..."/>
ЗЕРТТЕУ

Жанайқай!

Суматрадағы еркек орангутан тісін ырситып, ағаш бұтақтарын селкілдете өз қарсыласына айбат шегіп тұр. Олардың жабайы ортада небәрі 14 000-ы ғана қалды, жойылып кету қатері бар.

Суматрадағы еркек орангутан тісін ырситып, ағаш бұтақтарын селкілдете өз қарсыласына айбат шегіп тұр. Олардың жабайы ортада небәрі 14 000-ы ғана қалды, жойылып кету қатері бар.

Ғалымдар орангутандар жайлы мол мәлімет біледі, алайда осынау хайуанның болашағы бұлыңғыр тартып тұр…
Қаскөйлер орангутан төлдерін аулап, қара базарға шығару үшін енелерін өлтіріп тастайды. Бұл жетімдер Жануарларды құтқарудың халықаралық ұйымының назарында.

Қаскөйлер орангутан төлдерін аулап, қара базарға шығару үшін енелерін өлтіріп тастайды. Бұл жетімдер Жануарларды құтқарудың халықаралық ұйымының назарында.

Автор: Мел Уайт фото: Тим Ламан

«Кейде мен әлемдегі ең қиын тақырыпты таңдап алғандай боламын»

Черилл Нотт: «Кейде мен әлемдегі ең қиын тақырыпты таңдап алған секілді сезімде боламын», – дейді. Біз сұхбаттасып отырғанда Ноттың көмекшілері, GPS құрылғылар, айпадтармен Индонезиядағы «Gunung Palung» ұлттық саябағында орангутандардың күнделікті тіршілігін бақылап, олардың не жеп, не істейтінін және туыстастарымен қалай қатынасатынын жазып алып жатты.

Салыстырмалы түрде аңдуға және бақылау­ға оңай, топтасып тіршілік ететін горилла мен шимпанзе приматтардай емес, орангутандар көбінесе жеке-дара жүреді. Олар уақытының негізгі бөлігін ағаш басында өткізеді. Төңіректі еркін кезіп, көбінесе адамдар бара алмайтын шалғайдағы оқшау орманды немесе батпақты жерлерді мекендейді. Нәтижесінде, олар ұзақ уақыт бойы ірі денелі құрлық сүтқоректілерінің өте аз зерттелген түрлерінің бірі боп келді. Тек соңғы 20 жылдың шамасында маймылдың негізінен осы түрі мекендейтін Борнео мен Суматра аралдарына зерттеушілердің жаңа тобы жіберілгеннен кейін, болжамдар ғылыми зерттеулермен дәлелдене бастады.

Алтын фикустың жемісіне қызыққан Борней орангутаны 30 метр биікке өрмелейді. Орангутан – ағаш басында жүретін ең ірі хайуан. Еркектерінің салмағы 90 келіге дейін жетеді.

Алтын фикустың жемісіне қызыққан Борней орангутаны 30 метр биікке өрмелейді. Орангутан – ағаш басында жүретін ең ірі хайуан. Еркектерінің салмағы 90 келіге дейін жетеді.

Нотт орангутандардың тіршілік тарихына үңіліп, 20 жылдан астам уақыт бойы «Gunung Palungтегі» зерттеуді басқарып келеді. Әсіресе қоректенудің ұрғашы гормондарына және репродуктивтік функциясына әсер етуі мәселесіне көп көңіл бөлінуде. «Біз зерттеуді бастаған кезде, маймылдардың гормондарын зерттеумен ешкім айналыспаған еді», – дейді ол.

Нотт жүргізген зерттеулердің маңызы зор, өйткені ұрғашы орангутандар алты-тоғыз жыл аралығында ғана туады. Басқа ешқандай сүтқоректінің көбеюі осынша ұзақ уақытты қажет етпейді. Адамдардың репродуктивтік функциясын түсіну үшін осындай зерттеудің маңызы зор екені сөзсіз: орангутандар бізге ұқсас. Нотт: «Ұрғашы орангутандардың буаз­дығын анықтау үшін олардың зәрін алып, кәдімгі дәріханалық тестілерді пайдалануға болады», – дейді.

Оңтүстік-Шығыс Азияның ормандары сияқ­ты «Gunung Palung» ағаштары беретін жеміс көлемін де орта есеппен аз деуге болады. Бірақ төрт жыл сайын әртүрлі ағаштардың тозаңдануы нәтижесінде кей маусымдарда өнім көлемі мол болады. Мастинг деп аталатын бұл құбылыс Нотқа жеміс өнімінің молдығы мен орангутандардың репродуктивтік функциялары арасында өзара байланыс бар екені туралы ой салды.

Нотт ұрғашы орангутандар несебінің үлгілерін кейін де оларды гормондарға зерттеу үшін сүзгіш  қағазға сақтауға болатынын анықтады. Мастинг құбылысы ормандағы жемістердің  өнім көлемі мол жылдары ұрғашы орангутандардың репродуктивті гормон көрсеткіші жоғарылайтынын көрсетті.

«Мұның жөні бар, – дейді Нотт. – Олар жеміс мол болғанда семіріп, ал жеміс тапшы кезде денесіне жиған майының көмегімен өмір сүреді. Сондықтан жеміс мол кезде ұрғашы орангутандардың буаз болу ықтималдығы өте жоғары».

Нотт пен оның әріптестері үшін тамаша уақыт басталды, өйткені, озық технологиялардың арқасында (қалың орманда орангутандарды іздеп-бақылауға арналған дрондар) жаңалықтарды ашу қарқыны, соңғы жиырма жылда айтарлықтай дамыды. Әрине, бұл орангутандар Суматра мен Борнео ормандарын мекендей беретін болса ғана жүзеге асады.

11 айлық орангутан тамақтанарда енесіне еліктейді. Жас төл енесінің қасында он жасқа дейін жүріп, тіршілік дағдыларын үйренеді. Солардың бірі: жаңбырлы орманда жеміс табу.

11 айлық орангутан тамақтанарда енесіне еліктейді. Жас төл енесінің қасында он жасқа дейін жүріп, тіршілік дағдыларын үйренеді. Солардың бірі: жаңбырлы орманда жеміс табу.


ҚОҒАМ ГРАНТЫ дала жұмыстары мен зерттеулерді жүзеге асыруға көмектесті.

1980-1990 жылдары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кейбір мамандар 20-30 жыл ішінде тұмса табиғаттағы орангутандардың құрып кетуін болжаған. Шүкір, олай болмай шықты. Мыңжылдықтармен есептегенде бүгінгі таңда орангутандар саны бірнеше мыңға артып отыр.

Бірақ бұған қарап орангутандар әлемінде барлығы тамаша деп айтуға болмайды. Олардың санының артуы бұл хайуанаттардың күрт көбеюінен емес, жоғары көрсеткішті зерттеу әдістерінің жақсаруы мен бұрын беймәлім популяциялардың ашылуы есебінен болып отыр. Тұтастай алғанда, орангутандардың жалпы саны соңғы 75 жылда 80 пайызға азайған. Бұл оларды зерттеудің қаншалықты қиын екенін көрсетеді. Эрик Мейард – орангутан түрлерінің популяциясын зерттеумен бұрыннан айналысатын ғалым, ол Борнеода 40 000-нан 100 000-ға дейін орангутандар бар деп болжайды. Суматрадағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мамандар тек 14 000 орангутан бар деп болжап отыр. Санның күрт төмендеуінің себебі азық-түлік өндірісіне пайдаланатын майлы пальмалар плантация­ларын кеңейту мақсатында орангутандар мекендейтін ормандардың кесілуінен, табиғи ортасының бұзылуынан болып отыр.

Бұл ретте, басқа факторды да ескеру қажет. 2013 жылы бірнеше зерттеуші Борнеода соңғы жиырма жыл ішінде 65 000-нан астам маймыл өлтірілгенін есептеді. Олардың кейбіреуін адамдар еті үшін өлтірген. Басқалары егісті жеп қойғаны немесе балаларын қорғағаны үшін атылған. Орангутан балаларының бет тұрпаты сүйкімді, сондықтан олар – Индонезияның қара базарында ең қымбат асыранды жануарлар, сондай-ақ оларды Борнео мен Суматрадан контрабандалық жолмен шетелдерге әкетеді. Ұрғашы орангутан баласын жанталаса қорғайды, сондықтан баласын тартып алудың ең қолайлы амалы – енесін өлтіру. Ұрғашы орангутанның өлімі одан төл алу мүмкіндігінен айырады.

Жануарларды құтқарудың халықаралық ұйымы сияқты оңалту орталықтарына жетім қалған орангутандардың лек-легімен әкелінуі приматтарды өлтіру осы күнге дейін маңызды болып отырғанын көрсетеді. Қазіргі сәтте оңалту орталықтарында мыңнан астам орангутан мекендейді және түпкі мақсат — ондағы приматтарды орманды алқаптарға қайта жіберу. Жас орангутандарды жабайы ортаға үйрету өте қиын, көп еңбектенуді талап ететін үдеріс.

Жануарларды құтқарудың халықаралық ұйымының оңалту орталықтарындағы жетім қалған орангутандар осы күнге дейін өткір проблема болып келеді.

Орангутандарға қауіп-қатер төнгені анық. Соңғы зерттеулер адам мен орангутандар арасындағы генетикалық, физикалық және мінез-құлықтық – соның ішінде мәдени дамуының ұқсастығын айқындады, бұл бізге приматтардан адамға қалай айналғанымызды түсінуге мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы ғалымдар барлық орангутандар бір түрге жатады деп ойлаған, алайда соңғы жиырма жыл ішінде ашылған жаңалықтар зерттеушілерді Борнео мен Суматрадағы орангутандар құрып кету қаупі төнген маймыл түрі екендігіне көз жеткізді. Ғалым­дар батыс Суматрадағы Batang Toru атты жерде табылған популяцияның Суматрадағы популяцияларға қарағанда, Борнеодағы орангутандармен генетикалық ұқсастығы бар екенін анықтады.

Кейбір ғалымдар Batang Toru орангутандарының басқалардан өзгешелігі сонша, олар үшінші түрді құруы мүмкін деп ойлайды. Олардың саны 400-дей басты құрайтындықтан, су электр стансаларын салу олар мекендеген ортаға зиян келтіреді, адамдардың келуіне, заңсыз аңшылыққа жол беріледі. Соның салдарынан олардың жойылып кету қаупі төнеді.

Борнеодағы Gunung Palung жанындағы орманды майлы пальмалар ауыстырған. Орангутандар ме-кенінде тамақ өнімдері мен косметикаға қажетті пальма отырғызылған. ҮШ БЕЙНЕНІҢ БІРІГУІ

Борнеодағы Gunung Palung жанындағы орманды майлы пальмалар ауыстырған. Орангутандар ме-кенінде тамақ өнімдері мен косметикаға қажетті пальма отырғызылған.
ҮШ БЕЙНЕНІҢ БІРІГУІ

Орангутан түрлерінің айырмашылықтары көбейіп барады, олардың шығу тегі ғылыми түсінікке қарама-қайшы.

Суматра орманындағы ағаштардың басындағы бақаннан Ситогос атты ірі еркек орангутан қураған ағаш діңіне секіріп, 90 келілік бар салмағымен түбінен опырылып түскенше әрі-бері теңселтті. Ең соңында Ситогос жақындағы бұтаққа секіріп шықты, ал әлгі ағаш менің алдыма гүрс етіп құлады.

Орангутандар ашуланғанда осылай істейді және мұндайды асқан ептілікпен жасайды.

Суматрадағы батака тілінде Ситогос «күшті» деген мағына береді. Өз атына сай орангутан маған қарап, ағаштың бұтағын селкілдетіп, бүлкілдеген көмей дыбысын шығарды. Ол: «Суматра ормандарында жолбарыстар мен малай аюлары мекендегеніне қарамастан бірақ мұнда, ағаш басындағы орангутан – «мен патшамын!» – дегендей.

56-57

Ситогос бір бұтақтан екінші бұтаққа жету үшін екі метрге созылатын қолдары мен епті аяқтарын жақсы пайдаланады. Тиур («оптимист») атты жас ұрғашы орангутан Ситогос тоқтаған кезде оған жақындап, соңынан қалмай келе жатыр. Оның дене бітімі анағұрлым кіші де нәзік және еркегі оған селқос қараса да, соңынан қалмай еріп келеді.

Олар созылып ағаштың бұтақтарынан гүл теріп жейді, пальманың тостаған тәрізді балауса бұтақтарын сындырып, су ішеді. Ситогос бұтаққа қарай еңкейгенде, Тиур оның арқасын сипайды.

Жақында Ситогос таңғаларлық өзгерісті бастан кешті. Тестостеронның артуы нәтижесінде, оның бұлшық еттері қатты күшейіп, жүні ұзарып және бетінде қалың жастықшалар пайда болды, сондай-ақ дауысын күшейтетін көмей қалташасы пайда болды.

Борнеодағы еркек орангутан ағаш бұтағын уақытша қолшатыр ретінде пайдаланады. Бұл дағды ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен орангутандар «мәдениетінің» үлгісі болып табылады.

Борнеодағы еркек орангутан ағаш бұтағын уақытша қолшатыр ретінде пайдаланады. Бұл дағды ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жеткен орангутандар «мәдениетінің» үлгісі болып табылады.

Алыстан басқа еркек орангутанның дауысы естіледі. Ситогос тұрып, қарсыласына қарай жылжи бастады.

Көп жануар түрлерінің еркектері жыныстық жетілу кезінде үлкен физикалық өзгерістерден өтеді, алайда бұл үдеріс, әсіресе, орангутанда ерекше байқалады. Ситогостікіндей аса ірі дене, бетіндегі жастықшалар және көмей қапшықтары барлық орангутандарда бола бермейді. Көбінің денесі жыныстық жасқа жеткеннен кейін де ұсақ болады және басқаларға қарағанда, бірнеше жыл өткен соң ғана өзгереді. Кейбірі өмір бойы дамусыз өтеді. Осы дивергенцияның негізін қалайтын биматуризм деп аталатын тетік– зоологиядағы ең үлкен құпиялардың бірі.

Солтүстік Суматраның ормандарында бетінде жастықшалары бар бір ғана үстем еркек орангутан жергілікті ұрғашы орангутандар тобын басқарады. Осы аумақтағы басқа еркек орангутандар анағұрлым ұсақ және олардың бет жастықшалары жоқ, бұл жағдай бірнеше еркек орангутан үстемдігін білдіргісі келгенде, олардың қарсыласуына жол бермейді. Дене пішімі ұсақ орангутандар үшін өз генін берудің жалғыз амалы – «қожайыннан» аулақта өз мүмкіндігін күтіп, сырттан қадағалау.

Басқа өңірлерден айырмашылығы, Борнеода барлық еркек орангутандардың бет жастықшалары бар. Олар үлкен аумақта қыдырып жүреді және олардың арасында ұрғашылар тобын бақылайтын, үстемдік жүргізетіндей еркек орангутан жоқ. Шағылысу үшін ең жақсы мүмкіндік – күшті болу, түрлі қақтығыстар мен сайыстардан қалыс қалмай, өз өзін шыңдау.

Ноттың зерттеу стансасы маңындағы жолда мен осындай қақтығыстың куәсі болдым. Еркек орангутан Прабу жоғарыда алтын фикус ағашының бұтағында отыр. Кейде ол бұтаққа асылып, төмен қарай салбырайды, маңдайы жараланған және төменгі ернінің еті жұлынып кеткен. Прабу төбелеске қатысқан болу керек, бірақ ол жеңді ме екен, жеңілді ме екен?

Прабу тұрып, «ұзақ шақыру» деп аталатын қатты дыбыс шығарды. Еркек орангутандардың ұзақ шақыруы бір минуттан аспайды, бірақ Прабудың дауысы бес минуттан асып кетті. Қансыраған, бірақ жеңілмеген Прабу бәсекелес еркектерге және шағылысатын ұрғашы орангутандарға өз күшін көрсете білді.

Кей ғалымдар еркек орангутандар арасындағы дихотомия Суматра мен Борнеоның гео­логиялық құрылымының айырмашылығы салдарынан пайда болған деп ойлайды. Суматраның топырағы Борнеоға қарағанда анағұрлым құнарлы. Тамақ табу үшін көп күш жұмсамайды. Бұнда ұрғашы орангутандар жиірек өмірге келеді. Бұл еркек орангутандарға бір жерде мекендеп, топ құруға мүмкіндік береді. Бұған қарағанда, Борнеоның жұтаң табиғаты қатты бәсекелестік туындатып, орангутандарға азық және шағылысатын жұп іздеп басқа жерлерді барлауға мәжбүрлейді.

Аралдардағы еркек орангутандардың үстемділік айырмашылығы осыдан болуы мүмкін. Бірақ бұл болжамнан одан бетер көп сұрақ туындайды.

Біз Швейцариядағы Цюрих университетінде әңгімелескен Карел ван Швайк: «Бет жастықшалары жоқ, белсенділігі төмен Суматра еркек орангутаны шағылысуда қиындықтарға тап болатынын қалай біледі?» – деді. Бұл университетте Швайк және оның әріптестері Суматра мен Борнео орангутандарын зерттеу тақырыбына ондаған ғылыми мақала жариялаған.

Карел ван Швайктың сұрағына жауап: «Әрине, еркек орангутан адам сияқты «білім» ала алмайды. Бұл олар үйренетін нәрсе емес», – дейді ван Швайк. «Өзгеріс кезеңі болуы тиіс және өзгерісті кезеңнің сезімділігі популяциялар үшін әртүрлі және ол генетикалық сипатқа ие болуы тиіс».

Орангутандарды зерттейтін ғалымдар алдынан шығатын қиындықтар салдарынан еркек орангутандардың дамуы қалай өтеді деген сұрақ жауапсыз тұр: бұл мәселені зерттеу күрделі.

Физиологиялық әр түрлілігіне қоса, орангутандардың мінез-құлықтарында да бір индивидтен – екінші индивидке және ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын айырмашылық байқалады әрі оны заңды түрде «мәдени» деп атауға болады.

«Бақылауымыздағы жердің бірінен біз анасы балаларын жұбату үшін шығаратын дауыс естідік, – дейді приматтардың аналық түйсігін зерттеумен айналысатын Цюрихтегі топ мүшесі Мария ван Нордвик. – Біз оны «көмекейді тырнау» деп атаймыз. Туғаннан кейін келесі күні ол осылай дауыстайды. Бұдан бұрын біз одан мұндай дауыс естімегенбіз. Сірә, бұл оның қанында бар дағды болар».

«Приматтар дыбыстауды үйренбейді, – дейді Карел ван Швайк. – Дегенмен егер біз шығу тегінің генетикалық негізін қабылдамасақ, бәлкім, мұның құпия мәдени мәні бар шығар».

Орталықта ұйым қызметкерлері адамның патогендік бактерияларынан қорғау үшін бетперде тағып, жетім орангутандарды аман қалу дағдыларына үйретіп, күнде «орман сабағын» өткізеді.

Орталықта ұйым қызметкерлері адамның патогендік бактерияларынан қорғау үшін бетперде тағып, жетім орангутандарды аман қалу дағдыларына үйретіп, күнде «орман сабағын» өткізеді.

Ғалымдар орангутандарды бақылау барысында хайуандардың жай ғана мінез-құлқын емес, одан басқаны да көреді. Осы жазбалар мен деректер артында «орангутандардан адам туралы не біле аламыз» деген сұрақ тұр.

Адам тәрізді приматтардың миы мен денесіндегі барлық құпияларды ашу тұтастай бейімделу жолағын сақтау болып табылады. Кез келген бір популяцияны жоғалту оның қоршаған және мәдени бейімделу ортасында үйрену мүмкіндігінен айырылуға әкеп соғады.

2015 жылы Индонезияда екі миллионнан астам гектар жерге майлы пальмалар мен басқа да егін егу үшін орман өртелді. Ал дағдыларды игере алмаған бұл орангутан жануарларды құтқару орталығына жіберілді.

2015 жылы Индонезияда екі миллионнан астам гектар жерге майлы пальмалар мен басқа да егін егу үшін орман өртелді. Ал дағдыларды игере алмаған бұл орангутан жануарларды құтқару орталығына жіберілді.

1996 жылдан бері Борнеоның солтүстік-шығысындағы Саба аймағы Кинабатанган өзенінде орангутандарды зерттеу және қорғау жобасын басқаратын Марк Анкреназбен бірге болдым. Мұнда өзен жағалауындағы деградацияға ұшыраған мекеннің жіңішке дәлізі мен қалың өскен май пальмалары қоршауындағы ауылдар арасында бірнеше жүз орангутан тіршілік етеді.

Біз шелектеп құйған жауыннан қашып, зерттеу аймағындағы лашыққа жақындағанда Анкреназ: «Әрине, біз, негізінен, байырғы орманды қалар едік, бірақ бізге осымен де қанағаттануға тура келеді», – деді. Сырттағы батпақта Борнео ергежейлі пілдерінің дөңгелек іздері қаптап жатыр. Жиырма жыл бұрын ғылым орангутандар әуелгі ормандардан тыс жерде тіршілік ете алмайды деп болжайтын. Біз мұнда кеп таңғалдық. Тұра алмайды деген жерде орангутандар қалай тіршілік етіп жатыр?

MM8117_140612_2743

Анкреназ адам қолынан өзгеріске ұшыраған орта орангутандардың аман қалуы үшін маңызды деп есептейтін бірнеше зерттеушінің пікіріне қосылады. «Бұл биологиялық алуан түрліліктің келешегі деп ойлаймын», – дейді ол.

Борнеоның батысында Нотт тұрақты баламалы ортаны дамыту, заңсыз ағаш кесу, браконьерлікті азайту және «Gunung Palung» ұлттық саябағы айналасындағы аймақтарда қоршаған ортаны қорғау туралы білім беруді ұйымдастыратын ұйым құрды. Анкреназ, сондай-ақ Саба аймағының мектептері мен қоғамдастықтарында қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру бағдарламаларын жасап, табиғат пен адамның қатар тіршілік ету жолдарын табуға тырысып жүр. Ол Кинабатанган өзені бо­йында тұрып жатқан халықпен ынтымақтасып, оларға экотуризм мен соған байланысты бизнес жасап, орангутандар мен тұмса табиғаттан ақша табуға көмектеседі. Нотт жергілікті тұрғындар хайуандардың аман қалуына инвестиция салады деп үміттенеді. «Шалғайдағы шағын ауыл тұрғындары табиғатты қорғау ісінде үлгі көрсетіп келеді, – дейді Нотт. – Егер жобаларымызға жергілікті халықты тартпасақ, сәтсіздікке ұшырар едік».

Орангутандар бүгінгі алуан түрлі күйінде қалу үшін үкімет пен табиғат қорғаушылары қай жерлерді қорық ету, оларды қалай басқару және шектеулі қорларды пайдалану туралы дұрыс таңдау жасауы тиіс. Мекендеу ортасы үнемі тарылып бара жатқан екі аралда жан-жануарлар мен адамдардың бірге тіршілік ету жолдарын табуы керек.

«Тұмса табиғатты қорғауды жүрегімен, шын көңілімен қалайтын көп адамды көргенмін, бұл– жақсы үрдіс, – дейді Анкреназ. – Бірақ табиғатты қорғайтын мықты ғылыми база болуы тиіс. Зерттеушілердің мақсаты – орангутандардың экологиялық ортасы мен олардың генетикасы туралы толығырақ білім беру, оларды түсіну. Басқалар жерге және қоғамдастықтарға әсер ету үшін сол білімге сүйенеді. Табиғат қорғау деген осылай жүргізіледі».

Борнео және Суматра ормандарында эволюция барысында миллиондаған жыл бойы қалыптасқан орангутандардың мінез-құлқы мынаны дәлелдейді: олардың тіршілігі мен тұратын ортасының тылсым құпиялары ашылды. Болашақта тағы не білеміз, ол ғылым мен қоршаған ортаны қорғауды үйлестіруге, адам мен оған өте ұқсас маймылдың өзара байланысы туралы сұрақтарға жауаптарды іздестіруге байланысты.


Фотограф Тим Ламан мен антраполог Черли Нотт–ерлі-зайыпты жұп. Олар орангутандарды 1992 жылдан бері түсіріп келеді. «Әрбір жыл тосын сыйға толы», — дейді Нотт.​

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля