..."/>
ЖАҢАЛЫҚТАР

Шешіну маңызды емес

MD0417_L757_RMA_MD0417_ST_161011__140_Fnl

Бала кезінен танымал Маим Билик нейроғылым саласында докторлық қорғап, әйгілі «Үлкен жарылыс теориясы» сериалында ғалым ролін сомдау үшін көгілдір экранға қайта оралды.

Нил Деграсс Тайсон: Сонымен, бала кезіңізде ғылымнан қатты әсер алған кезіңіз болды ма?

Маим Бялик: Орта мектепте физика пәнінен сабақ беретін мұғалімім бар еді. Бізге слайд–шоу көрсетіп жатып көзі ілініп кететін, бірақ өте керемет физик еді. Біздің мектеп ерекше болды. 1980 жылғы бір топ ақылды әрі ерте есейген бала туралы «Сынып басшысы» ситкомы (situation comedy) дәл біздің мектебімізге негізделіп түсірілген. 14-19 жас аралығында Blossom ситкомына түсіп, кейін қосымша сабақтарға жазылуға тура келді.

Н.Т.: Жай ғана «түстім» емес, негізгі рольді сомдадым демейсіз бе?

М.Б.: А-а, иә-иә, солай болсын (күлді). Орта мектепте оқып жүріп, математика мен ғылымға аса құмарта қойғаным жоқ. Сыныбымдағы барлық ұл балалар есепті менен әлдеқайда тез шығаратындықтан, бұл пәндерге деген қабілетім керемет емес деп ойладым. Бірақ биология пәнінің мұғалімі болшақта менен ғалым шығатынына сендіргеннен кейін жағдай өзгеріп сала берді. Мен математика және онымен біте қайнасып жатқан әлемнің кереметін терең түсіне бастадым. Ал жоғары оқу орнында бұл пәндерден еш қиналмадым.

Н.Т.: Көңіл толқытар сөз. Қаншама оқушы осындай мұғалімге мұқтаж десеңізші?!

М.Б.: Қаншама қыз бала осындай ұстазға мұқтаж деген дұрыс шығар. Өйт­кені ғылым саласында әйелдердің тапшылығы аз айтылып жүрген жоқ. Білім беру саласы мен оқыған 70-80 жылдарға қарағанда өзгерген болуы керек. Ол кезде «сенің математикаң нашар, ағылшын тіліне күш салғаның дұрыс болар, Шекспирдің тіліне қалайсың» деген мағынадағы әңгімені көп еститінбіз.

Н.Т.: Кей адамдар қолға алған ісі тез нәтиже бермесе, оның артынан қуу қажет емес деп ойлайды. Бұл—қате пікір. Үлкен табыс тек маңдай термен келеді емес пе?!

М.Б.: Иә. Егер колледжде оқымағанымда мен де сол пікірде болып, сол жағдайыма мәз болып жүре берер едім. Алайда мен Лос-Анджелестегі Калифорния университетін де, академиялық тұрғыда ауыр пәндерді де жанымдай жақсы көрдім. Мен қуана-қуана арнайы көмекке мұқтаж жасөспірімдермен жеті жыл бойы зерттеулер жүргіздім. 2007 жылы докторлық дәрежемді қорғағанда да қуанышымда шек болмады. Дегенмен өмірінің басым бөлігін зерттеуге арнайтын жұмысқа қарағанда мен үшін кестесі икемді артист болу әлдеқайда тиімдірек. Өйткені екі бірдей балам бар.

Н.Т.: 2010 жылға жылжысақ, «Үлкен жарылыс теориясы»… Бұл шоуды осыншалықты белгілі болады деп кім ойлаған?!

М.Б.: Мен үшін де күтпеген жайт болды. Өзім қатысқанға дейін бұл шоуды бірде-бір рет көрмеппін.

Н.Т.: Шоуда сіз нейроғылым докторы Эми Фаррах Фоулердің рөлін сомдайсыз…

М.Б.: Ол – негізінде, нейробиолог. Маған нейроғылым саласының тақырыптары жақынырақ.

Н.Т.: Рөлді сомдауда кәсіби біліміңізді қаншалықты пайдаландыңыз?

М.Б.: Артистің жұмысы – сол кәсіп иесі болмасаң да, дәл сомдап шығу. Осы тұрғыдан алғанда жұмысым оңай болды деп ойлаймын, өйткені аса қатты өзгерудің маған қажеті болмады.

Н.Т.: Мен көрермендер бұл шоу туралы былай ойлайтын шығар деп санадым: «Алты ғалым өзара сөйлеседі, бірақ ешкім олардың не айтып жатқанын түсінбейді. Олар әзіл айтады, күледі, бірақ не үшін күлгендері бізге беймәлім». Меніңше, мұндай туынды бұрын-соңды болмаған. Бұл шоу қай тұрғыдан қарасаң да тартымды.

М.Б.: Әрине. Мен көрген шоулардың барлығы дерлік 18+ еді. Ал бұл – басқаша. Шоуда микробиолог Бернадеттаның «сексуалды» сахнасы болды, бірақ осы жерде үлкен қиындық туды.

Н.Т.: Ол эпизод менің есімде. Сіздің кейіпкеріңіз Эми сол эпизодтың быт-шытын шығарады.

М.Б.: Оныңыз рас. Менен мынадай сұрақ жиі сұралады: «Ақ халаттың алдын ашып, ішінен қара көкірекшені көрсетіп қоюға қалай қарайсыз?». Негізінде, мен олай істегісі келген ғалым әйелдерге мін тақпаймын. Бірақ бұл – мен үшін әйелдердің ғылым саласындағы рөлін көрсетудің жолы емес. Көрермен қызығушылығын арттырудың жалғыз жолы осы деп ойламаймын. Мен ғылымдағы әйелдер жайлы мұндай оғаш көзқарас білдіруден аулақпын.

Менің мақсатым – бұл салада жағымды әйел бейнесін қалыптастыру. Меніңше, көптеген әйел өздеріне қолжетімді мамандықтардың түрлерін біле бермейтін сияқты. Жас кезімде мен де солай қиналдым. Алайда өсе келе біраз жайтты түсіндім. Су әлемі, жануарлар, жалпы табиғатпен қарым-қатынастың барлығы ғылым екен. Сіз инженерлікті ұнатасыз ба? Код жазуды үйренгіңіз келе ме? Онда талмай еңбектеніңіз. ҒТИМ саласында өзгешелік пен тапқырлықты талап ететін мамандық түрі көп. Міне, қыз баланың санасына жастайынан сіңіруіміз керек нәрсе – осы.

Н.Т.: Тауып айттыңыз. Шоудың да негізгі мағынасы осы секілді.

М.Б.: Рақмет! Ол үшін шешінудің қажеті жоқ сияқты.

БҰЛ СҰХБАТ 2015 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗЫНДАҒЫ STARTALK («ЖҰЛДЫЗБЕН СҰХБАТ» БАРДАРЛАМАСЫНЫҢ) ЖАЗБАСЫНАН ЫҚШАМДАП АЛЫНДЫ.

STOCK_GettyImages-107327660

«Үлкен жарылыс теориясы» комедиясындағы ерекше рөлдер: нейробиолог Эми Фара Фаулер (Маим Билик) және оның жігіті, физик Шелдон Купер (Джим Парсонс)

Нил Деграсс Тайсон National Geographic арнасында «Жұлдызбен сұхбат» бағдарламасын жүргізеді. Толық эпизодтарды natgeotv.com/Startalk сайтынан көре аласыздар. Оның «Жұлдызбен сұхбат: ғарышқа саяхат, Ski-fi, адамзат нәсілі, ғалам, шексіздік» атты кітабын кітап дүкендерінен және shopng.com/startalk сайтынан сатып алуға болады.

ФОТО: МОНТИ БРИНТОН, БӨК (БРИТАН ӨНДІРІС КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНАН) АЛЫНҒАН GETTY IMAGES

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля