Талдықорғандағы Оқушылар сарайында Алматы облыстық Туризм басқармасының тікелей қолдауымен «National Geographic-тің» ең үздік 50 суреті» тақырыбында фотокөрме өз жұмысын бастады.
Оқушылар сарайында бір айға жалғасатын фотокөрмеде 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотолары ұсынылған.
Көрме қонақтары 10 000 ваттық жарықпен 4022 метр тереңдікте Эмори Кристоф «тірілткен» Титаниктің суретін де осы жерден көре алады.