..."/>
ЗЕРТТЕУ

Сезім «сымдарын» қайта жалғау

Ив Конант

Бір темірқол және ондаған электрод – бұлардың бәрі сал ауруына шалдыққан жігіттің сипау сезімін қайта қалпына келтіруге арналған мүлде жаңа тәжірибе.

Ғалымдар сал болып қалған не кесілген аяқ-қолдың сезімін ми сақтап қалатынын жақсы біледі. «Ми бұрын әрдайым жасап жүрген әрекетті жадыда сақтап қалатын қасиетке ие, – дейді биоинженер Роберт Гаунт, – тіпті жарақаттан кейін де». Жуырда зерттеушілер робот аяқ-қолдарды ми арқылы басқаруға мүмкіндік тапты.

Гаунт пен оның Питсбург университетіндегі әріптестері мұнымен тоқталмақ емес. Олар робот аяқ-қолды науқастардың жай ғана құрал емес, денесінің бір бөлігі ретінде сезінуі үшін тер төгуде.

Жастық шағында көлік апатының кесірінен кеудеден төмен сал болып қалған Натан Коуплэнд – осы тәжірибеге қатысқандардың бірі. Оның миына және қолдың сезіміне жауап беретін сезіну қыртысына кішкентай сенсорлар орнатылды. Кейіннен сигналдар алу үшін робот-қол сол сенсорларға жалғанды.

31 жастағы Коуплэнд көзі байланған күйі робот-қолының қай саусағына салмақ түскенін 84,3 пайыз дәлдікпен анықтай алады. Коуплэнд сондай-ақ робот-саусақтарымен жылуды сезінетінін және бұл жағдай оны бақытты ететінін айтады.

Гаунттың мақсаты – технологияны дамыту арқылы сал ауруы мен шолақтықтың «кемістік» болмауына қол жеткізу.


Джон Хопкинстың қолданбалы физика зертханасы осы жасанды аяқ-қол модулін жасады. Ол Питтсбургтегі тәжірибесін басшылыққа алды. Екеуінде де 100-ден астам сенсор бар.

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля