..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ұлылар

СОР (МОНАХ ӘЙЕЛ) ХУАНА ИНЕС ДЕ ЛА КРУЗ; ИБН ӘЛ-ХАЙТАМ (АЛЬХАЗЕН); АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ; ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ. ТӨМЕНДЕ: КОНФУЦИЙ; АЛЬБЕРТ ЭЙНШТЕЙН; МАЙЛЗ ДАВИС; РОЗАЛИНД ФРАНКЛИН; ДЕ АГОСТИНИ/GETTY IMAGES; 1001 ӨНЕРТАБЫС ЖӘНЕ ИБН ӘЛ-ХАЙТАМ ӘЛЕМІ; SPL/SCIENCE SOURCE; GETTY IMAGES/ART IMAGES. ТӨМЕНДЕ: ALAMYSTOCK PHOTO; MPI/GETTY IMAGES; ДЭВИД ГАР, PREMIUM ARCHIVE/GETTY IMAGES; МЕМЛЕКЕТТІК ПОРТРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ, ЛОНДОН

СОР (МОНАХ ӘЙЕЛ) ХУАНА ИНЕС ДЕ ЛА КРУЗ; ИБН ӘЛ-ХАЙТАМ (АЛЬХАЗЕН); АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ; ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ. КОНФУЦИЙ; АЛЬБЕРТ ЭЙНШТЕЙН; МАЙЛЗ ДАВИС; РОЗАЛИНД ФРАНКЛИН; ДЕ АГОСТИНИ/GETTY IMAGES; 1001 ӨНЕРТАБЫС ЖӘНЕ ИБН ӘЛ-ХАЙТАМ ӘЛЕМІ; SPL/SCIENCE SOURCE; GETTY IMAGES/ART IMAGES. ALAMYSTOCK PHOTO; MPI/GETTY IMAGES; ДЭВИД ГАР, PREMIUM ARCHIVE/GETTY IMAGES; МЕМЛЕКЕТТІК ПОРТРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ, ЛОНДОН

Кейбір адамдар әлемді өзгертуге қабілетті. Даналардың өзгеден оқ бойы озық тұруының сыры неде екенін білмейміз, бірақ ғылымның бұған айтар өз тұспалы бар.

Данышпандықтың нағыз өлшемі – уақыттың адам еңбегін ескірте алмауы. Флоренциядағы Академия галереясында (Италия) 500 жыл бұрын Микеланджелоның біртұтас мәрмәрден қашалған 517 сантиметрлік «Дэвид» мүсініне келушілер әлі күнге тамсана қарайды.

Данышпандықтың нағыз өлшемі – уақыттың адам еңбегін ескірте алмауы. Флоренциядағы Академия галереясында (Италия) 500 жыл бұрын Микеланджелоның біртұтас мәрмәрден қашалған 517 сантиметрлік «Дэвид» мүсініне келушілер әлі күнге тамсана қарайды.

ФИЛИП ХАЛСМАН, MAGNUM PHOTOS

ФИЛИП ХАЛСМАН, MAGNUM PHOTOS

Эйнштейн — данышпандықтың жарқын үлгісі, сондықтан оның миын зерттеуге қызығушылық толастаған емес. 1951 жылы атақты физиктің ми толқындары жазылып алынды. Кейін мамандар бұл ақпарды жапырақтап бөліп, шыны пластинкаларға орналастырды. Ол Силвер Спрингтегі музейде тұр.

MM8512_161220_00003796

Филадельфиядағы Мюттер музейінде жеке медициналық өрнектер қаз-қатар тізілген. Төменгі қатарда ХІХ ғасырда дүниеге келген сиам егіздері Чаң мен Эңнің жабысқан бауырлары шыны құтыға салынған. Бұл жерге келушілер құяңнан ісіп кеткен адам қолдарын, Жоғарғы сот төрағасы Джон Маршалдың қуық қалбыршағынан шыққан тастарды, Президент Гровер Кливлендтің жақ сүйегінен алынған қатерлі ісікті және Азамат соғысы кезінде оқ тиген жауынгердің жамбас сүйегін көре алады. Алайда кіреберіске қойылған бейне көрген адамның таңданысын тудырмай қоймайды. Экспозицияға жақындап қарасаң, музей келушілерінің әйнекте қалған маңдай іздерін көруге болады. Ол – мик­роскоптың 46 слайды сақталған шағын ағаш қораптар. Оның әрқайсысында Альберт Эйнштейннің жапырақтап салынған миы бар. Слайд үстінде орналасқан ұлғайтқыш әйнек марка көлеміндей ұлпа бөлшегін көрсетеді. Оның нақышты тарамдары мен иірімдері көктен қарағанда саға көрінісіне ұқсайды. Ми ұлпасының бұл қалдықтары атақты физиктің танымдық мақтаулы қабілеті туралы аз да болса хабар беретіндігімен адамды арбайды. Музейдегі басқа экспозициялар әлдебір нәрсенің дұрыс болмауы салдарынан орын алған ауру мен кемтарлық түрлерін көрсетеді. Эйнштейннің миы әлеуеттің, басқалардан ойы озық ерекше ойлау қабілетінің көрінісіндей. «Ол дүниені бәрімізден бөлекше көрген, – дейді күрең түсті өрнек тұсында жолдастарымен бірге тұрған Карен Охэйр. – Ол көздің көру орбитасынан да тыс ойлана алатын болған, бұл – нағыз таңғалдырар нәрсе».

Тарихта сирек кездесетін тұлғалар өз салаларында метеорлық із қалдыруымен ерекшеленген. Мурасаки ханым әдеби тапқырлығымен танылған. Микеланджело шеберлігімен атақты. Мария Кюриді даралайтын – ғылыми даналығы. «Данышпандар, – дейді неміс философы Артур Шопенгауэр, – өз дәуірінде ғаламшарлар жолындағы құйрықты жұлдыздай жарқырайды». Эйнштейннің физикаға қосқан үлесін ойлап көріңіз. Ол еш құралсыз-ақ, өзінің салыстырмалылық теория­сында, жылдамдығы үдемелі денелер – кеңістік уақыт құрылымында қозғалыс тудыратынын болжаған. Оның дұрыстығына көз жеткізу үшін бір ғасыр, орасан зор есептеу ресурстары мен өте күрделі технологиялар қажет болды, мұндай гравитация­лық толқындар екі жыл бұрын физикалық түрде анықталды.

Эйнштейн біздің ғаламның абсолюттік заңдары туралы түсінігімізді «төңкеріп» тастады. Оның көзі ашық жолдастарына қарағанда өзгеше ойлауға, талдауға, һәм күш-қабілетіне әсер еткен не? Адамды данышпан ететін не нәрсе бар өзі?

 Эйнштейннің салыстырмалылық теориясындағы болжамы Казухиро Ямамото (велосипедте) сияқты ғалымдарды тұңғыш рет жерасты гравитациялық толқын телескобын пайдалануға итермеледі. КАГРА өткізген сынақ Жапонияның Хида қаласында бір ғасырдан кейін ғана іске асады.

Эйнштейннің салыстырмалылық теориясындағы болжамы Казухиро Ямамото (велосипедте) сияқты ғалымдарды тұңғыш рет жерасты гравитациялық толқын телескобын пайдалануға итермеледі. КАГРА өткізген сынақ Жапонияның Хида қаласында бір ғасырдан кейін ғана іске асады.

Философтар көптен бері данышпандықтың себебін зерттеп келеді. «Ертеректегі грек ойшылдары арқыраған ақындарға, философтар мен басқа да шабыты тасыған тұлғаларға Гиппократ ұсынған денедегі төрт ұлпалық сұйықтықтың бірі – қара өттің молдығы қуат берген деп сенген», – дейді тарихшы, «Divine Fury: A History of Genius» кітабының авторы Даррин МакМагон. Френологтар бастағы дөңестерден табуға тырысқан, краниометристер философ Иммануэль Канттың да бас сүйегін алып зерттеп, өлшеп көрген.

Олардың ешқайсысы данышпандықтың тек бір себебін аша алмады және оның құпиясының табылуы да неғайбіл. Данышпандық ұғымы тым бұлыңғыр әрі субъективті болуымен де қиын. Ол үшін шамадан тыс мінез ерекшеліктерінің квинтэссенциясын бір адам масштабының ең жоғарғы нүктесіне дейін жеңілдету қажет. Адамның күрделі де шиеленіскен қырлары – зия, (арабшадағы мағынасы «жарық» дегенді білдіреді) шығармашылық, шыдам және сәттіліктің сырын ашу арқылы мінез-құлықтың бірнеше сипатын анықтауға болады.

Кенеттен келген идея әлі де көп ойшылдарға маза бермей келеді. 1666 жылы Исаак Ньютон алманың жерге перпендикуляр түсуін көргеннен кейін: «Заттың тартылыс күші болуы тиіс», – деп ой түйген. Осы ойға «жетелеген» алма ағаш Англиядағы Вулсторп шаруа қожалығындағы үйінің жанында әлі өсіп тұр. БРИТАН СЕНІМГЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ РҰҚСАТЫМЕН

Кенеттен келген идея әлі де көп ойшылдарға маза бермей келеді. 1666 жылы Исаак Ньютон алманың жерге перпендикуляр түсуін көргеннен кейін: «Заттың тартылыс күші болуы тиіс», – деп ой түйген. Осы ойға «жетелеген» алма ағаш Англиядағы Вулсторп шаруа қожалығындағы үйінің жанында әлі өсіп тұр.
БРИТАН СЕНІМГЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ РҰҚСАТЫМЕН

ЗИЯ – көбіне данышпандардың қалыпты «өлшеуіші» ретінде қарастырылып келді, бұл ғаламат табысқа жетелейтін өлшенбелі қасиет болып табылады. Станфорд университетінің психологі, IQ тестінің пайда болуына үлес қосқан Льюис Терман адам зердесін қамтитын тест данышпандықты анықтайды деп сенген. 1920 жылдарда ол Калифорния штатында IQ деңгейі 140-тан асатын, яғни өзі данышпандық «шекарасы» деп белгілеген 1500 оқушыға бақылау жүргізе бастайды. Мақсаты – олардың әрқайсысының өмірде жеткен азын-аулақ жетістігі мен басқа балалардан не айырмашылығы барына көз жеткізу еді. Терман мен оның тобы «термиттер» деп лақап ат қойған зерттеу объектілерінің өмірін бақылап, олардың қол жеткізген табыстарын қағазға түсіріп, бірнеше бөлімнен тұратын «Данышпанның генетикалық зерттеулері» деп аталатын еңбек жазды. Топ құрамында Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, саясаткерлер, дәрігерлер, профессорлар мен музыканттар бар еді. Зерттеу жұмыс­тарынан кейін 40 жыл өткенде мыңдаған академиялық баяндама мен кітап шығарылды, көптеген патент (350) берілді және шағын әңгімелер (400-дей) жазылды.

Данышпанды өзгелерден даралайтын тағы бір қасиет – таңғаларлық өнімділік. 1530 жылы Микеланджело үш ай бойы Флоренциядағы Медичи шіркеуінде жасырыныпты. Осылайша, ол өзі жатқан бөлмесін түрлі эскиздерге толтырған. Суреттер шіркеу ішінде отырған әлдекімдердің сұлбасына ұқсайды.

Данышпанды өзгелерден даралайтын тағы бір қасиет – таңғаларлық өнімділік. 1530 жылы Микеланджело үш ай бойы Флоренциядағы Медичи шіркеуінде жасырыныпты. Осылайша, ол өзі жатқан бөлмесін түрлі эскиздерге толтырған. Суреттер шіркеу ішінде отырған әлдекімдердің сұлбасына ұқсайды.

Бірақ Терман мен оның әріптестері, ке­й­­ін анықтағанындай, ғажайып зияттың бір өзі зор жетістіктің кепілдігі бола алмайды. Зерттелушілердің бірқатары IQ ұпайлары жоғары болуына қарамастан табысты болу жолында аз күш-жігер жұмсамайтын. Олардың он шақтысы жоғары оқу орнынан шығып қалған екен. Зерттеуге қатысу үшін сынақтан өткізілген, бірақ IQ деңгейлері іріктеуден өтуге жетпегендер керсінше уақыт өте келе өз салаларында атты шыққан. Олардың ішінде ең танымалдары – Луис Альварес пен Уильям Шокли, екеуі де физикадан Нобель сыйлығын алған. Мұндай «менсінбеушіліктің» прецеденті бар: Чарльз Дарвинді бала кезінде «ойлау қабілеті қалыптыдан төмен» деп бағалаған. Ал өскенде ол ғаламның сырын ашты.

Шығармашылыққа үңілмегенде Терман да Дарвиннің табиғи сұрыпталу жөніндегі эволюция теориясы сияқты маңызды ғылыми жаңалығын аша алмас еді. Алайда ондағы үдерістерді басқаны айтпағанда шығармашылықпен айналысатын адамдардың өздері де нақты бір дәрежеде түсіндіре алмайды. Филадельфиялық Өнертапқыштар институтының ғылыми директоры Скотт Барри Кауфман өздерінің идеялары мен таным-түсініктерін ашқан нәрселерді талқылау үшін психолог Стивен Пинкер мен күлдіргі актер Анне Либера сияқ­ты адамдардың басын қосты. Кауфманның ондағы мақсаты – данышпандықты түсіндіру емес, адам бойындағы шығармашылықты бақылағысы келді.

Стивен Уилтшир аутизммен ауыратын британдық суретші. Ол Мехико қаласының панорамалық көрінісін есіне сақтап, асқан дәлдікпен салып шыққан. Психиатр Д. Трефферт мидың оң және сол жақ бөліктері арасындағы ерекше байланыс Уилтшир сияқты адамдарға шексіз мүмкіндік береді деп есептейді.

Стивен Уилтшир аутизммен ауыратын британдық суретші. Ол Мехико қаласының панорамалық көрінісін есіне сақтап, асқан дәлдікпен салып шыққан. Психиатр Д. Трефферт мидың оң және сол жақ бөліктері арасындағы ерекше байланыс Уилтшир сияқты адамдарға шексіз мүмкіндік береді деп есептейді.

«Кемеңгерлік кез-келгенге тән деп сенсеңіз, мыңдаған данышпанның жанбай жатып сөнгені қандай трагедия десеңізші».

Даррин Макмахон, тарихшы

«Үлкен идеялар дәл сіз басыңызды қатырып отырған сәттерде келе қоймауы мүмкін», – дейді Кауфман. Күтпеген жерден – ұйқы кезінде, душта, жүріп келе жатқанда келетін «эврика» сәті көбіне кейін пайда болатыны анықталды. Ақпарат саналы түрде келеді, терең ойланудан кейін мәселе санадан тыс өңделеді де нәтижесінде күтпеген уақытта шешім «атып шығады».

Ми зерттеулері «эврика» сәттерінің қалай пайда болатындығы жөнінде пікір береді. «Шығармашылық процесі, – дейді Нью Мехико университетінің нейробиологы Рекс Янг, – өзара келісімде жұмыс істейтін оң жағынан да, сол жағынан да, әсіресе, префронталдық қыртыстардан тартылатын нейрондық желілердің динамикалық әрекеттесуіне сенім артады. Осы желілердің бірі – сыртқы қажеттіліктерді – жұмысқа бару, салық төлеу сияқты орындауымыз керек әрекеттерді, яғни жүзеге асыру қабілетімізді дамытады және мидың сыртқы бөліктерінде молынан жинақталады. Тағы бірі – ішкі ойлау, соның ішінде қиялдау және елестету процестерімен айналысады және негізінен мидың орталық бөлігінде тарала орналасады.

Джаз импровизациясы шығармашылық процесінде нейрондық желілердің өзара байланысының дәлелді мысалы болады.

АҚШ-тың Сан-Францискодағы Калифорния университетінде сурдолог маман және құлақ оташысы қызметін атқаратын Чарльз Лимб МРТ сканерінің ішінде ойнауға болатындай шағын, құрамында темірі жоқ синтезатор жасап шығарған. Алты джаз орындаушысынан ойда қалған музыкалық шығармаларын ойнау, содан кейін джаз рухындағы жақсы бір импровизация жасау сұралды. «Сканерлік түсірілімдер импровизация кезінде ми белсенділігі мүлде басқаша болғанын тіркеген», – дейді Лимб. «Өзім дегенде өгіз күшін көрсеткен» ішкі желінің белсенділігі артқан. Зейінді бір арнаға жұмылдыруға байланысты сыртқы желі баяулаған. «Құдды, ми өз-өзін өшіріп тастағандай», – дейді ол.

Джаз пианисі Кейт Джарреттің таңдай қақтырар өнерінің сыры неде? Ол екі сағатқа созылатын концерттерінде ондай әуендердің қалай туатынын түсіндіре алмайды, іс жүзінде мұны түсіндіру мүмкін емес. Бірақ ол өз аудиториясының алдына шыққанда ноталарды басынан «шығарып» тастайды да, клавиштерге қол салады. «Мен миды бір шетке қоя тұрамын, – дейді ол. – Өзімді қанаттандыратын әлдебір күшпен жігерленемін». Джаррет Мюнихте өткен концертін есінен шығара алмай жүр, сол концертте ол клавиатураның жоғарғы ноталары арасына сіңіп кеткендей сезінген.

Жетістік жас талғамайды

Жасыңыз келіп қалса, жетістікке жете аласыз ба? Бұл сіздің талпынысыңызға байланысты. 1953 жылы психолог Харви Леманның жас пен жетістік туралы барынша толымды зерттеу еңбегі жарық көрді. Сол кездің ең танымал авторлары мен еңбектерін мысал ете отырып, Харви шын жетістік қай уақта және қандай жолмен келуі мүмкін екендігін ашып көрсетті. Джузеппе Верди «Аида» операсын 58 жасында жазған, бұл – гранд-­опера жас диапазонынан 20 жылға үлкен көрсеткіш. Леман жетістікке әсер ететін қартаю, денсаулықтың нашарлауы, мотивацияның азаюы секілді 16 фактордың бар екендігін атайды.

Жетістік таңдаған мамандығыңыз бен оны қаншалықты тез меңгеруіңізге байланысты. Ақындар басқаларға қарағанда ойындағысын шығармаға жылдам айналдыруға бейім, олар – өз салаларының ұшқырлары. «Шығармашылық жасқа қарамайды, – дейді Саймонтон өз еңбегінде. – Озық данышпандар 80 жасында да өзінен екі есе кіші талант иесінен алда жүреді».

Ресурс-1100

Данышпандар достығы

Жалғыз данышпандар өте сирек кездеседі. Кейт Саймонтон 2026 ғалым мен 772 суретші арасындағы қарым-қатынасты көрсететін жазбаларды тауып, биографиялық сөздіктерді ақтарып шықты. Оның мысалы Ньютон мен Микеланджело бойынша көрсетілген.

Ресурс-1100

Без-имени-1

ОЛИВЕР УБЕРТИ. ДЕРЕККӨЗ: ДИН КЕЙТ САЙМОНТОН, КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ, ДЭВИС

Шығармашылық қабілеттің бір белгісі – салыстыруға келмейтіндей көрінетін ұғымдар арасында байланыс құра білу. Ми бөліктері арасындағы кең қарым-қатынас осындай интуитивті қимылдар жасауға көмектеседі. Томас Джефферсон университеті жанындағы Маркус интегративтік медицина институтының ғылыми зерттеу­лер жөніндегі директоры Эндрю Ньюберг ойы жүйрік адамдардың ми қыртыстарындағы нейрондық жүйе жолдарының картасын жасау үшін МРТ контрастілеу әдісі диффузиялық-тензорлық томографияны пайдаланды. Тәжірибеге қатысушыларға стандарттық шығармашылық тесттер берілді де тіс щеткасы сияқты күнделікті заттарды басқаша пайдалану жолдары сұралады. Ньюберг мидың түрлі бөліктері әрекеттесулеріндегі айырмашылықты көру үшін адамдардың ми қыртыстарындағы байланысты бақыланушылар тобы көрсеткіштерімен салыстыруды көздейді. Оның түп мақсаты — әр категорияда 25-ке дейінгі қатысушыны сканерден өткізіп, артынан деректерді біріктіріп, әр топтағы ұқсастықтар мен кәсіпке қарай байқалуы мүмкін айырмашылықтарды зерттеу т.б. Мәселен, күлдіргі актердің миында, психологпен салыстырғанда, кейбір бөліктері белсендірек жұмыс істейтін секілді.

Ньюберг бастапқы салыстырудан қызықты айырмашылықтар анықтады. Субъектілердің миларына жасалған сканерлік түсірілімдердегі қызыл, жасыл және көк түсті жолақтар ақ заттың таралуын көрсетеді, мұнда нейрондарға электрлі хабарламаларды тасымалдауға мүмкіндік беретін өткізгіш бар. Әр түсірілімдегі қызыл дақ сүйелді денені, яғни мидың екі жақ бөлігін қосып, олардың арасындағы байланысты қамтамасыз ететін 200 миллионнан астам жүйке талшықтарынан құралған ортаға қарай орналасқан буманы көрсетеді. «Қызыл дақты неғұрлым көп байқасаңыз, соғұрлым байланыс талшықтарының көп болғандығы, – дейді Ньюберг. Ал айырмашылық  — ортада: «данышпан» миындағы қызыл бөліктер басқа мимен салыстырғанда екі есеге дерлік көбірек байқалады.

«Бұл мидың сол және оң жақ бөліктері арасында байланыс көбірек екендігін білдіреді, мұндай жағдайды шығармашылық қабілеті жоғары адамдардан күтуге болады, – дейді Ньюберг зерттеудің жалғасуда екендігіне назар аудара отырып. – Олардың ойлау процестерінде икемділік көбірек, мидың түрлі бөліктері көбірек атсалысады». Жасыл және көк жолақтар мидың соның ішінде фронталдық, париеталдық және самайлық үлес араларындағы диалогты көрсетеді және олар қосымша деректерді ашуы мүмкін. Мен әлі не табатынымды білмеймін. Бұл тек – бір жаңалық қана».

Бір және қос кіндікті егіздерден тұратын 10 мың жұп генетик Роберт Пломиннің ұзақ мерзімдік зерттеуіне айналды. Ол өз еңбегінде гендер мен қоршаған орта дамуға қалай әсер ететіндігі жөнінде жазған. ЗИЯ генетикасы – өте күрделі құбылыс. «Көп данышпанның ата-анасы қарадан шыққан», – дейді ол.

Бір және қос кіндікті егіздерден тұратын 10 мың жұп генетик Роберт Пломиннің ұзақ мерзімдік зерттеуіне айналды. Ол өз еңбегінде гендер мен қоршаған орта дамуға қалай әсер ететіндігі жөнінде жазған. ЗИЯ генетикасы – өте күрделі құбылыс. «Көп данышпанның ата-анасы қарадан шыққан», – дейді ол.

ПОРТРЕТ ФОТОЛАР: ПОЛ Д.СТЮАРТ, SCIENCE SOURCE (НЬЮТОН); SCALA/ART RESOURCE,NY (МИКЕЛАНДЖЕЛО)

Нейробиологтар мидың дүниетанымды кеңейтетін ойлау процестеріне ықпалын түсінуге тырысса да, басқа зерттеушілер бұл қабілеттің қашан және қандай жағдайда дамитынына бас қатыруда. Адам данышпан болып туа ма, әлде айнала ма? Дарвиннің туысы Франчис Галтон «табиғи теңдік уәжіне» қарсы бола отырып, «данышпандық тұқым қуалайды» деп сенген. Оны дәлелдеу үшін ол Моцарт пен Гайдннан бастап Байронға, Чосерге, Титус пен Наполеонға дейін түрлі салада зор табысқа жеткендердің тегі бойынша шежіре картасын жасаған. Галтон еңбегінің нәтижесі ретінде 1869 жылы «Данышпандық мұрасы» (Hereditary Genius) кітабы жарыққа шықты. Бұл кітап «табиғатқа қарсы тәрбие» пікірталасынан бастап, евгениканың қате бағдарына қамшы басты.

Генетикалық зерттеулер саласындағы прогресс адамның мінез-құлқын молекуларлық деңгейде зерттеуге мүмкіндік береді. Өткен бірнеше он жылдықта ғалымдар зиятқа, мінез-құлқына, тіптен түйсікті ұғыну қабілеті тәріздес сирек кездесетін қасиеттерді зерттеумен келеді. Зиятқа келер болсақ, зерттеулер оны қалай пайдалануға болатындығы жөнінде этикалық сұрақтар туындатады. Бұл – шамадан тыс күрделі процесс. Өйткені оған мыңдаған ген қатысады және әрқайсысының өте аз үлесі бар. Ал қабілеттердің басқа түрлері ше? Музыкалық қабілет туа біткен қа­сиет пе? Моцарт пен Элла Фицджеральдті қоса алғанда көптеген музыканттың сазды ұғыну қабілеті болған деп есептеледі. Бұл олардың өнер жолында өз рөлін ойнаған болуы мүмкін. Генетикалық әлеует жалғыз өзі нақты жетістіктерге болжам жасай алмайды. Данышпан деңгейіне жету үшін еңбек ету қажет. Әлеуметтік және мәдени ықпал сол қажеттілікті бере алады. Тарихта данышпандар шыққан мұндай уақыт пен орын болған: Ислам дінінің алтын дәуіріндегі Бағдат, Бенгалия қайта өрлеу кезіндегі Колката, бүгінгі Силикон алқабы.

MM8512_161104_00001282

Мидың функционалдық МРТ түсірілімдерін пайдалана отырып, сурдолог Чарльз Лимб джаз музыканттары мен еркін стильді рэп әншілерінің милары импровизация барысында өз-өзін «басып» тастайтынын байқады. Лимб басқа шығармашылық адамдарының, айталық, күлдіргі актерлердің миларындағы белсенділікті өлшеу үшін ЭЭГ (электроэнцефалография) әдісін пайдалануды жоспарлауда. Ол бұл әдісті өзіне тексеріп көрген екен.

ЧАРЛЬЗ ЛИМБ

ЧАРЛЬЗ ЛИМБ

Адамды алға жетелейтін ынта мен жігер болмайынша табиғи талант пен жетілдіруші жағдайлар да данышпандық үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» (Origin of Species) еңбегін жазып шығуға 20 жыл жұмсауын және үнді математигі Сриниваса Рамануджанның мыңдаған формула жазуына олардың мінезі әсер етсе керек. Психолог Анджела Дакворттың еңбегіне арқау болды. Ол ынта мен жігер қиысуы адамдарды жетістікке жетелейді деп есептейді. МакАртур қорының «миы» және Пенсильвания университетінің профессоры Дакворт: «Адам қаншалықты талантты болса да, жетістікке жету үшін табандылық пен тәртіпке бағыну аса маңызды», – деп сенеді. «Қандай да бір жетістікке жеткен адамның өміріне үңілсеңіз, табыс­тың терсіз келмегенін көресіз», – дейді ол.

Табыс бірінші талпыныстан кейін келмейді. «Ықпалдың ең бірінші болжам факторы – өнімділік», – дейді Дэйвистегі Калифорния университетінің профессоры, кемеңгер ғалым Дин Кейт Саймонтон. Үлкен табыс көп талпыныстан кейін ғана келеді. «Ғылым саласында жарияланған көптеген мақаланы ешкім ешқашан дәйексөз ретінде келтірмейді, – дейді Саймонтон. – Көптеген шығарма қағазға түспей, еңбектер көпшілікке жетпей қалады». Томас Эдисон фоноаппарат пен алғашқы коммерциялық жағынан тиімді электр шамын ойлап тап­қан, бірақ бұлар – оның АҚШ-тан патент алған мыңнан астам құрылғысының екеуі ғана.

MM8512_161020_0000124-1

Қолдаудың жетіспеуі потенциалдық данышпандардың преспективаларына кедергі келтіруі мүмкін. Осылайша, олар ешқашан табысты болу мүмкіндігіне ие болмайды. Тарихта әйелдер білім алудан, кәсіби жетілуден кенде қалып, жетістіктері дұрыс бағаланбай келген. Моцарттың әпкесі Мария Анна керемет клавесинист болатын, алайда ол бойжетіп, 18 жасқа келгенде әкесі оның музыкалық мансабын шорт кескен. Терманның зерттеуіне қатысқан қыздардың жартысы соңында бар болғаны үй шаруасындағы әйел болып шыға келді. Тақыр кедей отбасында немесе қуғын-сүргінде өмірге келген адамдардың ойы тірі қалудан әріге аса алмайтындықтан, олардың жоғарылауына мүмкіндік бола бермейді.

Кейде сәттілік, әлеует пен мүмкіндіктің «бастары бірігетін» жағдайлар да болады. Егер бұл дүниеде данышпандық концепциясын оның «ингредиентінен» бастап, ықпалды болуына дейінгі аспектіде бейнелеген тұлға болған десек, ол Леонардо да Винчи деуге болар еді. 1452 жылы дүниеге келген Леонардоның шығармашылығы Италияның Тоскан жерінен басталады. Осы қарапайым өмір Леонардоның зердесі мен көркемөнер қабілетін шыңға шығарды. Оның кең тарамды қабілеті – суретші ретіндегі сезімталдығы, адам анатомиясын терең меңгеруі, инженерлік білімі теңдессіз болып саналады.

Леонардоның данышпандыққа апарған өмір жолы жасөспірім шағында Флоренцияда суретші-шебер Андреа дел Веррочиодан тәлім алуынан басталады. Леонардоның шығармашылық қабілеті зор болғаны сондай, ол өз ғұмырында қойын дәптерінің мыңдаған бетін зерттеулер мен жобалар туралы жазумен толтыр­ған. Олардың арасында айналмалы көпір, ұшатын көлік, оптика ілімін де кездестіруге болады. Ол еш нәрсеге қарамастан дегенінен қайтпайтын. «Кедергілер мені тоқтата алмайды», – деп жазған. Сонымен бірге Леонардо өмір сүрген жер (Флоренция), уақыт (Италия қайта өрлеу дәуірі) өнердің жан-жақты қолдауға ие болып, Микеланджело мен Рафаэль тәріздес ұлы тұлғалардың өздерін көрсетуге ұмтылған кезеңі болатын.

Юнион сквер, Нью Йорк. Әр жұма кешінде фристайл рэп жанрындағы Legendary Cyphers тобы өнер көрсетеді. Ән сөздерін екпіндете айта отырып, әртістер кештің көркін қыздырады. Кез келген өнер секілді, рэп айту да тәжірибені қажет етеді. «Көп жаттыққан шебер атанады»,– дейді топ құрушыларының бірі Палладиум Филоз.

Юнион сквер, Нью Йорк. Әр жұма кешінде фристайл рэп жанрындағы Legendary Cyphers тобы өнер көрсетеді. Ән сөздерін екпіндете айта отырып, әртістер кештің көркін қыздырады. Кез келген өнер секілді, рэп айту да тәжірибені қажет етеді. «Көп жаттыққан шебер атанады»,– дейді топ құрушыларының бірі Палладиум Филоз.

Силикон алқабындағы жасанды зиятты зерттейтін Vicarious компаниясында қызмет ететін Венжао Лаян роботқа заттарды танып, орнынан қозғауды үйретеді. Компания мидың көру, сөйлеу және моторикалық бақылау қабілеттерін имитациялайтын бағдарламаларды жасап шығаруды көздейді.

Силикон алқабындағы жасанды зиятты зерттейтін Vicarious компаниясында қызмет ететін Венжао Лаян роботқа заттарды танып, орнынан қозғауды үйретеді. Компания мидың көру, сөйлеу және моторикалық бақылау қабілеттерін имитациялайтын бағдарламаларды жасап шығаруды көздейді.

Леонардо мүмкін емес нәрселерді қиял­дай алуымен, Шопенгауер жазғандай, басқалар тіптен көре де алмайтын нысананы дәл көздеуімен сүйсіндіретін. Бүгінде ғалымдар мен білім саласының адамдарынан құралған топ бірдей мақсатта қызмет атқаруда және олар маңызды тақырыпты қолға алып отыр. Зерттеу нысаны: Леонардо. «Леонардо» жобасында суретшінің тегі мен түр-тұлғасы туралы көбірек дерек алынып, ең бастысы, оның генеологиясы мен ДНҚ-сы зерттеледі.

Топ мүшесі Дэвид Карамеллидің Флоренция университеті жанындағы жоғары технологиялы молекулярлық антропология зертханасы ХVI ғасырдан қалған ғимаратта орналасқан. Екі жыл бұрын оның неандерталдық адам қаңқасына алдын ала генетикалық талдауы жарыққа шықты. Енді ол осы технологияны Леонардоның ДНҚ-сына пайдаланбақшы. Ал топ мүшелері оны биологиялық жәдігерлер – суретшінің сүйектері, бір тал шашынан, суреттері мен қойын дәптері тысында қалған тері жасушаларынан, түкірігінен алмақшы.

Бұл – амбициялы жоспар. Бірақ топ мүшелері оптимисті түрде істің іргетасын қаламақ. Генеалогия мамандары ауыз қуысындағы сілекейді алу үшін Леонардоның әкесінен тараған көзі тірі ұрпақтарын іздес­тіруде. Ол табылған жағдайда Карамелли жұғындыны Леонардоның ДНҚ-сының түпнұсқа екенін растау үшін генетикалық маркерді қолданбақ. Физикалық антропология мамандары Францияның Луара алқабындағы Амбуаз қорғанында 1519 жылы жерленген Леонардоның мәйіті деп есептелетін дене қалдықтарына қол жеткізу жолдарын қарастыруда. Өнертанушылар мен генетиктер Қайта өркендеу дәуірінен қалып, үлбіреп тұрған суреттер мен қағаздардан ДНҚ алу әдістерімен эксперимент жүргізуде.

Математик Теренс Таоның флюидтер динамикасы бойынша формуласы оның артындағы тақтада жазылған. «Өзгеше ойлау қабілеті» үшін «Беделді Филд» марапатына ие болған данышпан: «Ең бастысы, аянбай еткен еңбекке интуиция, әдебиет және шамалы сәттілік жолдас болуы керек», – дейді Тао.

Математик Теренс Таоның флюидтер динамикасы бойынша формуласы оның артындағы тақтада жазылған. «Өзгеше ойлау қабілеті» үшін «Беделді Филд» марапатына ие болған данышпан: «Ең бастысы, аянбай еткен еңбекке интуиция, әдебиет және шамалы сәттілік жолдас болуы керек», – дейді Тао.

«Леонардо» жобалық тобы «Леонардоның ұшып бара жатқан құстарды елестету қабілетінің сыры не» деген сұрақтардың жауабын қайдан іздеу керектігін әзірге білмейді. «Ол бейнебір жылдам жүретін процестің стробоскопиялық түсірілімін жасағандай әсер қалдырады, – дейді Сакмар. – Сондай қабілетпен байланысты гендер болуы мүмкін деген тұжырымдама шындыққа жанаспайды дей алмаймыз». ДНҚ сырларының ашылуын Сакмар мен оның әріптестері өз жұмыстарын жаңа әлемге апаратын экспедицияның бастауы деп біледі.

Данышпандық сырын ашуда зерттеу жұмыстары ешқашан ақырғы нүктесіне жете алмауы мүмкін. Қай дәуірде болсақ та, оның ғажап құпиясы бізді қызықтыруын қоймайды. Қайткенмен өмірдің ашылмаған сырлары әлі де көп. Ерекше ойлау қабілетін қабыптастыратын бірегей ми мен ген сирек кездесетін әлдебір жеке тұлғада ғана емес, әрқайсысымыздың бо­йы­мызда бар болуы әбден мүмкін.

Клаудиа Калб National Geographic үшін «Энди Уорхол: Ұлы тарихи тұлғалардың санасына саяхат» кітабын жазған. Бұл фотограф Паоло Вудстың журналымызға дайындаған алғашқы мақаласы.

Авторы: Клаудиа Калб, Фото: Паоло Вудс

Өзіңізді данышпан санасаңыз enographic.com/genius сілтемесіндегі Geno 2.0 бағдарламасын сынап көріңіз.


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля