..."/>
САЯХАТ

Рухқа толы «Қазақ елі»

 

DCIM100MEDIADJI_0020.JPG

Қазақстанда композициялық жағынан аса күрделі сәулетті-мүсін кешендері ішінде «Қазақ елі» монументінің орны бөлек. Жалпы аумағы 5,2 гектар жерді алып жатқан бұл нысаннан халқымыздың көне тарихы, мәдениеті мен жетістіктерін көруге болады.

02

Жоғарғы бөлігі алтын түстес монументтің биіктігі 91 метр. Ал бұл өлшем бірлігі бекер таңдалынып алынған жоқ. Себебі «91» саны еліміздің тәуелсіздігін алған жылға тікелей қатысы бар.

03

Толықтай ақ мәрмәрмен қаланған кешеннің ұшар басына алып самрұқ құсының бейнесі қойылған.

04

Монументтің төрт қабырғасына ұлтымыздың болмыс-бітімін, өткен тарихы мен мәдениеті бейнеленіп, төрт қабырғаға жеке жеке атау берілген. Мәселен алдыңғы қабырғасы – «Елбасы және халық» деп аталған. Онда Қазақстан Республикасы президентінің Ата Заңға қолын қойып тұрып, Ант берген сәті бейнеленсе, монументтің оңтүстік беткейі «Қаһарман» деген атауға ие. Бұл қазақ халқының рухы биік, арманы асқақ ұлт ретінде әспеттеп тұрғандай. Монументтің батыс бөлігі «Жасампаздық» деп аталады. Көшпелі заманнан ғарышты игеру дәуіріне дейін қазақ халқының еңбек жолындағы даму жолы нақ осы жерде өрнектеледі. «Болашақ» деп аталатын кешеннің шығыс беткейі өскелең ұрпақтың арман-тілектерін айғақтайтын белгілердің топтамасы іспетті. Ал олардың қақ ортасында ерлі-зайыптылардың көрініс табуы елімізде адами құндылықтар бәрінен биік тұратынын айғақтайтынын білдірсе керек.

05

06

DCIM100MEDIADJI_0036.JPG

Фото: Ерболат Шадрахов, Бекзат Сайназар

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля