..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қорыққаны ма, қуанғаны ма?

Нина Строчлик

Мысығыңыз сіз туралы не ойлайды екен? Бұл ой сізді көптен толғандыратын да шығар. Оның жауабын Behavioural Processes журналына шыққан мақаладан таба аласыз. Зерттеуде ересек мысықтар төрт стимул санаты бойынша сыналады: тамақ, ойыншық, иіс және адамдармен өзара қарым-қатынас. Мысықтардың көбі ойынды, тіпті тамақтан да жоғары қоя­тыны белгілі болып отыр.

«Мұндай зерттеулер 90 жылдары иттерге жасалса, бүгінге дейін мысықтарға жүргізілген емес, – дейді Орегон мемлекеттік университетінің қызметкері Кристин Витале Шреве, –біз осы олқылықтың орнын толтырып жатырмыз». Ол: «АҚШ-та мысықтар икемсіз және жатырқағыш деген стереотип қалыптасқан, бірақ олай емес, үйретуге болады», – дейді.

Мысық туралы біз басқа не білеміз? Мысалы, мына суреттегі марғау қорқып тұр ма, әлде ойынға құмартып тұр ма? (Жауап: Ол камера алдында ілініп тұрған ойыншыққа секіріп жатыр). Мысықтың эмоциясын анықтау айтарлықтай қиын: Италияда ветеринар ғалымдар жүргізген зерттеуде мысық иелері олардың күйзелгенін байқамайтынын анықтаған. «Иттің иелері олардың іс-қимылы арқылы көп нәрсені аңғара алады», – дейді автор Чиара Марити.

Ғалымдар мысық құпиясын табу үшін бел шеше кіріскен тәрізді. Өткен жылы Швед университеті мысық пен адамның байланысына арналған бес жылдық зерттеуін бастап кетті. Мақсат – адам сөзіне мысықтың қалай әрекет ететінін анықтау және «мияуды» түсінікті тілге айналдыру.


Мысық зерттеу ғылымы

Мінез: Journal of Comparative Psychology басылымы дерегінше, ит пен мысыққа бірдей берілген қиын тапсырманы шешуде иттер адамдардың көмегіне жүгінуге тырысатыны байқалса, мысықтар көп жағдайда мәселені өз бетінше­­ жасауға талпынатыны анықталған.

Таралуы: Француз ғалымдары 200 мысыққа ДНҚ зерттеуін жүргізіп, олардың әлемге әуелі Месопотамия ойпатынан шығып, кейіннен теңізшілер арқылы тарағанын дәлелдеді.

ФОТО: СЕТ КАСТИЛ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля