Патрисия Эдмондс
Құрбақалардың бұл түрі бір жерге үймелей бастаса, ұрпақ өрбіту қамына кірісті дей беріңіз.
«Омыртқалылар арасында полиандрияның , басқаша айтқанда, бір ұрғашының бірнеше аталықпен шағылысуының ең жарқын мысалын осы сұр көбікті-ұялы ағаш құрбақасы көрсетеді», – дейді Аустралиядағы Вуллонгонг университетінің экологы Филип Бирн.
Африка ландшафындағы тоғандар шелектеп құйған жауыннан кемерінен асқанда, еркек құрбақалар айналадағы өсімдіктер арасына топталып, ұрғашыны аңди бастайды. Суды әбден қанып ішкен ұрғашы топқа қарай жақындай түседі. Жол-жөнекей оны еркек құрбақалар аймалайды.
Межелі жеріне жеткенде ұрғашы құрбақа денесінен шыққан сұйықтықты артқы аяқтарымен піскілеп көбікке айналдырады да, уылдырық шаша бастайды. Бирннің айтуынша, бұдан соң 20 шақты еркек құрбақа ұрғашының маңына қаздай тізіліп, көбік ішіне уылдырық жібереді. Артынша бәрі бірдей артқы аяқтарымен ұя жасауға кіріседі.
Бұл топ гаметаны шығаруға және одан өсіп шығатын эмбрионды қорғап тұратын көбікті жасауға бірнеше сағат жұмсайды. Бес күннен кейін әлгі бақаның дернәсілдері қозғалысқа ұшырап, астындағы суға шолп етіп түсе бастайды.
Еркектері шағылысу үшін таласып-тартысып жататын омыртқалыларға қарағанда, бұл бақалардың әрекеті қызықсыз көрінері анық.
«Бірақ ұрғашыларының бірнеше еркек бақамен жақындасуы оларды рахатқа бөлейді», – дейді Бирн.
СҰР КӨБІКТІ-ҰЯЛЫ АҒАШ БАҚАСЫ
CHIROMANTIS XERAMPELINA
ТІРШІЛІК ОРТАСЫ/ТАРАЛУ АЙМАҒЫ; Оңтүстік-шығыс Африканың ағаш басқан немесе егістікті жерлері
ӨЗГЕ ДЕРЕКТЕР; Полиандрия арқылы туылған ұрпақ генетикалық тұрғыдан өзгеше. Олардың 1/3-і жойылып кету алдында. Осы тәсіл C. Xerampelina құрбақасын өзгелерден оқшаулап тұрғандай.
СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН: АВАЛОН/BRUCE COLEMAN INC/АЛАМИ