..."/>
ЗЕРТТЕУ

Бақталас

Нина Строчлик

2015 жылы НАСА Америка мен КСРО арасындағы ғарыш бақталастығын көрсететін ақ-қара түсті фотолар көмбесін жариялады. Суреттерде шиеленіскен сәттегі басқарушы-орталықтағы топ, Аполло миссиясының бағдарлама коды қасында тұрған инженерлер мен марқұм Джон Гленнің (төменде) жас ғарышкер кезіндегі ұшуға әзірлік сәті көрсетілген. Аталған мыңдаған суретті онлайн ақтарғандардың арасында Мурриск ауылынан шыққан фотограф, ирландиялық Мэтт Лофрей де болды.

Лофрейдің әкесі оған ғарыш бақталастығы туралы айтып отыратын, алайда соның бәрі бірсарынды және алыс көрінетін. Ол өзінің 7 жасар ұлын «бұрын әлем ақ-қара түсті болды ма» деген сұрақты қойғанда біртүрлі аяп кетті. «Мен оның қырағы бақылауға тап келгенін түсіндім», – дейді Лофрей. Ол ұлына әлем әрдайым түрлі-түсті болғанын, алайда оны түсіретін құралдардың өзгергенін айтты.

Тәжірибе ретінде әжесінің суретін бояған Лофрей НАСА фотоларының түрлі-түсті нұсқасы ғалымдардың қаншалықты қызықтыратынын елестетті. 300 сағаттан кейін Лофрей ондаған суретті өзгертті.


Иесін тапқан марапат

National Geographiс Қоғамының жетекші ғалымдар мен зерттеушілерге арналған беделді Хаббард марапаты астрофизик Нил деГрасс Тайсонға бұйырды.

Жұлдыз шаңдарының дақтары, радио телес­коптың сәулелі шоуы және болашақтағы ғарышқа саяхат туралы оқу үшін «National Geographicтің» алдағы нөмірін қараңыз.

ФОТО: НАСА, БОЯЛҒАН СУРЕТ МЭТТ ЛОФРЕЙГЕ ТИЕСІЛІ, МЕНІҢ ТҮРЛІ-ТҮСТІ ӨТКЕНІМ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля