..."/>
NATIONAL GEOGRAPHIC

Намысқой фотограф

13

Құс төресі қыранды баулып, онымен саят құру – көшпелі қазақ тұрмысындағы сән-салтанаттың бір түрі.

Авторы: Арай Ізбай Фото: Серік Мұқыш

Бекзат өнер саналатын құсбегілікті таспалау идеясы қалай туды? Бұл жөнінде Қытайдағы қазақтар ішінен шыққан кәсіби фотограф – Серік Мұқыш былай деп әңгімелейді: ­ «Мен ұзақ жылдар бойы фото өнерге арналған қытай тіліндегі жоғары сапалы газет­журналдарға үзбей жазылып келемін.

2009 жылы Бейжіңнен басылатын осындай бір журналды таңдай қаға, тамсана оқып отырғам. Кенет көзіме бір көрініс оттай басылды: кәдімгі қазақы киіз үйде білегіне бүркіт қондырған, беліне күміс белбеу таққан, басына түлкі тұмақ киген қазақ бүркітшісінің бейнесі. Керемет! Бірақ әлгі фотоның астына «моңғол аңшысы» деп жазып қойыпты. Бұл моңғол емес, қазақ бүркітшісі болатын. Авторы шетелдік фотограф екен. Дереу әлгі журналдың редакциясына телефон соқтым. Олар «келесі күні жауабын береміз» деді. Келесі күні жауап келді: «Бұл бізден кеткен қателік емес, фото авторы осылай жазған екен» деп суретті түсірген шетелдіктің телефон нөмірін берді. Алайда мен авторды іздеген жоқпын. Біріншіден, ағылшын тілін білмеймін, екіншіден бұл істің жауабын шетелден іздегенше қазақ бүркітшінің өзін тауып, жауабын соның өзінен алуды жөн санадым. Менің бүркітшілерді фотоға түсіру тарихым осыдан басталды».

27

Қазақ халқы бүркіт, қаршыға, қырғи мен ителгі секілді аңшы құстарды қыран деп атайды. Қыран сөзі көне түрік тілінде де батыл, алғыр деген мағына береді.

Қазақ халқы бүркіт, қаршыға, қырғи мен ителгі секілді аңшы құстарды қыран деп атайды. Қыран сөзі көне түрік тілінде де батыл, алғыр деген мағына береді.

Тәжірибелі бүркітшілер бүркітті жас кезінен қолға үйретіп, аңшылыққа баптайды. Бүркітшілік аса қиын әрі жауапты жұмыс. Егер құстың көңіл-күйін таппаса, иесінің өзіне шабуылдаған кездері де болған.

Тәжірибелі бүркітшілер бүркітті жас кезінен қолға үйретіп, аңшылыққа баптайды. Бүркітшілік аса қиын әрі жауапты жұмыс. Егер құстың көңіл-күйін таппаса, иесінің өзіне шабуылдаған кездері де болған.

Осылайша Серік Мұқыш Қытайда қазақтар тұратын Іле, Тарбағатай мен Алтайдың бүркітшілерін аралап, кейіннен Алтай өңіріндегі бүркітшілермен кездесіп, олармен көп әңгімелеседі. 2011 жылы халықаралық бүркітшілер мерекесі болатын Баянөлгей өлкесіне сапарлайды.

С.Мұқыштың айтуынша, шетелдік фотографтар да оған «Шындығында бүркіттің бабын тек қазақтар ғана жақсы келтіре алады» деген екен.

16

Асқан батылдығы мен тектілігі үшін қыран құсты қазақ халқы ежелден-ақ ерекше қастерлеген. Бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік байрағында қыранның бейнеленуі тегін болмаса керек.

Асқан батылдығы мен тектілігі үшін қыран құсты қазақ халқы ежелден-ақ ерекше қастерлеген. Бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік байрағында қыранның бейнеленуі тегін болмаса керек.

Қыран бүркіт биіктен шүйлігіп кеп, жемтігін бүріп жатыр. Оның шеңгелі түлкіге тиген бойда қарысып қалады да, иесі келіп босатып алғанша жазылмайды.

Қыран бүркіт биіктен шүйлігіп кеп, жемтігін бүріп жатыр. Оның шеңгелі түлкіге тиген бойда қарысып қалады да, иесі келіп босатып алғанша жазылмайды.

Ғалымдар бүркітшілерді орнитолог мамандармен қатар бағалау қажеттігін айтады. Іле қазақ автономиялық облысында жыл сайын өтетін бүркітшілер мерекесіне құсбегілермен қатар туристер де көптеп келеді.

Ғалымдар бүркітшілерді орнитолог мамандармен қатар бағалау қажеттігін айтады. Іле қазақ автономиялық облысында жыл сайын өтетін бүркітшілер мерекесіне құсбегілермен қатар туристер де көптеп келеді.

Сөйтіп, ол Баянөлгейдегі Халықаралық бүркітшілер мерекесін бастан­аяқ суретке түсіріп, зор «байлыққа» кенелді. Еліне оралғаннан кейін сол суреттерді қытайлық басылымдарға жариялайды. Осы арқылы фотограф төрт мың жылдан астам тарихы бар құсбегілік өнерінің негізінен қазақ халқына ғана тән екенін жалпақ жұртқа жария етті.

2013 жылдан бастап өзі тұратын Алтай аймағының Шіңгіл ауданында қазақ бүркітшілердің түрлі шаралары ұйымдастырыла бастайды. Ал бұл фотолар сол Шіңгіл ауданындағы бүркітшілердің ортасынан түсірілген болатын.

32

24


Serik-Mukysh

Серік Мұқыш — Қытайда туып­-өскен қазақ фотографы. Негізінен этнографиялық тақырыптарда жұмыс істейді.

ФОТО: ЕРБОЛАТ ШАДРАХОВ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля