Кристофер Соломон
Климат өзгерісі – бұл менің Эквадордағы Галапагос аралынан жасаған репортажымның тақырыбы болатын. Пуэрто Вилламильде болғанға дейін өзімді үйімнен соншалық алыс сезінбеппін. Жүргіншілердің жаннатына айналған мұхит жағасында көліктердің жылдамдығын баяулату үшін жол бойы теңіз жіптері созылып жатыр. Олар игуаналарды сақтауға арналған.
Таңертең америкалық эмигрант Джэймс Хинкль жергілікті бұршақ кофесін құйып жатып маған бірнеше жыл бұрын мұхиттың күре жолды жауып қалғанын айтты. Зайыбы Марлин екеуінің «Буби Трап кафетериясы» атты шағын дәмханасы бар. Дәмхана да, олардың үйі де жағажайға жақын жатқан құм төбенің арғы жағында орналасқан. Ғалымдардың болжауынша, егер 2100 жылға дейін мұхит деңгейі 55-тен 76 сантиметрге дейін көтерілетін болса, Хинкель үйі судың астында қалуы әбден мүмкін.
Бірде мен бұл жұмақ мекенге тән емес бетон кесетін ара дауысын естідім. Жаңа қонақүйлер су жиегінен бірнеше метр жерде салынып жатты. Тіпті әскери-теңіз флоты да алда болар оқиғаға дайын емес-ті. Судың көтерілу деңгейінен сәл-ақ жоғары тұрған жағажайдағы «Армада дель Эквадор» қонақүйлер кешені мен су арасын шынжырлы қоршау ғана бөліп тұр.
ФОТО: ТОМАС ПЕСЧАК