..."/>
ЗЕРТТЕУ

«Мен саған таңырқаймын, келер ұрпақ»

Pokemon_Test_-594

ТЕЗ ҰСТА

Жас қыз Покемон Випинбеллдің соңына түсті. Нарыққа шыққан айда-ақ, бұл ойын сатудан бес рет әлем рекордын жаңартты.


Нина Строчлик

Өткен жылы ата-аналар балалары ойдан шығарылған тірі ағзаларды аулау үшін диваннан тұрып, далаға шыққанда қуанған болар. Бірақ балалар әлі де сандық жабдықтармен байланыста еді: олар кеңейтілген шынайы әлем (Augmented Reality-AR) қосымшасын пайдаланды, ол шынайы әлемді «Pokemon Go safari-ға» айналдыру үшін қолданушының айналасына компьютерлік анимацияларды қабаттап қояды.

AR технологиясы оқушыларға климат өзгерісін бастан кешуге және тарихи оқиғаларға куә болуға мүмкіндік береді. Тіпті оларға үй тапсырмасын орындауға көмектесе алады.

Ғалымдар экран алдында өткізілген уақыт миды қоздыруы мүмкін екенін айтады. Яғни, когнитивтік қабілеттерге кедергі жасап, өзін-өзі ұстауда қолайсыздық тудырады. Алайда оның өзге сандық БАҚ түрлерінен ерекшелігі – «AR-да басты іс-әрекет шынайы әлеммен қарым-қатынас», – дейді Гарвард университетінің профессоры Крис Деде.

Деде оқу сабақтары сауда орталықтарындағы экономикадан зообақтағы биологияға дейін ұштасқан, дамыған болашақты болжайды. Голдман Сакстың есептеуінше, 2025 жылға қарай AR мен виртуалды шындық технологиясын қосқанда әр жыл сайын 700 миллион доллар табуға болады.

ФОТО: МАЙК МАКГРЕГОР. ИЛЛЮСТРАЦИЯ: NIANTIC, INC.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля