Кофеқұмарлар, қуана беріңіздер! Соңғы зерттеулер бойынша, құрамында кофеин болсын-болмасын күніне екі немесе үш саптыаяқ кофе ішетіндердің оны ішпейтіндерге қарағанда созылмалы ауруларға сирек шалдығатыны анықталды.
Бұл – Еуропаның 10 елінде 500 мың адамның қатысуымен 16 жыл бойы жүргізілген зерттеудің нәтижесі. «Кофені жиі ішетіндердің бауыры мен жүрек-қан тамырлары әлдеқайда тазарақ әрі ағзадағы қабыну белгілері сирек кездеседі, – дейді зерттеуші Марк Гюнтер. – Аталмыш сусын ас қорыту жүйесі ауруларымен қоса, өзге де себептерден қайтыс болу қаупін төмендетеді».
Марк Гюнтер Франциядағы Қатерлі ісікті зерттеу халықаралық агенттігінің тамақтану және зат алмасу бөлімін басқарады.
Бұған дейін де ғылыми ортада кофе ішудің пайдасы арагідік айтылып қалатын, ал Гюнтердің мына мәлімдемесі айды аспанға бір-ақ шығарып, бұлтартпас дәлелге айналды. Ол енді сусынды пайдалы етіп тұрған не нәрсе екенін түсіну үшін кофенің химиялық құрамын сараптап көрмек.
Оның қорытындысына бүкіл әлем көз тігіп отыр десек те болады. Енді жаппай кофе ішіп кетпесек болғаны.
Авторы: Кэтрин Цукерман, фото: Ребекка Хейл, NGM Қызметкері
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa