Спутниктен түсірілген суретке қарағанда Жер жай ғана шар болып көрінсе, ал заманауи технологияның көмегімен жер бедерін одан да анық көруге мүмкіндік бар. LIDAR, яғни «жарықты табу мен өлшеу» деп аталатын құрылғы ұшақ, тікұшақ немесе дроннан лазерлі толқындар жіберу арқылы жұмыс істейді.
Бұдан бұрын LIDAR-дың ең жоғарғы фоторезолюция мүмкіндігі 1 м² шамамен 50 нүктеден келетін. Бірақ Нью Йорк университетінің ғалымдары 1 м² 335 нүктеге дейін жететін, әсіресе қалалық жерлерді бұрынғыдан да анық, айқын көруге мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапқан.
Әдеттегі ғарыштан түсірілген суреттің немесе миниатюралық масштабтағы модельдердің кемшілігі көп. LIDAR тек сурет қана емес, қозғалыстағы қаланың геометриялық көрінісін жоғары сапада да бере алады. Тротуардағы жаңбыр суының қалай ағатынына дейін көрсетеді.
«Айталық, сіз жақын маңда қай жерде астма концентрациясы жоғары екенін білгіңіз келеді делік, – дейді Нью Йорк университетінің қала информатикасы профессоры Дебра Лифер, – сіз осы құрылғы арқылы көлік кептеліп, ауа ластанған аймақты тез анықтап, ол жерді айналып өтіп кете аласыз.
LIDAR құрылғысын қауіпсіздік не медицина мақсатында ұшырылған тікұшақтарға да орнатуға болады.
Зерттеушілер Дублин қаласының орталығын бақылап отыр.
Оның пайдасы ұшан-теңіз
БІРТҰТАСТЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жер астынан өтетін метро мен кәріз желілері ғимараттарға залал келтіруі мүмкін. Ал құрылғы қазу жұмысы кезінде ғимараттың осал жерін анықтауға көмектеседі.
ҚАЛАНЫ ЖОСПАРЛАУ
Көлеңке қайда түседі? Жаяу жүргінші үшін көшеде ауа жеткілікті ме? Қай жерден сел жүруі мүмкін? Жобалаушылар үшін қала тынысы, өмірі туралы жан-жақты геометриялық ақпарат тиімді болмақ.
МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІК
Биік жиектастар немесе мейрамхана ішінің тарлығы мүгедектерге қолайсыз болуы мүмкін. Алайда ыңғайлы әпликейшн бұл проблеманы оңай шеше алады.
АҒАШ КЕСУ
Қаладағы ағаштардың картасы арқылы олардың қайсысы электр желілеріне кедергі келтіретінін, сынған ағаштар қай үйге немесе көліктің үстіне құлауы мүмкін екенін анықтауға болады.
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Google Earth (мысалы, Дублин сол жақта) жоғарыдан түсірілген суреттер жер бетін жақындатып көру үшін қолданылады. LIDAR кеңістіктегі нақты мәліметтерді береді.
Авторы: Даниэль Стоун
LIDAR ТҮСІРІЛІМІ (ТҮРЛІ-ТҮСТІ): БРИТНИ О НЕЙЛЛ ЖӘНЕ ДЕБРА ЛАЕФЕР, CLOUDCOMPARE, EUROPEANRESEARCH COUNCIL. ДЕРЕККӨЗ: SCRIPPS INSTITUTION OF OCEANOGRAPHY; NOAA; АҚШ ТЕҢІЗ ФЛОТЫ; NGA; GEBCO.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa