Катерина Цукерман
Сәби дүниеге келмей жатып-ақ аутизмді анықтауға болатынын елестетіп көріңізші. Баланың даму белгілері 3 жасында ғана байқала бастайды. Дертті кеш білгеннен гөрі, ата-аналардың жағдайды ертерек анықтап, емдеу стратегиясын алдын ала құра алғаны жақсы емес пе?
Нәресте миының құпияларын ашуды армандайтын педиатр-нейроғалым Мория Томасон сәби қауашағын тексерудің ауылы алыс емес екендігін айтады. Ол үшін МРТ технологиясын пайдалану керек.
Томасонның айтуынша, олар сәбидің уақытынан ерте дүниеге келу қаупі бар жағдайларды назарға алады. «Өйткені ерте туған сәбилердің дамуының кешеуілдеу қаупі басым екенін білеміз», – дейді ол. Бала дамуының кешеуілдеуінің себебі – көбінде күйзеліс және туу кезінде ауаның жетіспеуінен. Мұны нақты анықтау үшін біраз уақыт керек. «Бұл сала күн санап дамып келе жатыр», – дейді Томасон. Жатыр ішін ультрадыбыспен тексерудің қалыпты жайтқа айналғанына да көп бола қойған жоқ.
СУРЕТТІ ТҮСІРГЕН: МОРИА.Е.ТОМАСОН, УЭЙН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ (БАРЛЫҒЫ)