..."/>
ЗЕРТТЕУ

Мен тоғыз жастамын

«Қыздың жақсысы – ұл болмадым деп өкінбегені».

«Қыздың жақсысы – ұл болмадым деп өкінбегені».

ЭЙВЕРИ ДЖЕКСОН  КАНЗАС СИТИ, МИССУРИ

Әлем балалары гендерлік ерекшеліктің өз өміріне әсері туралы әңгімелейді. Гендерлік ерекшеліктің өмірге әсерін білгіңіз келсе, тоғыз жастағылардан сұраңыз.

Автор: Ив Конант      Фото : Робин Хэммонд

Тоғыз жастағы кениялық қыз осы кезден­-ақ оны әке­-шешесінің қалың мал үшін күйеуге беретінін және болашақ жарының ұрып-­соғатынын біледі. Ал тоғыздағы үнді баласына құрдастарының ықпалымен көшедегі қыз-қырқынға қырындайтыны әлден-­ақ аян.

Қытайдан Канадаға және Кениядан Бразилияға дейінгі атырапты мекендейтін тоғыз жасар жеткіншектер өз армандары жайында әңгімелейді. Ұл балалар өздерінің жынысын кедергі деп есептемейді, ал қыздар ондай ойға жиі келеді.

Бала өтпелі кезеңге қадам басып, жеткіншек атанар алдында демографиялық статистика жайлы ойламайды. Алайда өзі туралы сөз болғанда, әңгіме басқа…

Балалардың пікірін білу мақсатында «National Geographic» төрт құрлықтан 80 үйді аралап көрді. Рио ­де ­Жанейроның кедей жатақтарынан Пекиннің дәулетті аудандарына дейін кезіктірген ой өрісі әр қилы тоғыз жасар балғындарға бірдей сұрақ бағыттадық. Ешбірі де қымсынбай жауап берді.

Олардың көбісі түсінбеушілік салдарынан жалғызсырайтынын жасырмай айтты.Енді біреулері гендерлік кедергілерді табысты жеңуде.

– Қыз бола білудегі ең жақсы нәрсе не?

Эйвери Джексон кемпірқосақ түсті етіп боял ған бір уыс шашын көзінен ысырып тастап, былай жауап берді: «Қыз болу барлық жағынан жақсы».

– Қыз болудағы ең жаман нәрсе не?

Эйвери төрт жасқа дейін ұл ретінде өмір сүргенін және өзін бақытсыз сезінгенін айтады. Бала кездегі достарынан «анам сені жақтырмады» деген себеппен айрылғанын осы күнге дейін күйінішпен еске алады. 2012 жылдан трансгендерлік қыз ретінде ашық өмір сүріп жатқан Канзас Сити­дің тумасы бүгінгі күні гендерлік рөл мен құқықтар жөніндегі әңгімелердің басты кейіпкеріне айналды…

«Тоғыз жастағылар әр сөзін нық әрі ақылмен айтады, – дейді Гарвард университетінің бала денсаулығы және адам құқықтары жөніндегі доценті Тереза Бетанкур. – Мұндай балалар өздері құралпылардың қысымына жиі ұшырап жатады, бірақ есеюмен бірге келетін түсінік, ішкі тәртіпті сезіне бермейді».

Мумбай маңындағы кішкентай үйде тұратын Санни Бхопе «ұл болудың ең жаман жері – әйелдерге жұрттың көзінше тиісетіндерге қосылу керектігі» дейді. Үнді қоғамында әйел дерді ашықтан-­ашық қорлаудың бұл түрін сыпайылап «Eve­teasing» («Хауаны мазақтау») дейді.

Пекиндік Юки Ван бәрінен бұрын «біз ұлдарға қарағанда байсалды әрі сенімдіміз» дегенді айтады. Ал Рио тұрғыны Юлиана Мейрелес Флори болса: «бізді лифтіде бірінші болып өткізеді», – дейді.

– Егер сен ұл емес, қыз болғанда өмірің қалай өзгеретін еді?

Иерусалимдік Лев Хершберг егер ол қыз болған жағдайда «компьютермен ойнағым келмес еді» десе, оның досы Шимон Перель нәзік жандыға айналса, «онда секірмек жіппен ойнай алатынын» айтады.

Мумбайдан шалғай тұратын Пуджа Пауара «ұл болсам, скутер тебе алатын едім» дейді. Қытайдың Ягущу ауылының тумасы Ян Чжу үшін ұл болу өзенде жүзу тілегін орындау мен пара-­пар. Себебі оның әжесі қыздар үшін өзен суы суық екенін айтып, үнемі тыйып тастайтын көрінеді. Ал Луандра Монтованиді үйдегілері ұл боп тумағаны үшін Рио көшелерінде ойнауға рұқсат етпейді екен. Өйткені айнала зорлық-зомбылық пен қаңғыған оқ сияқты түрлі қауіп-­қатерге толы.

Оглала Лакота тайпасынан шыққан, бүгінде Оңтүстік Дакотаның Пайн-Ридж қорығында тұратын Эриях Биг Кроу бір сырды сыбырлап жеткізді: «Қазір істей алмайтын нәрсе жоқ, себебі ұл мен қыз бірдей».

– Өскенде кім болғың келеді?

Найробиден 500 шақырым шалғайда өмір сүріп жатқан, көптеген марапаттың иесі Шанеле Уангари Муанги өз болашағын тіптен басқаша елестетеді. Ол әуесқой гольф ойыншысы атанып, әлжуаз жандарға көмек қолын созғысы келеді.

Канаданың Оттавасындағы Уильям Кей алдағы үлкен өмірін банк немесе компьютермен байланыстырып, «ақылды жігіт» атанғысы келетінін жасырмайды. Ал пекиндік Юншу Санг полицей болғысы келеді. Алайда бұл қызмет ерлерге тән болғандықтан, қыз басыммен алып кету мүмкін бола қоймас деп налиды. Пенсильвания штатындағы Хильде Лысяктің журналист болудан үміті бар. Сұр және күлгін велосипедтеріне тыныштық бермейтін ол үнемі жаңалық іздеуге жаны құмартып тұрады.

– Сенің көңіліңді түсіретін не нәрсе?

Оглала Лакота өкілі Томи Уор Боннет үшін ең қорқыныштысы – адамдардың өзі-­өзіне қол жұмсауы. Шынымен, мұндай кезде он жасар баланың ойына не келуі мүмкін? Томи 12 жастағы баланың өлгенін өз көзімен көрген екен.

Мумбайлық Рания Сингла оны кішкентай інісі соққан кезде жаны жабырқайтынын айтады. Газа тұрғыны Ламия әл­Наджар: «2014 жылғы әскери қақтығыстар кезінде өзіміз тұрғызған үйдің көзімізше күлі көкке ұшқанын көргенде қатты қайғырдым», – дейді.

– Сендерді бақытты қылатын не нәрсе?

Бұл тізімнің қатары көп: Аллаға деген сенім, отбасы, тамақ, футбол және достар. Кейбір жекелеген жауаптар адамның да қандай екенінен хабар берсе керек-ті. Рио тұрғыны Мария Эдуарда Кардосо бақытты болу — ажырасқан әке­-шешесінің мәңгілік қасынан табылып, құшағына басып, ақылын айтқаны деп біледі.

Беде Шеппардтың пікірінше, тоғыз жаста балалардың уайымдау, әділеттілік сияқты сезімдері дамып, дұрыс пен бұрысты ажырата алатын қасиеттері артады. Human Rights Watch ұйымы директорының балалар құқығы бойынша орынбасары Шеппард әр түрлі қиын жағдайларда жұмысшылардың, босқындардың, басқа да жастардың балаларымен жұмыс істеген. Айтуынша, әдетте еңсесі езіліп, бақытсыз күйге тап болған бүлдіршіндердің көпшілігі елгезек, ақпейіл болып келеді екен. Туркан малшысы Лопейок Кагете адамдарға ақша таратып бергенді және олардың қарны тоқ жүруі үшін арнайы қасапхана ашуды армандайды. Сонни Бхопе мен оның үй­-іші бір бөлмелі пәтерде тұратынына қарамастан, үнді баласы қараусыз жандарға бөлмесінен орын тауып бергенді қалайды.

Қыздарға қарағанда ер балалар ыңғайсыздыққа жиі тап болып жатады. Қыздар жағы шаштарына көп уақыт бөледі. Ондай дүниелер олардың болмысындағы ауқымы ерек бір бөлшек іспеттес.

– Өз өміріңде немесе әлемде нені өзгертуді қалар едің?

Рио тумасы Клара Фрага алаяқтарды құртқысы келеді. Эбби Хаас өзінің Оңтүстік Дакота жерін «жаман ұлдардан» аластатсам деп ойлайды. Оттавалық Киран Мануэль Розели болса, «лаңкестердің көзін жойсам» дегенді айтады. Балалардың қатқыл жауаптары бейне бір ересектердің әңгімесіндей әсер қалдырады. Қытайлық Фан Ван қолымнан келсе, жалғыздықпен күрсетін едім дегенді алға тартыпты. «Өзгерістерге деген құлшыныс көбінесе жағрафиялық орналасу мен жыныстық қажеттіліктен туындаса керек-­ті» деп қорытындылайды Эйвери Джексон. «Егер әлемді өзгерту өз қолыңда болса, онда адамды кемсіту деген де болмас еді, – дейді ол. – Өйткені ол өте жаман».


Осы мақаланы дайындау үшін NG тілшісі Ив Конант пен фотограф Робин Хэммонд төрт құрлық кезіп, 80 баладан сұхбат алды.

«Ұлдың ең жаманы – ұрлық жасау мен қыздарға қырындауға құмар болғаны».

«Ұлдың ең жаманы – ұрлық жасау мен қыздарға қырындауға құмар болғаны».

САННИ БХОУПЕ  МАХАРАШТРА, ҮНДІСТАН

«Кейде жасырын барып фермадағы ағама көмектесіп тұрамын. Мұны анам біліп қойса, «өскенде қолың мүйізгек болып кетеді» деп ұрсады.

«Кейде жасырын барып фермадағы ағама көмектесіп тұрамын. Мұны анам біліп қойса, «өскенде қолың мүйізгек болып кетеді» деп ұрсады.

ФАНГУАНГ  ЙАКУЭШУЙ, ҚЫТАЙ

«Біз қайда барсақ та, соңымыздан еркектердің аңдып жүргені. Тіпті суға, отынға барғанда да сырт көз ізіңді бағып отырады».

«Біз қайда барсақ та, соңымыздан еркектердің аңдып жүргені. Тіпті суға, отынға барғанда да сырт көз ізіңді бағып отырады».

НАУАРКАГЕТЕ КАПУТИР, КЕНИЯ

«Қыз болғандықтан жасай алмайтындай дүние жоқ. Барлығы да тең. Бұрынырақта сәл басқаша еді, қазір әркімнің мүмкіндігі бірдей».

«Қыз болғандықтан жасай алмайтындай дүние жоқ. Барлығы да тең. Бұрынырақта сәл басқаша еді, қазір әркімнің мүмкіндігі бірдей».

МИКАЙЛА МАКДОНАЛЬД ОТТАВА, КАНАДА

«Ұлдардың ең жаманы – қыздарға қол көтеруі. Қыз бала онсыз да нәзік, жасқаншақ келеді... Сондықтан ұлдар жауапкершілікке ие болғаны дұрыс».

«Ұлдардың ең жаманы – қыздарға қол көтеруі. Қыз бала онсыз да нәзік, жасқаншақ келеді… Сондықтан ұлдар жауапкершілікке ие болғаны дұрыс».

ЮНГЖИ, ВАНГ БЕЙЖІҢ, ҚЫТАЙ

«Қолымнан келсе, өз басымның кемшіліктерін өзгертер едім. Өйткені бойымдағы қорқақтығым өзіме ұнамайды».

«Қолымнан келсе, өз басымның кемшіліктерін өзгертер едім. Өйткені бойымдағы қорқақтығым өзіме ұнамайды».

ДЖАЙ ФАН БЕЙЖІҢ, ҚЫТАЙ

«Маған қыз болғаным ұнайды, себебі біз ұлдарға қарағанда ұқыптырақ, жеке бас күтіміне ерекше мән береміз».

«Маған қыз болғаным ұнайды, себебі біз ұлдарға қарағанда ұқыптырақ, жеке бас күтіміне ерекше мән береміз».

МАРИЯ ЭДУАРДА КАРДОСО РАЙМУНДО РИО ДЕЖАНЕЙРО, БРАЗИЛИЯ

«Өскенде теңізші болып, елімді қорғағым келеді. Өйткені өзге жаман адамдар менің халқымды өлтірген».

«Өскенде теңізші болып, елімді қорғағым келеді. Өйткені өзге жаман адамдар менің халқымды өлтірген».

РАЙЛИ РИЧАРДС ПАЙН РИДЖ ҚОРЫҒЫ, ОҢТҮСТІК ДАКОТА

«Ұл болудың ғажабы «шалбар киюіңде».

«Ұл болудың ғажабы «шалбар киюіңде».

ЛОПЕЙОК КАГЕТЕ КАПУТИР, КЕНИЯ

«Ұл мен қыздың айыр масы сол, қыздар жағы сыпайы келсе, ұлдар дөрекілеу. Кейбірі жұртты мазақтап, өзі-өздеріне ие бола алмай қалады».

«Ұл мен қыздың айыр масы сол, қыздар жағы сыпайы келсе, ұлдар дөрекілеу. Кейбірі жұртты мазақтап, өзі-өздеріне ие бола алмай қалады».

НИКОЛЬ НДУТА МУНИЮИ ОСАНО НАЙРОБИ, КЕНИЯ

«Біздің орта білім алуға мүмкіндігіміз жоқ. Ал ұлдар жағы білімді болып, жер жүзіне саяхаттай алады. Қыздарға ол бұйырмайды».

«Біздің орта білім алуға мүмкіндігіміз жоқ. Ал ұлдар жағы білімді болып, жер жүзіне саяхаттай алады. Қыздарға ол бұйырмайды».

АЛЬФИЯ АНСАРИ МУМБАЙ, ҮНДІСТАН

«Ұлдың күші көп. Тоңазытқыш сияқты заттарды еркін көтере бересің. Ал қыз болсаң, шашыңды күтіп, сәнденіп жүруің керек».

«Ұлдың күші көп. Тоңазытқыш сияқты заттарды еркін көтере бересің. Ал қыз болсаң, шашыңды күтіп, сәнденіп жүруің керек».

ДВИР БЕРМАН ГИВАТ ЗЕЕВ (ИЗРАИЛЬ) БАТЫС БАНК

Ұлдар да, қыздар да өз ортасында ойнайды. Бірақ олар ешқашан бірге ойнамайды. Және бізді бір-біріміздің ойынымыз қызықтырмайды.

Ұлдар да, қыздар да өз ортасында ойнайды. Бірақ олар ешқашан бірге ойнамайды. Және бізді бір-біріміздің ойынымыз қызықтырмайды.

ИБРАГИМ ӘЛ НАДЖАР ХАНАЮНИС, ГАЗА

«Қыз болғанның жаманы ұлдардың ісімен айналыса алмайсың. Айталық, осы уақытқа дейін әйел президенттің болмауы мені қатты алаңдатады».

«Қыз болғанның жаманы ұлдардың ісімен айналыса алмайсың. Айталық, осы уақытқа дейін әйел президенттің болмауы мені қатты алаңдатады».

ТОМИ УОР БОННЕТ ПАЙНРИДЖ ҚОРЫҒЫ, ОҢТҮСТІК ДАКОТА

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля