..."/>
ЗЕРТТЕУ

«Желге мінген» жолаушы

Үш саяхатшы Гренландияның аязды атырабын 46 күнде жүріп өтті.

Үш саяхатшы Гренландияның аязды атырабын 46 күнде жүріп өтті.

Кәт Лоң

Гренландияда Арктика желінің екпіні үш шаңғышыны алып ұрды. Сара МакНэйр-Лэндридің батпырауығы көкке көтерілгенде, қауіпсіздік ілгегі істен шықандықтан соққан жел оны алты метрге ­дейін жұлқып әкетті. Мұзға басымен құлап, қорғағыш бас киімінің сынғаны былай тұрсын, бір сәтке есінен танып қалды.

Ол Бен Стуксберри және Эрик Бумермен бірге Гренландияның шығысынан солтүстік-батыс бағытына қарай батпырауықты шаңғымен шыққан еді. Апат оның жоспарын бұза жаздады. Әйткенмен, үшеуі мың шақырым мұзды кесіп өтетіндей етіп тігілген алып батпырауықты шаңғыларына қайта тұрып, жолға шықты.

«Гренландияда қолайлы жағдай бар, – дейді МакНэйр-Лэндри. – Жай шаңғыға қарағанда, батпырауықпен жылдам, әрі ұзақ қашықтыққа бара аласың». Үшеуі бірнеше күн бойы күндізгі үштен кешкі онға дейін шаңғымен сырғанап жүрді. Олардың ара-тұра қауіпті ойықтарға, кедір-бұдыр мұздар мен ауқымы он бір шақырым қар суынан тілімденген мұз шатқалға да тап болған кездері болды.

Шаңғышылар шатқалды артқа қалдырып, сапарды аяқтау үшін сарқырамаларға бай, ағысы қатты Арктика өзенімен жүзіп өтті. МакНэйр-Лэндри құлағанда омыртқасының сынғанын кейін білді, дегенмен ол саяхатты жалғастыра берді. «Топ болып ортақ мақсатқа ұмтылғанды жақсы көремін, – дейді ол, – оған жету жолында қандай кедергі болса да».


NATGEO.COM/EXPLORERS

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля