Омар аулаумен аты шыққан ауылды суретке түсіру үшін Траңға ұзақ сапар шегуге тура келді. Ол Хошиминнен шығыстағы Хонйен аралына арнайы келеді. Жаздың бір кешінде дронын ұшырған саяхатшымыз мониторының бір бұрышынан хамса балығының соңына түскен қайықты байқап қалады. Балықшылар ауларын суға лақтырғанда қайық қозғалып, тірі мақұлықтай толқынмен тербеле бастайды. Траң дронын қайыққа бұрып, бес мәрте суретке түсіріп үлгереді. «Бұл теңіз бетінде құлпырған гүлдің көрінісі іспетті», – дейді ол.
КІМ?
Телекоммуникация инженері, 2016 жылдан бері әуесқой фотограф
ҚАЙДА?
Хонйен, Вьетнамның шығыс жағалауындағы шағын арал
НЕ?
Phantom 4 Pro дрон аппараты
Журналымыздың «Сіздің суретіңіз» қауымдастығына қосылып, өз фотоңызбен бөлісіңіз: YourShot.ngm.com