Авторы: Стейси Стакин
Тікенекті, сырты жүн-жүн джекфрут көзге аса сүйкімді көрінбейді. Алайда еттің орнына қолданылатын осы бір тропикалық жемістің піспеген түрі Құрама штаттарда айырықша сұранысқа ие болып отыр.
Nutrition Business Journal-дың мәліметінше, 2014-2015 жж. АҚШ-та тұтынушылардың жиырма бес пайызы ет жеуді азайтқан. Ал еттің орнын басатын балама дүниелер шамамен екі есеге көбейіп, оның сатылымы 2011 жылғы 69 миллионнан 2015 жылғы 109 миллион долларға дейін өскен.
Аспаздар мен жеміс-жидек сататын компаниялар джекфрутқа басымдық бере бастады. Джекфрутты тістесең, етке (ішінде протеин болмаса да) ұқсас. Өзі крахмалды, айырықша дәмі жоқ «Одан кез келген дүние істеуге болады»,- дейді Лос Анжелестегі мейрамханалардың бірінде ас дайындайтын Сошух Алжур.
Нан ағашы, інжір һәм тұт ағашы тобына жататын, іші жабысқақ, ақ затқа толы джекфрутты кесу әрі бөлшектеу әжептәуір уақыт алады. «Әдетте олар үлкен әрі өңдеуге қолайсыз», – дейді Алжур.