«Өзбекстан шөлдерін жын-шайтан мекендейді және олар жолаушыларды бағытынан жаңылдырып, азық-түліктерін ұрлайды» деген қауесет бар.
«National Geographic» журналисі Пол Салопек Орта Азияда ежелгі «Жібек жолының» ізімен жаяу жүре отырып бұл деректі тексеріп көрді. Бір күні түнде Қызылқұмның кең шөлінде шайдай ашық аспан астында Салопек пен оның серіктері қызық жайтқа тап болды: олар келгенге дейін су толтырып көмілген бөшкелер бос боп шықты.
«Абырой болғанда, спутниктік телефон арқылы сөйлесіп отырдық. Сондықтан да мен ежелгі дәуірде Қызылқұмды кесіп өтуге талпынып, бірақ дегендеріне жете алмаған жолаушылардың тағдырын қайталамақ емеспін, – дейді Салопек, – ал жындарға келер болсақ, «импульс» деп аталатын мұндай рухтар, жақсы болсын, жаман болсын, әрқайсысымыздың бойымызда бар деп ойлаймын».
Салопек Африкадан Оңтүстік Америкаға дейін жеткен адамзат ізімен сапар шегуде. Жоба «Жұмақтан шыққан жол» деп аталады. 2016 жылы ол Қазақстан мен Өзбекстан аумағын төрт жарым айда кесіп өтті. Сапар барысында ол Ұлы «Жібек жолының» қайта түлеуіне куә болды. Оның аясында Азия, Еуропа, Африка және Таяу Шығысты қосатын инфрақұрылым желісі салынуда.
Нина Строчлик
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa