..."/>
ЗЕРТТЕУ

Әрі дәмді, әрі сәнді

1952_25

Нина Строчлик

Капучино көпіршігіне сурет салу, әрқилы безендірілген гамбургермен қатар тағамды ұсынудың қай түрі болмасын әлеуметтік медиаға жатады. Оның негізі талғампаз өнерден туындаған: тіпті, өнерпаз көне шеберлер де бұған өз үлестерін қосқан.

2016 жылғы зерттеуінде Карнелл университетінің тағам және сұрып зертханасының зерттеушілері 1500-2000 жылдар аралығындағы отбасылық тамақтану тақырыбындағы америкалық және еуропалық көркем суреттерді сарапқа салды. Зерттеушілер тағам түрлерінің бейнелеу өнерінде қаншалықты жиі кездесетіндігін олардың шынайы өмірде қолданылуымен байланыстырады. Мысалы, елдегі теңіз жағалаулары өте қысқа болса да, моллюскалар неміс суретшілерінің әрбір бесіншісінде кездеседі екен. Сирек кездесетін дәмді тағамдар, әсіресе, шаяндар, артишоктар, орман жаңғақтары мен лимондар жиі бейнеленетінін анықталған. Зерттеушілердің пікірінше, бұл бейнелер желінген тағамдарға қарағанда көбірек қолданылған.

Тағамның әсем көрінісі 20 ғасырда айтарлықтай азайды, бірақ бертінде әлеуметтік желілер мен смартфондар арқылы ол қайта жандана бастағандай.

Зерттеу нәтижесі бойынша:

39% географиялық ашылулар дәуірі суреттерінде ұлу бейнеленген

28% ағарту дәуірі суреттерінде лимон бар

26% ағарту дәуірі суреттерінде жүзімді көруге болады

«ШАЯН НАТЮРМОРТЫ» СУРЕТІ (16401 S1) ЯН ДАВИДС, ДЕ ХЕМ, ТОЛЕДО ӨНЕР МУЗЕЙІ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля