..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

Айбынды әскер – Тәуелсіздік тірегі

01

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі – сол елдің ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Сондықтан өз әскеріміздің айбынды, қорғанысымыз қуатты болғанда ғана болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.

02

1991 жылы қазақ елі КСРО-дан бөлініп шығып, дербес елдің іргесін бекіту, айбынын асыру мақсатында Қарулы күштерін де құруы керек болды. Осыны ескерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәл сол жылы «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп атап өтуді белгілейтін тиісті заңға қол қойған болатын. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы күннің құрметіне 1992 жылы 7 мамырда сол кездегі астанамыз Алматыдағы Республика алаңында тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш әскери парады өткен.

03

Отан қорғаушылар күні 2013 жылға дейін жай ғана кәсіби мереке ретінде атап өтіліп келген болса, мемлекеттік мәртебесін иеленгеннен кейін кең көлемде тойлана бастады. Оған дәлел 2013 жылы Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып тұңғыш рет жауынгерлік парад өткізген-тін. Ол жолғы парадқа түрлі әскери техникалар мен 7 мыңға жуық әскери қызметші қатысса, 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өткізілген парадқа әскери техника түрлері мен қару-жарақ саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Оған 5 мың жауынгер, 200 бірлік әсери техника мен қару-жарақ түрлері, 70 ұшақ пен тікұшақ қатысқан болатын.

04

05Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өткелі отырған биылғы жауынгерлік парадқа әскер қызметкерлері мен әскери техникалар саны бұрынғыдан көп болмаса аз болмайын деп тұр.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның Қарулы күштері әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 53-орыннан көруге болады.

Айбыны асқақ, мәртебесі биік Қарулы Күшіміз бар да, оны мақтан тұтар өскелең ұрпақтың да барын естен шығармаған абзал.

06

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля