Машина сізге жаңа мұрын немесе бүйрек жасап беріп жатса, қайтер едіңіз? Ғалымдар адамның дене мүшелерінің көшірмелерін жасап шығару үшін арнайы 3D принтерлерді тәжірибеден өткізуге кірісті.
«Биопринтер» аталатын бұл машиналар адам жасушаларын «сия» ретінде қолданады. Әдеттегі 3D принтерлер көлік бөлшектерін, болмаса ұсақ-түйек заттарды басып шығу үшін пластиктерді пайдаланса, биопринтердің жасушадан тұратын талшықтары үш өлшемді тіндер мен дене мүшелерін жасайды.
Құлақ басып шығару үшін принтерге полимерге ұқсас майда тесікті, иілгіш гидрогель сүлде орнатылады. Уақыт өте келе оған құлақ пішініне айнала кететін тері және шеміршек жасушалары жабылады. Нәтижесінде, гидрогель биоыдырауға ұшырайды. Арада алты ай өткеннен кейін құлақ толығымен адам жасушаларынан құралады. «Біз науқастың өз жасушасын қолданамыз, – дейді Уэйк Форест университеті жанындағы Регенеративті медицина институтының директоры Антони Атала. – Ондай мүше адам денесін жатсынбайды».
Өз зертханаларында олар қабыршық, қан тамыры және өзге де дене мүшелерін өсіріп барып науқастардың ағзасына орналастырған. Қазір олар 3D биопринтерлерден басылып шыққан дене мүшелерін импланттауды жоспарлап отыр:
– Барлық мүшені жасауға бола ма сонда?
– Иә, тіпті, адам жүрегін де.
– Ми туралы не дейсіз?
– Ол енді – болашақтың еншісінде.
Авторы: Эрика Энгельхаупт