«Сұлтан-епе жерасты мешіт-қорымы» Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жердегі сайда орналасқан. Сұлтан ата мешіті дәл қазіргі уақытта діни сәулет өнері ескерткіштерінің қатарына кіріп отыр.
Сайдың жоғарғы бөлігіндегі тастақ қабаттан ойып тұрып салынған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады. Бөлмелердің төбесінен жарық түсіру үшін ойықтар қалдырылған. Сол жердегі қорымда сырық ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың ортасындағысы Сұлтан-епенің зираты болып табылады.
Оның есімі ел ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі болған. Жергілікті тұрғындар су апаты кезінде және күн күркірегенде де осы адамның атын атайды.
Өлкедегі көптеген тарихи орындар 12 ғасырда өмір сүрген қазақ даласының ойшылы, ғұлама, поэзиядағы сопылық ілімнің насихатшысы Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты.
Мешіт 1993 жылдан бастап мемлекеттік қорғауға алынған.
Фото: Ерболат Шадрахов