..."/>
ЗЕРТТЕУ

Әйел тауқыметі: статистика

Дүниежүзіндегі 1,2 млрд. қыз баланы біліммен және тең құқықпен қамтамасыз ету – ғаламшардағы кедейліктен бастап АИТВ/ЖҚТБ-­ның таралуына дейінгі бірқатар өзекті мәселелерді шешудің кілті. Алайда білім, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту жүйесі ілгерілегенмен, әйел дәрежесін еркектерге сәйкестендіруге көбірек прогресс қажет.


Саясат

GirlStats_Politics_v3_FP

Гендерлік теңдік туралы заң әйелдер кеңседе қызмет еткен жағдайда қабылдануы ықтимал. Жартылай квоталардың арқасында 1990 жылдан бері парламенттегі әйелдер саны шамамен 23 пайызға артты.


*Әлем елдерінің 50%­ында әйелдер басшылық қызметте. 2006 ж. 38% бастап көтерілген.

АИТВ/ЖҚТБ

GirlStats_HIV-AIDS_v3_FP

Жыныстық зорлық және жыныстық қатынасқа ерте түсу АИТВ/ЖҚТБ-­ны жұқтыруды арттырады. 2015 ж. әлемдегі АИТВ-­ның 70%­ы тіркелген Африкада инфекция жұқтырған төртеудің үшеуі қыз бала болды.


Дүниежүзі бойынша аитв/жқтб үлесінің 65%-­ы 15­19 жас аралығындағы қыздарға тиеслі.

Білім

GirlStats_Education_v3_FP

Орта білім беруде гендерлік айырмашылық азаюда. Орт. және Бат. Африкада оқушы қыздар 39%, ал ұлдар 46%. Шиеленісті аймақтарда қыздар ұлдарға қарағанда мектептен 2,5 есе көбірек шығып қалады.


Әлем бойынша қыздардың 58%-­ы, ал ұлдардың 62%­-ы орта мектепке барады.

Суицид

GirlStats_Suicide_v3_FP

Әлем бойынша қыз дардың өлімі босану кезінде орын алады. Еуропа мен Азияның көп бөлігінде суицид басым. Азияның көп елінде жас өспірім қыздардың суициді әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.


Дүниежүзі бойынша 10­19 жас аралығындағы қыздар өлімінің басты себебі – суицид.

Балалар некесі

GirlStats_Child-Marriage_v6_FP

Жас қалыңдыққа тұрмыстық зорлықтан зардап шегу қаупі бар. 16-­ға дейінгі қыздардың босануы кезінде көз жұму көрсеткіші жоғары. Көптеген елдерде үйлену жасы – 18. Некелер көбіне ата-­ана келісімімен қиылады.


Бүгінде 700 миллионнан астам әйел 18 жасқа дейін тұрмыс құрып үлгерген.

Ерте жүктілік

Қыздардың тууының 95 %-­ы нашар және орташа елдерде тіркелген. Африка мен Латын Америкасында көрсеткіш жоғары. Контрацептивтік дәрі­дәрмектер арқылы, соңғы 20 жылдың ішінде бұл көрсеткіш азайды.


Жылда 15­19 жастағы 16 млн. Қыз бала босанады. Бұл – әлемдік туу көрсеткішінің 10%­-ы.

Ханым–төре

GirlStats_Glass-Ceiling_v3_FP

Зерттеу гендерлік алуантүрліліктің пайданы арттыратынын көрсетеді. Бүгінде әйелдер әлемдегі ең ірі табысқа негізделген 500 компанияның 2%-­ын басқарады.1995 жылы АҚШ­тағы үздік 500 фирманың ешбірін әйел басқарған жоқ. Қазір олардың 4,6 %-­ы әйелдердің басқаруында.


Компаниялардың әлемдегі 18%-­ына әйелдер жетекшілік етеді.

Қорлық-зорлық

GilrStats_SexualViolence_v3_FP

Әлем бойынша 20 жасқа дейінгі он қыздың біреуі зорлыққа не жыныстық әрекетке ұшыраған. Осы әрекетті бастан кешкен қыз бен әйел тұрмыстық зорлық және жыныстық қатынас саудасынан жиі зардап шегеді.


Дүние жүзі бойынша 120 миллион қыз жыныстық зорлыққа ұшыраған.

Ескі түсінік

GirlStats_Genital-Mutilation_v4_FP

Жыныс мүшесіне зақым келтіруге тыйым салынғанымен, Африкада және араб елдерінде кең таралған. Ол ауыр дертке, инфекцияға, жыныстық қатынасқа түсе алмауға, ауыр босануға, тіпті өлімге әкеледі.


Бүгінде 200 миллионға жуық әйелдің денсаулығына зақым келтірілген.

*ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ АЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР КӨРСЕТКІШІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН 145 ЕЛ.

МОНИКА СЕРРАНО ЖӘНЕ МАНУЭЛЬ КАНАЛЕС, NGM ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ; КЕЛЬСИ НОВАКОВСКИ. СУРЕТШІ: ПАБЛО АМАРГО. ДЕРЕК КӨЗДЕРІ: CATALYST; FORTUNE;

UNICEF; ӘЛЕМ БАНКІ; ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля