Құрылыс материалдар өндірісі ел экономикасының ажырамас бөлігі іспетті. Дәл қазір Қазақстан нарығында құрылыс материалдарын өндіретін, өңдейтін 700-ден астам кәсіпорын тіркелсе «Stonevitа» сондай компаниялардың бірі. Шикізат түрлерін Түркия, Иран, Қытай мен Бразилия елінен алдыртатын ол компания асыл тастарды кесіп-пішу, безендіру қондыру қызметін қазақ елінде жүзеге асырады.
Жеке компания ретінде 1999 жылы тіркеуден өткен «Stonevitа» компаниясы жеке тұлғалармен қатар, мемлекеттік тапсырыстар бойынша да жұмыс істейді. Оның атқаратын негізгі қызметі – ғимараттың іші-сыртын мәрмәр, гранит, травертин және оникстен жасалған жоғарғы табиғи тастармен безендіру. Атап айтқанда, бұл компания терезе жақтауы, үстел беті, баспалдақтар, хамамдар, түрлі бағандар, жонылған едендер, декор элементтері мен жеделсатылық порталды дайындап орналастырады.
«Мәрмәрдің әсемдігі мен ұзақ сақталатыны өз алдына, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы зор, – дейді «Stonevitа» компаниясының директоры Өзгур Гезер. – Түркиялықтар мәрмәрдан жасалған жиһаздар мен заттарға құмар келеді. Ал мәрмәр адамның тыныс жолдарында кездесетін зиянды бактерияларды жоятын қасиетке ие».
Расында да ғалымдар мәрмәрдің құрамында күкірттің шамадан тыс көп болатынын, ал күкірт тірі организмдер цитоплазмасында ғана кездесетіндіктен айналасындағы бактерияларды жойып жіберетін қасиетке ие екенін дәлелдеп берген. Сондықтан бұл асыл тасты «санитар» деуге негіз бар.
«Stonevitа» компаниясының өндірістік базасы Италия мен Германия секілді елде шығарылған заманауи компьютерлік жүйемен жабдықталғандықтан тасты өңдеу жұмыстары жоғарғы дәлдікпен жүргізіледі.
«Stonevitа» қызметкерлері кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында жыл сайын шетелдерде арнайы курстардан өтеді. Соның арқасында кейбір компаниялар қондыру, орнату, монтаждау жұмысында біздің мамандардың қызметіне жүгінеді, – дейді Өзгур Гезер. – бұл еңбек өтілі 200 жылдан асатын біздің компанияның жоғарғы сұранысқа ие екенін көрсетсе керек».
Осман империясы заманында түріктер өздерінің ұл балаларын кішкене күнінен зейтун майы жағылған мәрмәрді алақандарымен ұрғызып жаттықтырған екен. Ал ұзақ дайындықтан өткен жауынгер, жау мінген аттың басынан ұрып қалғанда сұлатып түсіретін күшке ие болған деседі. Сондықтан мәрмәр тасы түрік тарихының ажырамас бөлшегіндей. Мәселен Ыстамбулдағы «Айя София» мұражайындағы баспалдақ сол Осман империясы тұсында мәрмәрдан жасалған. Одан бөлек қала ішіндегі көне ғимараттардың басым көпшілігі мәрмәрмен қапталғанына көз жеткізесіз.
Өзгур Гезер мырза, сондай-ақ егер әлем халқының әрқайсысына бір бір жапырақ мәрмәрдан таратып берген өзінде Түркиядағы мәрмәр қоры әлі 700 жылға жетінін тілге тиек етті. Сондықтан ол елде атадан балаға мирас болып жеткен атакәсіппен айналысатындар саны мыңдап саналады.