..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ескек ескен маймылдар

АЛЬБЕРТО ЛУКАС ЛОПЕЗ МЕН РЕБЕККА ХЭЙЛ NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ, КЕЛСИ НОВАКОВСКИ ҚАҒАЗ КОНСТРУКЦИЯНЫҢ СУРЕТІН САЛҒАН

АЛЬБЕРТО ЛУКАС ЛОПЕЗ МЕН РЕБЕККА ХЭЙЛ NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ, КЕЛСИ НОВАКОВСКИ ҚАҒАЗ КОНСТРУКЦИЯНЫҢ СУРЕТІН САЛҒАН

Жануарлардың құралдарды қолдану ерекшеліктері:

Әр қатарда құралды қолдану әдісі көрсетілген. Әр жануар атауының тұсындағы боялған сызықшалар ғылыми әдебиетте аталмыш топқа қандай мінез-құлықтың тән екенін көрсетеді. Топтас тыру жануарлардың тек бір ғана түрін емес бірнеше түрін қамтуы мүмкін.


Рэйчел Хартиган Ши

Адамзат құрал пайдаланатын жалғыз жаратылыс иесі емес. Мәселен, бүрікпебалық жемтігін құлату үшін оны аузындағы сумен атады. Ал сегізаяқтар баспана ретінде кокос қабығын қолданады. Орангутандар су өсімдіктерін жеу үшін каноенің көмегіне жүгінеді.

«Құрал қолдану жануарлар арасында кең тараған, – дейді биолог Роберт Шумахер. – Бірақ бұл данышпандықтың белгісі емес. Біз жоғарыда келтірілген мысалдар сананы қажет етеді немесе қажет етпейді деп топтастырудан аулақпыз».

Мәселен, бүрікпебалық секілді кей хайуандар үшін құрал – жабдық пайдалану – инстинктивті әрекет. Кей жануарлар ол қабілеттерді үйренеді. Мысалы, каноені пайдаланбас бұрын орангутандар оны адамдар қалай жасайтынын мұқият бақылаған.

ДЕРЕККӨЗ: РОБЕРТ ШУМАХЕР, ИНДИАНАПОЛИС ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля