Әлемдегі ең танымал компаниялар мен ең ауқатты корпорациялар өз жолын қалай бастағанын білесіз бе? Шын мәнінде мұны көп адам біле бермейді. Қарамағында он мыңдаған қызметкері мен құны миллиардтаған доллармен есептелетін бұл алыптардың алғашқы өнімі қандай? Бұл сұрақтың жауабы кім-кімге болса да қызық екені екібастан белгілі. Ендеше біле жүріңіздер, біз айтайық! «National Geographic Қазақстан» оқырмандарына тарту!
«Sony» компаниясының алғашқы өнімі күріш пісіретін аспап екен.
«Samsung» құрылған кезде азық-түлік сатумен айналысқан.
«Toyota» тарихы тігін машинасынан басталды.
«Nokia» алғашқы табысын голош пен қағаз шығарудан көрген.
Ұшақ жасауға көшпес бұрын «Bombardier» қарда жүретін көлік құрастырып, сатқан.
Темір тұлпарларымен аты шыққан «BMW» компаниясының алғашқы өнімі әуе қозғалтқыштар мен ұшақ болған.
«Nintendo» құрылған кезде алдына жалғыз ғана мақсат қойып, кәдімгі ойын карталарын шығарған екен.
Электроника өнімдерімен аты шыққан «SHARP» компаниясының сатуға шығарылған алғашқы тауары кәдімгі қарындаш.
«Lipton» сауда маркасы бүкіл әлемге танымал болғанға дейін өз жұмысын қарапайым дүкен ретінде бастаған.
«Philips & Co.» компаниясының алғашқы өнімі лампа мен радиоқабылдағыш.
100 жыл бұрын «Bonduelle» алкоголь шығаратын компания ретінде белгілі болған.
«Hugo Boss» құрылған кезде нацистік Германия тапсырысын орындап, неміс әскеріне униформа тігіп отырған.
Компьютерлермен айналысқанға дейін «IBM» табулятор, ірімшік слайсері мен таразы шығарып келген.
«LG Electronics» өз жұмысын кәдімгі кір жуатын ұнтақ жасап шығарудан бастаған. Сәл кейінірек компания пластик өндіруге көшіп, ауқымын әлдеқайда кеңейткен.
Өмірінің алғашқы жылдары «Sega» ойын автоматтар мен суретті тез басуға мүмкіндік беретін қағаз шығарған.
Азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдер нарығында көшбасшы компаниялардың бірі «Unilever» бастапқы кезде сабын мен маргарин майларын шығарған екен.
Қызмет көрсету саласында толағай табыстарға жетіп, қанатын кең жайған «Virgin Group» компаниясының тарихы да қарапайым дүкеннен басталады. Күйтабақ сататын дүкен ашқанға дейін бұл алыптың негізін қалаған Ричард Бренсон жастар мәдениетіне арналған журналдың бас редакторы қызметін атқарған.
Дереккөз: trollno.com