Майкл Грешко
Омыртқалылар теріден қылшыққа дейін түрлі таңғажайып реңк пен текстурадан «киім» киген. Ғалымдар бұл жабындының көбі бірдей анатомиялық құрылымнан пайда болғанын дәлелдеді.
Биологтар тері мен түк «плакод» деп аталатын құрылымнан бастау алатынын бұрыннан біледі. Алайда биологтар бауырымен жорғалаушылардан қабыршық шығарған, бірақ плакод ізі жоқ терінің де барын анықтаған. Оларда плакодтың болмауы ойландырады, өйткені құстар сүтқоректілерге қарағанда бауырымен жорғалаушыларға жақын. Құстар мен сүтқоректілерде плакодтар дербес дами ала ма, әлде бүгінгінің бауырымен жорғалаушылары оларды үстінен «лақтырып» тастады ма?
Женева университетінің биологі Мичел Милинкович Италиядағы жануарлар көрмесіне барып, сатылымда тұрған қабыршықсыз, жалаңаш сақалды агаманы көргенде, ойына соңғы нұсқа келді. Ол жалаңаш кесірткелер мен олардың қабыршықты туысқандарымен салыстырғанда, қабыршықты эмбриондардың терісін плакодқа ұқсас бүршіктер басқанын көрді. Алайда жалаңаш эмбриондар жылтыр күйінде қалды.
Милинкович 2016 жылы бүршіктердің расында 300 миллион жылдай бұрынғы бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің ортақ «ата-бабасындағы» құрылымның орнын басқан плакодтар екенін мәлімдеді. Плакодтар тіс пен балық қабыршығын құрайтын генмен жіті қайнасқандықтан, кей ғалымдар оны бастапқы омыртқалыларда дамыған деп есептейді. «Бұл – адам сенгісіз консерватизм», – дейді Гренобль Альпі университетінің биологі Даниелла Дюаилли.
Фотолар: Дэвид Литшхагер