..."/>
КӨЗТАРТАР

Көзтартар

Микронезия. Инфрақызылмен берілген суретте — Тынық мұхитындағы Пингелап атоллы көрсетілген. «Түсі жоқ мекен» деген атпен белгілі бұл арал тұрғындарының 10 пайызында акроматопсия геномы бар делінеді, яғни олар мүлде түс ажырата алмайтын дертке шалдыққан. XVIII ғасырда болған тайфундардың бірінде халықтың басым бөлігі қырылған. «Тірі қалған бір тұрғын аралға қайта жан бітіріпті»-мыс.

ФОТО: САННЕ ДЕ УИЛДЕ, NOOR

Қазақстан. Солтүстік бұғысы. Астананы қақ жарып өтетін Есіл өзінің үстімен шанаға жегілген бұғылар жеңіл жүйткіп барады. Олардың орташа салмағы – 130-140 кг, денесінің ұзындығы 220 сантиметрге дейін жетеді. Суықты жақсы көретін жануарлар ауа температурасы -10 градусқа жоғарыласа, тынысы тарылып қиналатындықтан, жазды күндері кондиционер орнатылған қораға қамалады.

ФОТО: NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля