Кэтрин Цукерман
Азық-түлік жайын ақылдасайықшы. Дақылдардың белгілі бір Отаны бола ма?
Бұл сұрақты өнімдердің шығу тегіне байланысты мемлекеттер мен континенттер картасына орналастырып, «Азық-түлік картасы» деп аталатын топтамалар жиынтығын жасап жүрген суретшілер Генри Харгривз бен Кейтлин Левин өздеріне қойған еді. Үндістан — дәмдеуіші, Жаңа Зеландия – киви және Оңтүстік Америка цитрусымен көмкерілген картаны елестетіп көріңізші!
Әлемнің әр түкпірінде өсірілетін басқа да азық-түліктің шығу тегі әрдайым өзгеріп отыруы мүмкін бе? Мәселен, қызанақтың тегі Оңтүстік Америкадан шықса да, бүгінде ол – Италияның негізгі тағамдарының бірі болып табылады. Бұл байланыстың 1548 жылға дейін басталғанын айтқан «Миссури ботаникалық бағының» құрметті президенті Питер Рейвен: «Қызанақты Америкадан басқа жерде пайдалану туралы деректер Тосканадан табылды», – дейді. Харгривз бен Левин АҚШ-тың картасын жасау үшін бірқатар азық-түлік түрлері мен өнімдерін пайдаланды. Мұның өзіндік себебі де бар. Жеті мың жыл бұрын солтүстікке таралып, тез бейімделгіштігі мен икемделгіштігі арқасында жаңа түрлері көбейген дақылдарды бүгінде ешбір мемлекет АҚШ-тан артық өндірмейді.
«Расында, – дейді Айово штаты университетінің агрономы Марк Лихт, – қазіргі таңда азық-түліктің бұл түрлері АҚШ-тың бүкіл штаттарында, Нью-Хэмпширден Гавайиға дейін өседі».