..."/>
ЗЕРТТЕУ

Теңізден құрғақ шық

Сөйтсек, ол аса қиын емес екен. Осы айда Нью Йорктегі Таймс-скверде National Geographic қоғамының жаңа сынақ алаңы «Мұхит Одиссейі» ашылады. Онда келушілер өркешті киттерді, ақ акулалар мен жанкешті айқасқан гамбольдтық кальмар жұбын бетпе-бет тамашалай алады.

Сынақ алаңы National Geographic қоғамының биохимия мен биофлуоресценцияға және адамдар сирек көретін суасты құбылыстарына маманданған зерттеуші, мұхит биологі Дэвид Грубердің соңғы ғылыми жұмыстарына негізделген.

Интерактивті көрініс шынайы өмірге қарағанда жақсырақ. Оскар сыйлығының жеңімпазы атанған топ жобалаған ультра-жоғары сапалы фотоанимация, үш өлшемді панорамалық көріністен тұрады. Ондағы интерактивтік қабырғалар мен едендер келушілерге Тынық мұхитының астында жүргендей әсер етеді.

6 қазаннан бастап құрғақ күйде суға «сүңгіп» шығуға болады.


Таймс-сквердегі National Geographic қоғамының «Қарсы алыңыз, Мұхит Одиссейіне» барыңыз. Билет NatGeoEncounter.com сайтында сатылады.

Сурет: National Geographic қоғамының «қарсы алыңыз, мұхит одиссейі» сайтынан алынды.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля