..."/>
ЗЕРТТЕУ

Қауіп төнген кәсіптер

Раджешвар Халдер, мақта кәмпитін сатушы, Батыс Бангладеште оны «бюрир-шул-валла» деп те атайды. Оның апталық табысы 15 АҚШ доллары шамасында.

Жылан арбаушы. Тоқымашы. Сыпырт­қы жасаушы. Үндістандағы дәстүрлі кәсіп түрлері хош иістер мен қанық түстерге толы елдің өзіндей әрқилы және өзгеше. Мұндай кәсіп алуандығын фотограф Супранав Даш «Жоғалып жатқан мамандықтар» (Marginal Trades) деп аталатын суреттер серия­сында паш етеді. Ол кейіпкерлерін Батыс Бенгал және Уттар Прадеш штаттарында жұмыс үстінде түсірген.

Даштың суреттеріндегі – мәмпәси жасау, сондай-ақ сиыр қиынан отын алу кәсіптері жойылып барады. Ұзақ уақыттан бері Үндістандағы касталық жүйе көп адамға белгілі бір мамандықты меншіктеп берген еді. Бірақ қазір қоғамда касталық дискриминацияға тыйым салынған. Даш көптеген жастың каста салған шектеулерді елемейтінін байқап жүр. «Олар бұған назар аудармайтындай көрінеді», – дейді Калькуттада өскен Даш.

Кәсіптері ақсай бастаған жұмысшылар, әсіресе қолөнершілер, экономикалық және мәдени күштердің ықпалында. «Қолөнер мен дәстүрлі кәсіп иелері үшін басты қауіп – технология», – дейді үнді экономисі Шиям Сундар. Бір кездері қолдан жасалатын тостағандар қазір өндірісте автоматтандырылған. Зергерлер фабрикаларға бәсекелес бола алмайды.

«Қолөнершілер ата кәсіптің балалары жалғастырмай, өздерімен бірге өлетініне қынжылады», – дейді ол.

Авторы: Даниэль Стоун, фото: Супранав Даш


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля