..."/>
ЗЕРТТЕУ

Шақалақтың шағын «әлемі»

Шала туған қозының 28 күн ішінде қозғалуға, көздерін ашып-жұмуға шамасы келеді.

Эрика Енгелаупт

Жақын болашақта ай-күні жетпей дүние­ге келген шақалақты ата-аналар аквариум ыдысында жатқан жерінен көріп бақылауы мүмкін. Мұндай жасанды «жатырдың» ішінде сәби ауамен дем алуға дайын болғанға дейін жатады. Оның іші жасанды сұйықтыққа толтырылады.

Әйелдің қалыпты жүктілігі 40 апта болса, 37 аптада туған нәресте шала туғандар қатарына жатқызылады. Жыл сайын жер бетінде шамамен 15 миллионға жуық бала шала туады екен. Бұл – дүниеге келетін сәбилердің 1/10 тең. Бүгінгідей техника мен технология дамыған заманда уақытынан 17-18 апта бұрын туған балалар арасында да адам қатарына қосылып кеткендері көп. Ондай балалардың салмағы жарты килограмм шамасында болады және олардың тірі қалу ықтималдығы 50 пайыздан төмен. Олардың шетінеп кетуінің ең басты себебі – өкпеcімен демала алмауында.

Сәуірде Филадельфиядағы балалар ауруханасының зерттеушілері Nature Communications журналында шала туған 8 қозыны жасанды «жатырға» салу арқылы сынақтан өткізгенін, қойды таңдаудағы себеп – өкпесінің адамдікіне өте ұқсас болатынын жариялаған. Онда әр қозының жүрегі жасанды кіндік арқылы соғып тұрған.

Зерттеу тобы қозылардың өкпесі мен басқа да ағзалары қойдың өз жатырында жатқандағыдай дамығанын, бүгінде шала туғандарды аман алып қалуға қолданылатын тәсілдердің айтарлықтай жетілгенін мәлімдеді. Сол қозылардың бірнешеуі дәл қазіргі уақытта салмақ қосса, біреуі тіпті тоқты болып үлгерген. Олардың өсіп-жетілуі қалыпты жағдайда жүріп жатқаны белгілі болды.

«Қозылар толық жетілген болып көрінеді, – деді зерттеу тобының басшысы Алан Флэк баспасөз мәслихаты кезінде.

Флэктің айтуынша, жасанды жатыр­дың мақсаты – балаларды толықтай анасынан бөлек өсіру емес. Зерттеушілер өкпесі дем алуға дайын, маңызды кезең – 28 аптадан бұрын туған сәбилердің тірі қалуына және денсаулығының жақсы қалыптасуына көмектесуді көздейді.


ЕБОЛАҒА АРНАЛҒАН СЫНАҚ

2014 жылы Ебола вирусы тарағаннан бері Батыс Африка­да 11 мыңнан астам адам көз жұмды. Нью Йорк­тегі Олбани университетінің биохимигі Мехмет Иігіт жұқпалы індет белгілерін санаулы сағатта анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Ол бойынша егер кіші дәрет қызыл түске боялса, ағзада инфекция бар, ал күлгін ­ түс – таза деген сөз. – Кэтрин Цукерман

ФОТОЛАР: NATURE COMMUNICATIONS (ҚОЗЫ); КАРЛО ДЕ ХЕСУС, ОЛБАНИ УНИВЕРСИТЕТІ (VIALS)

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля