..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ғалым болсаң, әділ бол

Майами университетінің қоршаған орта антропологі Кенни Броуд Багам аралдарындағы үңгірді зерттеу үстінде.

Зерттеушілер көп айта бермейтін бір нәрсе бар. Біз қандай да бір жаңалық ашып, табиғат пен климат өзгерісін саралап, я болмаса физиологиялық қабілетімізді бағалау барысында өзіміздің шексіз әуесқойлығымызға ие бола алмай қалатын жағдайлар кездеседі.

Шындық мынау: Кейбір генетикалық кемістік адамды ыңғайсыз нәрселер істеуге итермелейді. Колониялық дәуір кезінде менмендігі басым саяхатшылар «алтын мен атақ» жолында нәпсісін тыя алмай қалды. Соның салдарынан керісінше қоршаған ортаға орасан зор зиян келді.

Желтоқсанда мен Багам аралдары үкіметі мен жергілікті ұйымдар қолдаған National Geographic қоғамының экспедициясына қатыстым. Біздің мақсатымыз – әлемдегі бірегей экожүйе саналатын және «көгілдір ойық» деп аталатын суасты үңгірлерінің картасын жасау болатын. Үңгірде бұрынғы тұрғындардың  тас­қа айналған қалдықтары табылды әрі ондағы геологиялық ерекшелік жүз мыңдаған жыл бұрынғы климатты қайта құрастыруға мүмкіндік бермек. Оның үстіне, мұнда біздің ең қымбат қазынамыз – тұщы су бар. Жер астында заманауи виртуалды шындық модельдері үшін жабдықтардың көмегімен үңгір ерекшеліктерін суретке түсіріп, оларды зерттеп шықтық. Сүңгушілер су астында болған кезде мектеп оқушылары оларды радиолокаторлар арқылы бақылап, су астын «зерттеп», қалдықтар мен тірі жәндіктерді ұстап, медициналық өсімдіктердің үлгісін алып отырды.

Экспедицияның мақсаты – ең терең нүктеге түсіп, бұрын ешкім болмаған жерлерге жету. Әйтсе де, зерттеудің мақсаты – балалармен жұмыс істеу. Жаңа технологияны пайдаланған, жергілікті тұрғындар арқылы көп жаңалық ашуға болады.

Авторы: Кэнни Броуд, фото: Джил Гейнерц


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля