Биылғы қыс таза ауамен тыныстап, табиғат аясында серуендеуді ұнататын астаналықтар мен қала қонақтары үшін тосынсыйға толы болды. Биыл жаңа жыл қарсаңында Астанада жылдағыдай 3 мұз қалашығынан бөлек, ашық аспан астында ондаған мұз алаңқайлары есігін айқара ашты. Одан бөлек ЭКСПО аумағында Астана қаласындағы ең үлкен мұз айдыны іске қосылды. Жалпы аумағы 4 000 шаршы метрді құрайтын мұз айдыны бір мезетте 700-ге дейін адамды қабылдай алады. Ал ең қызығы тұрғындардың Астананы қақ жарып өтетін Есіл өзінің үстімен шанаға жегілген Солтүстік бұғыларының жүйткіп бара жатқандарын көруі болды.
Бұған дейін тек Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ғана кісі тасып келген бұғылар биыл Астана ішіндегі Есілдің бойына жайғасты. «Солтүстік бұғылары алдына салынған кез келген жем-шөпті жей бермейді. Негізгі қорегі қайың жапырағы және жабайы жидек болғандықтан оларды асырау көп күш-жігерді, мол қаржыны талап етеді, – дейді бұғылардың иесі Ренат Дүйсембинов. – Суықты жақсы көретін жануарлар ауа температурасы -10 градусқа жоғарыласа болды, тынысы тарылып қиналатындықтан, жазды күндері кондиционер орнатылған қораға қамалады».
Орташа салмағы 130-140 кг, денесінің ұзындығы 220 сантиметрге дейін жететін бұл бұғылар Қазақстанға осыдан бес жыл бұрын Ресейдің Ямал-Ненец Автономды округына қарасты Салехард қаласы маңынан әкелініпті.
Солтүстік бұғыларын жақыннан көріп, шанамен серуендегіңіз келсе, наурыз айының соңына дейін Есіл өзенінің жағалауына баруға асығыңыз.
Фото: Ерболат Шадрахов
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa