..."/>
САЯХАТ

Жапандағы жалғыз үй

Пасу ауылының жасөспірімі смартфонына шұқшиюда. Мұндағылар исмаилиттерге жатады да имам Аға Ханға бойұсынады. Бөктердегі жазу Аға Ханның 1987 жылы осы аймаққа келгенін көрсетеді.

Пасу ауылының жасөспірімі смартфонына шұқшиюда. Мұндағылар исмаилиттерге жатады да имам Аға Ханға бойұсынады. Бөктердегі жазу Аға Ханның 1987 жылы осы аймаққа келгенін көрсетеді.

Пәкістанның шалғайдағы таулы өңірі технология әсерінен күн санап өзгеруде.

Мәтін мен фото: Мэтью Палей

1999 жылы алғаш рет Қарақорым таулы жотасын асып, Пәкістанға барғанымда бұл аймаққа бір жылда он мыңдаған турист келген екен. Мен бірден Годжал аймағын бетке алдым.

Қытай мен Ауғанстан жоғарғы шекарасының етегінде орналасқан Годжал ауылдарында шамамен 20 000 адам тұрады екен, олар – ислам дінінің Аға Хан бастаған қалыпты ағымын ұстанатын исмаилиттер, сондай-ақ олар парсы этникалық тобына жататын вахандар. «11 қыр­күйектегі сұмдық жағдайдан бері, турис­тер азайды», – дейді жергілікті гид Кәрім Жан. Басқа пәкістандықтар сияқты годжалдықтар да өздерін лаңкестікпен және зұлымдықпен байланыстырудан зардап шекті, көпшілігі оны өзгертуге дәрменсіз еді.

Кейін Годжалда бірнеше рет болдым, соның бірінде өткен жазда отбасыммен келген едім. Көргендерім сол дақпыртты жоққа шығарғандай. Суреттерім мен осы жазғаным оқырмандарға бұл жер туралы тың ой берер деп үміттенемін.

Зуд Хун ауылындағы бастауыш мектепте қыздар жаңа мұғалімді қарсы алу үшін жиналған. Ал келесі бөлмеде ұлдар бір кездері Жібек жолының бір бөлігі болған Ауғанстанның Вахан дәлізіне параллель орналасқан Чапурсан өзені алқабына экскурсияға баруды талқылауда. Исмаилиттер дәстүрінде, әсіресе қыздар үшін оқуға ерекше көңіл бөлінеді.

i53134_160617_0099

Айналасын мұздықтар мен таулар қоршаған исмаилиттер ұзақ уақыт оқшау өмір сүрді. Бірақ жаңа өнертабыс пен жетістіктер арқасында сыртқы әлемнің есігі ашылды. Әр келгенімде өзгерістерді байқайтынмын. Бір кездері тек жол талғамайтын көлікке қана «көнетін» Қарақорым жолының жаңа трассасымен енді Пәкістанның оңтүстік қалаларының тұрғындары сапар шегіп жүр. Ауыл жастары имам нұсқауымен осы қалаларға білім алуға барады. Жазғы демалыстарында соңғы үлгідегі сәнді киіммен қайтады.

Өткен жылы мен Пасу ауылында жастармен кездесуге келгенімде кейбірі сәнді футболка, джинси шалбар киіп, әдемі сақал жіберіп, ұзын шаштарын түйіп қойса, қалғандары дәстүрлі ақ шалбар, ұзын көйлекпен жүрген еді. Олардың бірі – Саджид Алви жақында Швецияға ғылым докторлығына грантпен оқуға баратынын қуа­на айтты. Алви сол маңда волейбол ойнап жүрген бойжеткендерді нұсқап: «Олардың бәрі де мектепке барады және көбі төрт тілде сөйлей алады», – дейді. Эсар Әли ауыл өміріндегі өзгеріс­тер біліммен байланысты екендігімен келісті. «Бұған мына нәрсенің де ықпалы бар», – дейді ол телефонын көрсетіп. Смартфондар мен мобильді байланыс желілері күнделікті өмір мен бұрынғы әдет-ғұрыпқа, айталық қызбен кездесу дәстүріне ықпал еткен. Осы күнге дейін ата-аналар шаңырақ көтеруді өздері ұйымдастыратын. Алайда Әли жұбайы Шейнамен әуелі хабарлама алмасумен бастап, жаймен қарым-қатынас орнатқанын, артынан ата-аналарынан үйленуге рұқсат сұрағандарын айтады.

Исмаилит жас келін болашақ жарын күтуде. Бұрындары Годжал аймағында қыз бен жігітті ата-аналары үйлендіретін. Ал бүгін жастардың дені әлеуметтік желілерде танысып, өз байланыстарын «махаббатпен құрылған шаңырақ» деп мақтан тұтады. Шалғайдағы ауылда (төменгі сол жақта) вахандық жұп дәстүрлі саз үйде шай қайнатуда.

i53134_160704_0226

Годжалға отбасыммен барған сапарымда біз үйлену тойының қонағы болдық. Кіші екі балам крикет ойынына кірісіп кетті. Ал жұбайым екеуімізді келін мен оның достары топтық селфиге түсуге шақырды. Біз өзімізді шақырусыз келген қонақтай сезінбедік.

«Қиыр шетте тұрсақ та қонаққа деген құрметіміз ешқашан кеміген емес,  –  дейді Жан. – Балаларымыз үлкен қалаларда оқып жатыр, ал біз мұнда таулық шаруа ғанамыз». Годжал жаһандык өркениетке баяу ілессе де, рухтандырар салт-дәстүрін сақтап қалған.

Этникалық вахан тобының өкілдері – анасы мен қызы малға шөп орып әкеле жатыр. Олар Хусаини аталатын ауылы мен шабындық арасындағы екі сағаттық жолды жаяу жүреді. Бұл жұмыстарды ерлер мен әйелдер өзара ауысып істей алады.

Зуд Хундағы мектепте қыздар үзіліс кезінде крикет ойнайды. Сондай-ақ осы ауылда жақында шаңырақ көтеретін қыздың отбасы мүшелері «махаббат тойы» алдында селфи түсіру үшін тоқтаған сәті.

Зуд Хундағы мектепте қыздар үзіліс кезінде крикет ойнайды. Сондай-ақ осы ауылда жақында шаңырақ көтеретін қыздың отбасы мүшелері «махаббат тойы» алдында селфи түсіру үшін тоқтаған сәті.

i53134_160716_0345

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Генерация пароля