Нина Строчлик
Жасанды жарықтандыру ұйқымызды өзгертті. Бостондағы Бригам және әйелдер ауруханасының ұйқы зерттеушісі Эндрю Макхиллдің айтуынша, жарықты бақылау қабілеті адамдарға «өздерінің сергектік әрекеттерін түннің бір уағына, ішкі биологиялық сағат ұйқыға тартатын уақытқа ысыруға» мүмкіндік берді.
Кей тарихшылар көше шамдары қолданысқа енгелі ұйықтау уақыты кейінге шегерілгенін айтады. Бүгінде ғалымдар ұялы телефонымыздан бөлінетін көк сәулелер циркадалық ритмді түрлендіре алатынын анықтады. Бұл 24 сағаттық биологиялық циклді өзгерту ұйықтауға көмектесетін мелатонин секілді гормондардың тепе-теңдігін бұзады.
Әйтсе де, бұл сағатты қайта қалпына келтіруге болады екен. Макхилл және оның әріптестері лагерьге саяхаттау циркадалық ритмнің бұзылуын ретке келтіретінін анықтады. Жұлдызды аспан астында уақыт өткізу – мелатонин деңгейін көбейтіп, ұйқы тәртібін қалпына келтіреді, сондықтан адамдар табиғи жағдайда ерте жатып, ерте тұрады.
ФОТО: КЕЙТ ЛАДЗИНСКИ, NATIONAL GEOGRAPHIC CREATIVE