімді балаларының әрқайсысына тоғыз айлық демалыс алды.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля