Патрисия Эдмондс
Аждаһа комодо – кесірткелердің ішіндегі ең ірісі. Ол шамамен үш метр және 90 килограмға дейін өсе алады. Өткір тісті, бұлшықетті жыртқыш Varanus komodoensis бұғы, қабан және енеке секілді аңдармен қоректенеді.
Комодо қаншалықты сұсты көрінсе, оған төніп тұрған қауіп те соншалықты үлкен. Осы ірі кесіртке тіршілік ететін дүниедегі жалғыз мекен – Индонезияның жеті аралы. Адамдар аждаһаның мекен ортасын өртеп, ол қорек ететін жануарларды рұқсатсыз аулауда. Тіпті қорғаудағы Комода ұлттық саябағы аумағында, ресми мәліметтер бойынша, аждаһа комодоның саны 2013 жылы 3222 болса, 2016 жылы 3013-ке түскен.
Тұқымы көбеюі үшін аналық кесел не істеуі керек? Ол ескі әдет бойынша аталықпен қосылып, жұмыртқа тастау арқылы ұрпақ өрбіте алады не жұмыртқаларын аталықпен қосылмай-ақ туа береді. Мұндай жолмен ұрпақ өрбіту процесі «партеногенез» деп аталады.
2006 жылы Англиядағы Честер хайуанаттар бағында Флора есімді аналық кесел аталықсыз жұмыртқалар салған. Сынама нәтижесінде, жұмыртқалардан тек оның ДНҚ-сы ғана табылған. Бұл комодо аждаһасына тән партеногенездің алғашқы дәлелі болды», – дейді Честер хайуанаттар бағының сарапшысы Джерардо Гарсия.
Бұл қалай жүзеге асады? Адамдардағы еркек ағзада аталық та, аналық та жыныстық хромосомалар болады. Бұл құбылыс комодолардың аналықтарында кездеседі. Дәл сол сияқты Флораның ағзасында да эмбриондардың дамуына керекті генетикалық материалдар болған. «Осындай өзіндік ұрықтану нәтижесінде ұрпақ келді – бірақ бәрі – еркек. Жыныстық қатынаспен де, басқа жолмен де көбею олардың басты артықшылығы», – дейді Гарсия.
Varanus komodoensis
МЕКЕНДЕУ АЙМАҒЫ: Тропикалық ормандар мен Индонезияның жеті аралындағы жайылымдық жерлер
ҚОРҒАЛУ МӘРТЕБЕСІ: Халықаралық табиғи қорларды қорғау одағы санатында қауіп төніп тұрған түр.
БАСҚА ДЕРЕКТЕР: Бұл хайуан 3,8 млн. жыл бұрын пайда болуы мүмкін.
БҰЛ КОМОДОНЫ ХЬЮСТОН ЗООБАҒЫНДА ДЖОЭЛ САРТОР ТҮСІРГЕН.